Отчет по производственной практике в «Барыс 2007»
Автор: Dinmukhamed788 • Апрель 3, 2021 • Отчет по практике • 2,681 Слов (11 Страниц) • 468 Просмотры
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті
Инженерлік және технологиялар факультеті
ЕСЕП
Нурайым Аружан іс-тәжірбие бойынша 4-курс студенті
5В072800 «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті
18.01.2021ж - 26.03.2021ж. аралығында
Студент | __________ Қолы | Нурайым Аружан | |
Өндіріс бойынша іс-тәжірбие жетекшісі | __________ Қолы | Лариса Петровна | |
Өндіріс бойынша іс-тәжірбие әдіскері | __________ Қолы | ||
Өндіріс бойынша іс-тәжірбие мұғалімі | ____________ Қолы | Кошубаева Ж.С. |
Өскемен 2021 ж
Мазмұны
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
Жүргізілген іс-тәжірбиенің мақсаты мен незізгі міндеттері.
Өндірістегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. «Барыс 2007» ЖШС мекемесі жайлы мәлімет
1.2. Іс-тәжірбие барысында жүргізілген жұмыстар.
1.3. Бидай сапасының пісіру қасиеттеріне әсері
1.4. Макарон өнімдерін өндіру үшін қазіргі технологиялар мен
жабдықтарды талдау
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Жүргізілген іс-тәжірибенің мақсаты: Іс-тәжірибеден өтуші студенттің болашақ мамандығын игерудегі қадамын жетілдіру, біліктілігін шыңдау, студентің өзіндік ойлау критерийлерін арттыру, болашақ мамандығының қыр-сырларымен танысу. Сонымен қатар, астық өнімдерін, макарон түрлерін технологиялық өндірудегі, өндірістегі гигиена және шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау үшін сараптаушы, ұйымдастырушы-басқарушы және ғылыми бағыттағы мамандарды дайындау. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсерін тигізіп, тұтынушыларға тек сапалы өнімнен жасалған өнімдер сатуға мүмкіндік береді.
Жүргізілген іс-тәжірибенің негізгі міндеттері:
«Барыс 2007» Мадина макарон фабрикасының макарондарын тани келе өнімдерді өңдеу өндірісі кезіндегі ең маңыздысы сақтау мен дұрыс өңдеу болғандықтан, осы үрдістердің дұрыс жүруін, әр үрдістен кейін қандай өзгеріске ұшырауын және де қасиетін анықтау болып табылады..
Жүргізілген іс-тәжірибенің нәтижесінде студент білу керек:
- Студент әр түрлі өнімдердің өндірудегі негізгі технологиясын және гигиенасын білу керек;
- Студент әр түрлі өнімдердің өңдеу тәсілдері және әдістерін жақсы білу керек;
- Студент әр түрлі өнімдердің стандартизациясы және ветеринариялық-санитариялық сараптау ережесі мен әдістемесін білуі қажет;
Өндіріс орындарындағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері.
1. Студенттер практикалық және зертханалық сабақтарға тек арнайы формамен ( ақ халат және бетперде) келуі керек.
2. Өндіріс орындарында темекі шегуге,алкогольды сусындар ішуге, тамақты, суды зертханалық аспаптармен ішуге, химиялық заттардың дәмін татып көруге қатаң тиым салынады.
4.Лабараториялық және т.б. бөлімдерде құрылғылар мен ажыратқыштарды мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға және сөндіруге болмайды. Машиналарды, ток коздерін қосу алдында жақында тұрған адамдарға хабарлау керек.
...