Ешкі тұқымдары. Сүтті ешкі тұқымдары. Етті ешкі тұқымдары
Автор: gulbagdat22 • Март 26, 2020 • Реферат • 832 Слов (4 Страниц) • 1,053 Просмотры
Ешкі тұқымдары. Сүтті ешкі тұқымдары. Етті ешкі тұқымдары
Сүтті бағыттағы ешкі тұқымдарын сипаттау.
Әлемде өндірілетін сүттің шамамен 2% ешкі сүтінің үлесіне тиеді, ал кейбір мемлекеттерде бұл өнімнің үлесі өте жоғары. Мысалы, Грекияда өндірілетін ірімшіктің 85%, йогурт пен іркітті ірімшіктің 65% дайындауда қой және ешкі сүттері пайдаланылады.
Сүтті ешкі шаруашылығы ауа райы және азықтандыру жағдайы жақсы аймақтарда - Еуропа мемлекеттерінде кеңінен тараған, ал ең жоғары өнімді заанен (4 сурет) және тоггенбург (5 сурет) тұқымдарының ешкілері болып отыр.
Заанен тұқымы. Швейцарияныңтеңізден1000мбиіктіктеорналасқанзаанен (зааненталь) таулы аймағының атымен аталады. Бұл тұқымның ешкілері орасан төлдегіштігімен, жетілгіштігімен және сүт өнімділігімен ерекшеленеді. 100 аналықтан 180-250 лақ алынады, сауын маусымы 10-11 ай, ал қысыр ешкілер жыл бойына сауылады. Бір бастан сауын маусымында орташа шамамен 600-700 кг, кейбір ешкілерден 1000 кг-нан астам сүт сауылады. Сүттің майлылығы - орташа шамамен 3,8-4,5%. Орташа тірі салмағы ешкілердікі 50-60 кг, ең жоғарғы көрсеткіш - 90 кг, текелердікі 70-80 кг және 100 кг-ға дейін.
Швейцарияда заанен тұқымынан сауын маусымында 753 кг, тоггенбург тұқымынан 685 кг сүт өндіріледі, ал басқа сүтті ешкі тұқымдарынан сәл аздау алынады: апенцельден - 624 кг, верзасскден - 447 кг, валлизардан- 656 кг.
Зерттелген үш сүтті ешкі тұқымдарының (заанен, тоггенбург, таулық түрлі түсті) ішінде қоршаған ортаның температуралық жағдайындағы өзгерістеріне (+200; -50; +400) және теңіз деңгейіндегі биіктігіне (400 м) салыстырмалы ең жақсы бейімділігімен тоггенбург тұқымы ерекшеленген еді.
Жергілікті ешкілерді Швейцариядан әкелінген заанен және тоггенбург тұқымдарының текелерімен шағылыстыру негізінде сүтті ешкілердің нидерландық, ақ болгарлық, альп француздық, немістік тоггенбург жаңа тұқымдарымен тұқымдық топтары шығарылды, сондай-ақ Үндістанда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және Филиппинде солармен жақсартылған будан ешкілердің топтары құрылды.
АҚШ-та ешкі сүті негізінен альп, заанен, тоггенбург, нубий, ламанча тұқымдарынан өндіріледі, ал олардың орташа сүттілігі, тиісінше - 960,3; 977,3; 934,9; 768,8 және 924,8 кг, сүттерінің майлылығы - 3,51; 3,52; 3,49;
3,82 және 3,67%. Олардың саулықтарының орташа тірілей салмағы 59 кг шамасында. Барлық осы тұқымдар бойынша сүттілігінің ең жоғары мөлшері жасы 31-39 ай шамасындағы ешкілерге тән болған, ал олардың өнімділік деңгейі 16,17-24, 25-30 ай және 40 айдан асқан жастағы ешкілерден, тиісінше, 251,8; 84,0; 37,7 және 2,5 кг жоғары болған.
Кеңес Одағы мемлекеттерінде, әсіресе Орталық Азия республикаларында, сүтті ешкі шаруашылығын дамытуға онша көңіл бөлінбеді. Бұл бағыттағы ешкі шаруашылығы Грузия мемлекетінде, ал нарықтық экономика жағдайында Ресей мен Украинада жақсы деңгейде өркендеп келеді.
Ресейге заанен ешкілерін Швейцариядан 1907-1913 жылдары арасында 3 рет әкелу арқасында жергілікті ешкі тұқымының сүттілігін көбейтуге мүмкіншілік жасалды, ал соңғы рет, 1983 жылы, бұл тұқымның текелері ГДР- дан әкелініп, соның арқасында осы типті ешкілер көрші орналасқан мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да, тарала бастады.
Орыстың жергілікті сүтті ешкілері. Олар Ресейдің Москва, Ленинград, Горький, Смоленск, Калуга облыстары мен Украинаның батыс аймақтарында өсіріледі. Бұл ешкілер негізінен ірі тұлғалы, мықты бітімді, көбінесе ақ түсті және тоқал болады. Өсіру аймағына байланысты, аналықтарының, өнімділік көрсеткіштері тірілей салмағының деңгейі 42-45-тен 52-56 кг-ға дейін ауытқиды, 10-11 айлық сауын мерзіміндегі сүттілігі 450 - 800 кг, ал кейбір ешкілерде 1000 кг. Сүттерінің майлылығы 3,7 ден 4-2%-ға және одан да жоғары деңгейге ауытқиды. Төлдегіштігі 180-200%. Текелері өсіп-даму қарқыны жағынан заанен тұқымына жақындайды.
...