Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан қоғамындағы кедей таптардың әлеуметтік портреті

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  4,269 Слов (18 Страниц)  •  1,005 Просмотры

Страница 1 из 18

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

СӨЖ

Пәні: Әлеуметтану

Тақырыбы: «Қазақстан қоғамындағы кедей таптардың әлеуметтік портреті» ( топтық жұмыс)

Орындағандар:  Абдулла Айтұмар

                             Асқар Алуа

                             Арыстан Әсема

                             Артықбаева Үмітай

                             Әбділәшім Ардақ

 Тексерген:  Садырова Мансия Сапарғалиевна

Алматы 2020ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

(Реферат)

«Қазақстан қоғамындағы кедей таптардың әлеуметтік портреті»

Орындағандар:  Абдулла Айтұмар

                             Асқар Алуа

                             Арыстан Әсема

                             Артықбаева Үмітай

                             Әбділәшім Ардақ  

 Тексерген:  Садырова Мансия Сапарғалиевна    

МАЗМҰНЫ

I КІРІСПЕ        4

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ        5

1.1.        Қазақстандағы кедей таптардың әлеуметтік портреті        6

1.2.        Әлем елдерінің кедей таптарының әлеуметтік портреті        11

III ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ        16

IV ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР        19


I КІРІСПЕ

     Тақырыптың өзектілігі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік топтар. Әлеуметтік құрылым - [лат. structura - құрылым] - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы.

     Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады. Әлеуметтік құрылым ұғымы "таптық қүрылым" ұғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтарға, жіктерге бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік жіктелу теориясы қарастырады [1].

     Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі.      Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда “әлеуметтік құрылым” ұғымы “әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. “Әлеуметтік құрылым” түсінігі “әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. “Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады [2].

     Әлеуметтік топ. Әлеуметтік топ - кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы. Әлеуметтік топ-қоғам дамуының белгілі бір сатысында нақты тарихи жағдайда қалыптасқан, ортақ құндылықтардың, ғұрыптардың, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізінде қалыптасатын тұрақты адамдар тобы.

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

      Кедей тап туралы жалпы түсінік.

     Абсолютті және салыстырмалы кедейшілік ұғымдары арасында айырмашылық жүргізу кеңінен мойындалған.

...

Скачать:   txt (56 Kb)   pdf (298.9 Kb)   docx (94.5 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club