Сальмонеллез
Автор: Ayanar • Декабрь 21, 2023 • Курсовая работа • 6,129 Слов (25 Страниц) • 137 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті[pic 1]
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты
«Ветеринарлық медицина және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі
6В09100 – Ветеринария мамандығы бойынша
«Жануарлар патологиясы» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:«Сальмонеллез»
Орындаған: ВТ - 33 тобының студенті Илекова А. М.
Тексерген: РһD, доцент Монтаева Н. С.
ОРАЛ 2022 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 4 | |
ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ | 5 | |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ | 7 | |
1 | Сальмонеллез ауруы кезіндегі пато-анатомиялық жарып сою мәжіліс хаты | 7 |
2 | Сальмонеллез ауруының сипаттамасы мен мағынасы | 13 |
3 | Сальмонеллез ауруының этиологиясы | 14 |
4 | Сальмонеллез ауруының патогенезі | 17 |
5 | Сальмонеллез ауруына клиникалық және анатомиялық сипаттама | 18 |
6 | Сальмонеллез кезінде диагноздеу жағдайды талдау | 21 |
7 | Ұқсас аурулардан дефференциалды диагноздеу | 23 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 26 | |
ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ | 27 |
КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсіздік алып, аяғына нық тұрғанына отыз жылдан асса да көптеген салалары әлі де дамуды қажет етеді. Атам қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысып, төрт түлік жануарды бес саусағында меңгерген. Төрт түлік жануарды ішсе сүт, мінсе ат, жексе көлік, жесе ет ретінде пайдаға асыра білді. Осындай жан – жақты қажетті мал шаруашылық саласы өз дамуында ауыл шаруашылық саласында қатар алып жүруді қажет етеді. Себебі қазіргі таңда елімізде мал шаруашылығымен ауылшаруашылығына деген сұраныс күннен күнге арту үстінде. Бұл тек жеке бас қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар мемлекет қолдауымен үлкен бизнеске әкеліп отырған қаражат көзі десек те болады. Ал бұл өз кезегінде мал шаруашылығын, төрт – түлік жануар, құс және ауылшаруашылық өнімдерін алуды дамыта отырып, шикізат көзі болып табылатын жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Осы мақсатта ауылшаруашылық жануарларын өсіру ветеринария ғылымы мен практикасына жануарлардың ауруларын диагностикалауды, алдын алу мен емдеудің әдістері мен құралдарын жетілдіруге байланысты көптеген мәселелердің алдын алуға мүмкіндік берді. Мысалы, жаңа туылған бұзаулар мен торайларда асқазан-ішек жолдарының бұзылуы 90% жағдайда сальмонеллалардың патогендік штамдарынан болады. Жұқпалы ауруларға арналған терапия - эпизоотияға қарсы шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады.
Жануарлар патологиясының негізгі міндеті - аурудың этиологиясын жою және жануардың өнімділігін қалпына келтіру. Емдеудің сәттілігі уақтылы диагноз қоюға, дәрі-дәрмектерді дұрыс таңдауға, оларды қолдану әдістері мен уақытына байланысты. Ол үшін дәрілік заттардың ағзаға әсер ету механизмін білу керек, жануарлардың жағдайларын ескеру қажет. Жануарларды емдеуде кешенді және спецификалық емес терапевтік құралдарды қолдану қажет. Арнайы терапия құралдарына, ең алдымен, антибиотиктер жатады. Антибиотикті таңдағанда оның әсер ету спектрін, тіндерге ену қабілетін, ағзадағы таралу және одан бөліну ерекшелігін, сондай-ақ патологиялық процестен зардап шеккен органдар мен тіндерге және ауру қоздырғышының локализацияланған жерлеріне ену мүмкіндігін ескеру қажет. Асқазан-ішек аурулары кезінде ауылшаруашылық жануарларының жас жануарларын кешенді емдеуде кең спектрлі антибиотиктерді қолданған дұрыс. Антибиотиктерді ұзақ уақыт қолданған кезде емдеу режиміне пробиотиктерді қосу керек. Сальмонелла антигендеріне антиденелердің болуына байланысты уытты спецификалық сарысуларды қолдану мал фермаларында жүргізілетін іс-шаралардың емдік тиімділігін арттырады.
...