Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қарапайым пластырлер. Қорғасын пластырі. Алынуы. Қолданылуы. Номенклатурасы

Автор:   •  Октябрь 8, 2019  •  Реферат  •  2,079 Слов (9 Страниц)  •  1,713 Просмотры

Страница 1 из 9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Дәрілік түрлер технологиясы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қарапайым пластырлер. Қорғасын пластырі. Алынуы. Қолданылуы. Номенклатурасы.

Орындаған: Қонарбай Ш.Н.

Тобы: В –ФқА-02-15

Қабылдаған: Тобағабылова Г.Н.  

Шымкент, 2019

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

       Пластырлер, сипаттамасы. Жіктелуі.

       Қышалар. Сипаттамасы. Қышаларды алудың технологиялық кезеңдері.

  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Пластырлер - дене температурасында жұмсарғаннан кейін тepiгe жабысып қалатын қабілеті бар сырт тәнге қолданылатын дәрілік түр. Олар теріден оңай ажырап, із қалдырмайды. Бұл бүкіл дүние жүзінің Фармакопеяларына кірген өте ескі дәрілік түрлердің бipi. Қaзipгi кезде пластырлердің номенклатурасы және қолданылуы өте жан-жақты.

Негізгі бөлім

1.Пластырлер, сипаттамасы. Жіктелуі.

Пластырлер әр-түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Агрегатты күйі бойынша қатты және сұйық болып бөлінеді. Қатты пластырлер — бөлме температурасында тығыз, жағылмайтын, дене температурасында жұмсарып, жабысып қалатын пластырлер. Сұйық пластырлер (Tepi желімдері) - еріткіш ұшып кеткеннен сон теріге пленка калдыратын сұйықтықтар.

Дисперстік дәрежесі бойынша пластырлер балқымалар, ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар немесе аралас жүйелер болуы мүмкін.

Медициналық қолдануы бойынша пластырлер эпидерматикалық, эндерматикалық және диадерматикалық болып бөлінеді. Эпидерматикалық пластырлер жабысқақ болады және олардың кұрамында дәрілік заттар болмайды. Олар байлау материалы ретінде, байлауыштарды бекітуге, жаралардың шеттерін жақындастыруға, терінің кемшіліктерін жасыру, оны сыртқы ортаның жаралаушы әсерінен қорғау, кейбір тepi ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Эпидерматикалық пластырлерді жабыстырғанда газ, ылғал, жылу алмасудың тоқтауы әсерінен пластырь астындағы тepi жұмсарып, осы жерден қан айналымы күшейеді, таралу пpoцecтepi жақсарады.

Эндерматикалық пластырлердің кұрамына дәрілік заттар кіреді және олар жапсырылған жерден тepi ауруларын емдеуге қолданылады.

Диадерматикалық пластырлердің кұрамына тepi арқылы өтіп кететі және тереңде жатқан ұлпларға әсер ететін немесе резорбтивті әсер тигізетін дәрілік заттар кіреді.

Қолданылатын қосымша заттарға байланысты пластырлер қарапайым және каучук пластырлер болып бөлінеді.

Қарапайым пластырлер шайырлы-балауызды және қорғасынды пластырлер болып ажыратылады.

Шайырлы-балауызды пластырлер. Шайырлы-балауызды пластырлердің негізі парафин, вазелин, петролятум, канифоль және балауыз болып табылады. Бастапқы заттар сусыз болуы керек, ceбeбi, ылғал болған жағдайда масса былғанып, ал сақтау кезінде сынғыш келеді.

Шайырлы-балауызды пластырлерді дайындау жағар майлар дайындаудың жалпы ережесі бойынша реакторларда жүргізіледі.

Күске қарсы пластырь - (Emplastrum ad clavos pedum). Кұрамы: салицил қышқылы 20 бөл., канифоль 27 бөл., парафин 26 бөл., петролятум 27 бөл.

Қорғасынды пластырлер. Қорғасынды пластырлердің кұрамында міндетті компонент ретінде қорғасын сабыны болуы керек. Қорғасынды сабындар былғанғыш емес, шайырлармен, балауыздармен, әртурлі дәрілік заттармен оңай балқып араласады. Кемшілігі - индифферентті емес. Қорғасынды пластырлердің ең бастапқы өкілі қарапайым қорғасын пластырі болып табылады.

...

Скачать:   txt (31.3 Kb)   pdf (213.4 Kb)   docx (39.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club