Эпидемиология
Автор: Akhma0912 • Февраль 5, 2023 • Эссе • 476 Слов (2 Страниц) • 177 Просмотры
Эссе
Негізінен эпидемиология дегеніміз ол жұқпалы аурулардың пайда болуын және таралуын зеттейтін ғылым. Қазіргі таңда туберкулездің эпидемиологиясын, яғни таралуын зерттеу маңызды іс-шара болып табылады, себебі ковид 19 пандемиясы кезінде туберкулезбен сырқаттану қәупі жоғарлады. Туберкулез эпидемиологиясы осы аурудың халық арасында қаншалықты таралғанын, қанша науқасты қамтығанын зерттейді. Эпидемияның пайда болуы эпидемиялық үдеріс деп аталады, осы эпидемиянын пайда болуынын механизмін керсетеді .Ол үш компоненттен тұрады: инфекция көзі, жұғу жолы және де жаңа жағдай. Туберкулездің инфекция көзі болып науқастар, жануарлар мен құстар табылады. Соның ішінде негізгі инфекция көзі ол туберкулезпен ауыратын науқастар. Науқастардың ішінен бактериятасымалдаушы наукастар қауіпті, себебі олар сыртқы ортаға 100000ға жуық микобактерияларды бөле алады. Ал жануарлар мен құстардан сирек жағдайда жұғады яғни туберкулезбен ауыратын жануарлар мен құстардың етін шала пісіріп жегенде үй жануарларының сүтін шикідей ішкенде жұғады. Туберкулез микобактериясы ауа тамшы, алиментарлы, қатынасты және плацентарлы жолдары арқылы жұғады. Ауа тамшы жолы туберкулез жұқтырудың ең жеңіл әрі көп кездесетін жолы . Себебі туберкулезбен ауыратын науқас сөйлегенде , түшкіргенде, қақырықпен түкіру кезінде және жөтелгенде сыртқы қоршаған ортаға яғни ауаға микобактерияларды бөліп шығарады , екінші адам ауамен тыныстағанды туберкулез микобактериясын жұқтыру мүмкін. Яғни жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы жұқтыруы мүмкін. Өте сирек жағдайда алиментарлы ,қатынасты ,плацентарлы жолдармен берілуі мүмкін. Алиментарлы бұл бұл жануарлар мен кұстардың еттерін дұрыс өндемей, дұрыс пісірмей жегеннен жұгуы мүмкін. Қатынасты жол ол тері зақымы бар адамға тері туберкулезімен ауыратын науқас жанасатын болса жұгады. Плацентарлы жол туберкулезбен ауыратын жүкті әйелден плацента аркылы микобактериялардың ұрыкка берілу жолы, бұл өте сирек кездесетін жагдай. Үшінші компонент–жаңа жағдай, инфекция көзінен белгілі бір сау адамға микобактерияның жұғып, ауру тудыруы. Оған инфекцияның массивтілігі, науқаспен қатынастың ұзақтығы мен адам ағзасының сезімталдығы әсер етеді. Туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы 4 көрсеткіштер арқылы бағаланады. Олар: инфекциялану, сырқаттылық, дерттілік, өлім-жітім. Инфекциялану дегеніміз туберкулинге тексеру барысында оң нәтиже бергендердің санының пайыздық көрсеткіші. Сырқаттылық осы жылы жүз мың тұрғынға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен алғаш ауырғандар саны, ал дерттілік жыл соңындағы жүз мың тұрғынға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен есепте тұрғандардың саны болып табылады. Ал өлім жітім дегеніміз осы жылдағы жүз мың тұрғынға шаққандағы қайтыс болғандар саны. Сырқаттылық маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіштің жоғары болуы, басқа да көрсеткіштердің жоғарылығын арттырады. Сырқаттылық формуласы алғаш рет ауырғандар санын 100000 ға көбейтіп тұрғындар санына бөлгенде шығады . Дерттілік формуласы жалпы ауырғандар санын 100000 ға көбейтіп тұрғындар санына бөлгенде шығады. Ал өлім жітім формуласы қайтыс болғандар санын 100000 ға көбейтіп тұрғындар санына бөлгенде шығады . 1990 жыл туберкулезбен ауыратын науқастар саны артқан себебі ол кезде экономикалық дағдарыс салдарынан көптеген адамдарды әлеуметтік жетіспеушілікке әкелген соның әсерінен үйсіз, тамақсыз қалғандар саны артқан. Туберкулезбен әлеуметтік жағдайы төмен адамдардар көп сырқаттанады. Және 2003жылыдан бастан сырқаттану пайызы төмендеп 2015жылы ен төмен денгейге жеткен, бырақ қәзіргі кезде туберкулезбен сырқаттану пайызы өсті себебі 2019 жылы басталған ковид 19 пандемиясы ықпал етті. Қазіргі таңда туберкулез ауруының алдын алу үшін көптеген шаралар атқарылуда. Сол арқылы аурудың таралудың көрсеткішін 2015 жылғыдай төмендете аламыз деп ойлаймын. Денсаулық зор байлық . Денсаулыққа немқұрайлы қарамайық.
...