Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам өз құқықтарын не үшін білуі керек?

Автор:   •  Октябрь 2, 2025  •  Эссе  •  1,014 Слов (5 Страниц)  •  43 Просмотры

Страница 1 из 5

Эссе

(Аргументтік эссе)

Адам өз құқықтарын не үшін білу керек?

Адамның өз құқықтарын білуі – қазіргі қоғамда толыққанды өмір сүрудің және өзінің жеке басын қорғаудың негізгі шарттарының бірі. Құқықтық сауаттылық жеке адамның өмір сапасын жақсартып қана қоймай, қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Қазіргі заманғы қоғамның негізі – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Адамзат тарихында көптеген күрестер мен заңнамалық өзгерістер жеке адамның құқықтары мен еркіндігін мойындау үшін жасалды. Дегенмен, егерде қоғам мүшелері өз құқықтарын білмесе, кез-келген құқықтық жүйе өздігінен тиімді жұмыс істей алмайды. Яғни, құқықтық жүйе тек азаматтар өз құқықтарын толыққанды білген жағдайда ғана тиімді жұмыс істейді. Құқықтық сауаттылық – жеке адамның өмір сапасын жақсартатын, өз мүддесін қорғауға бағытталған, қоғамдағы әділеттілікті нығайтатын және келер күннің  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Дәлел ретінде құқықтық сауаттылықтың әлеуметтік, заңды және болашақтағы маңыздылығын қарастырсақ.

Ең алдымен, құқықтық сауаттылық – әлеуметтік қорғаныс деп білемін. Адам өз құқықтарын білмеген жағдайда, ол көптеген өмірлік қиындықтарға тап болуы мүмкін. Еңбек, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек немесе жеке бас қауіпсіздігіне қатысты мәселелерде құқықтық сауаттылық – адамның әділетсіздіктен қорғануының негізгі құралы. Мысалы, Қазақстанда еңбек құқықтарын қорғау үшін арнайы заңдар қабылданғанымен, көптеген жұмысшылар өз құқықтарын білмегендіктен, заңсыз әрекеттердің құрбаны болады. Жұмыс берушілердің еңбекақыны уақытында төлемеуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі немесе заңсыз жұмыстан шығару сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Егер жұмысшылар еңбек кодексіндегі өз құқықтарын жақсы білсе, олар әділетсіздікті болдырмауға тырысып, заңды шара қолдана алады. Сонымен қатар, әлеуметтік салада да құқықтарды білмеу салдары ауыр болуы мүмкін. Зейнетақы, жәрдемақы немесе тұрғын үй алуға байланысты құқықтардан бейхабар азаматтар мемлекеттік көмек алу мүмкіндігінен айырылады. Қазақстанда зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік төлемдер жөнінде ақпараттандыру жеткілікті деңгейде болмағандықтан, әсіресе ауыл тұрғындары құқықтық білімсіздікке жиі ұшырайды.

Қазіргі таңдағы қоғамдағы тағы бір маңызды мәселе ол – тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі. Бұл да құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын көрсетеді. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар көбінесе өз құқықтарын білмегендіктен немесе қайда жүгінетінін түсінбегендіктен, әділетсіздікке ұшырайды. Қазақстанда бұл мәселені шешу үшін арнайы заңдар қабылданып, жедел желі орталықтары ашылғанымен, олардың жұмысы тиімді болу үшін азаматтар құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру қажет деген ойдамын.

Адам құқықтарын білмеген жағдайда, ол тек әлеуметтік мәселелерге ғана емес, заңды мәселелерге де тап болуы мүмкін. Құқықтық сауатсыздықтың салдарынан адамдар өздерінің заңды мүдделерін қорғай алмай, өмірде көптеген қиыншылықтарға тап болады. Әсіресе, құқықтық білімнің жоқтығы күнделікті өмірде әділетсіздікті, заңсыздықты, тіпті адамның құқығын шектеу жағдайларын туындатады. Құқықтық сауаттылық азаматтарға әділетсіздікпен күресуге және құқықтық жүйенің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Сот және құқық қорғау жүйесіне жүгінген адамдардың көпшілігі өз құқықтарын білмегендіктен, заңды әділ шешімге жете алмайды. Мысалы, азаматтық істерде, ажырасу кезінде немесе мүлікті бөлісу мәселелерінде заңды тұрғыдан сауатты адамдар ғана өз мүдделерін қорғай алады. Құқықтық сауаттылық – тек заңгерлерге ғана емес, әрбір азаматқа қажет дағды.

Құқықтық білімнің тағы бір маңызды қыры – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көрінеді. Құқықтық сауаттылықтың төмендігі сыбайлас жемқорлықтың кең таралуына ықпал етуі мүмкін, өйткені азаматтар өз құқықтарын білмеген жағдайда заңсыздықтарға қарсы тұруда әлсіз болып қалады. Мысалы, парақорлықпен күресу үшін азаматтар пара беру немесе алудың заңсыз екенін және оған қарсы қандай шаралар қолданылатынын білуі қажет. Сыбайлас жемқорлықтың себебі тек заңды бұзушылықта ғана емес, сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылық деңгейінің төмендігінде жатыр. Егер азаматтар өз құқықтарын жақсы білсе және мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы тұра алса, қоғамдағы заңсыздықтар азаяр еді. 

...

Скачать:   txt (15.3 Kb)   pdf (95.6 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club