Силлабус эпидемиология
Автор: Eraliesaliev • Май 4, 2018 • Лекция • 5,544 Слов (23 Страниц) • 805 Просмотры
СИЛЛАБУС
Пән: эпидемиология
Пән коды: Epi 3205
Мамандық: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының көлемі: 270 с. (6 кредит)
Курс: 3
Семестр: 5-6
2017-2018 оқу жылы
Силлабус «Эпидемиология» пәнінен 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жасалған жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалған.
Силлабус «гигиена және эпидемиология» кафедрасы мәжілісінде қарастырылған.
Хаттама №_______ «___»_________2017 г.
Каф.меңгерушісі, проф. м.а., м.ғ.к.__________Долтаева Б.З.
Дайындаған: доцент м.а. Ирсимбетова Н.А.
Оқытушы туралы мәліметтер
№ | Аты-жөні | Ғылыми атағы, қызметі | Ғылыми көзқарас (пәні) | Жетістіктері және т.б. |
1 | Ирсимбетова Нуржамал Абдуохаповна | М.ғ.к. доцент м.а. | Эпидемиология | Ғылыми мақалалар –70 Оқу-әдістемелік құрал –6 «Эпидемиология» оқулығының авторы Авторлас -«Эпидемиология» 1 том және 2 том оқулығымен ҒТП «Совершенствование эпидемиологии по бруцеллезу» -1 |
2 | Алиев Даулет Сабырович | Аға оқытушы | Эпидемиология | Ғылыми мақалалар –29 ҒТП «Совершенствование эпидемиологии по бруцеллезу» -1 |
3 | Масабаева Айгул Турагасиевна | Аға оқытушы | Эпидемиология | Ғылыми мақалалар –17 |
4 | Бегимбаев Орман Сейлханович | Оқытушы | Эпидемиология | Ғылыми мақалалар –21 Оқу-әдістемелік құрал –1 |
Хабарласу ақпараты
Кафедраның орналасуы: ОҚМФА, Әль-Фараби алаңы-1, корпус-3, телефон: 48-82-22, 40-12.
Электрондық мекен–жайы: Ukgfa.kz@mail.vail.ru
ПӘН САЯСАТЫ
- Цикл барысында кафедрада және ауруханада арнайы киімде жүру: халат, колпак, ауыстырылатын аяқ киім, бетперде, міндетті түрде фонендоскоп қажет.
- Тәртіпті, емдік қорғау тәртібін, тыныштықты сақтау қажет, қызметкермен және науқастармен этико-деонтологияны, субординацияны сақтау.
- Бөлімшеге кіргенде және шыққанда аяқ-киімді кілемшеге немесе дез.ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту қажет.
- Бөлімшелерде науқасты курациялау кезінде қолдың тазалығын қадағалау (тырнақтарды алу қажет), қолды жуу мен дезинфекцияны қол жуу техникасына сәйкес орындау. Науқастар курациясынан соң міндетті түрде қолды дезинфекциялау және жуу.
- Қолда кесілген, терінің жарақаттары болса медициналық манипуляцияларды резеңкелі қолғаппен жүргізу.
- Тамшылы инфекциямен науқастар палаталары мен бөлімшелерде, сондай-ақ карантин кезінде барлық бөлімшелерде міндетті түрде бетперде тағу, ол ауыз бен мұрынды жауып тұруы қажет. Бетпердені 3 сағат сайын ауыстыру қажет.
- Бөлімшелерге тұмау және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен студенттер, ауа-тамшылы инфекциясы бөлімшелеріне жүктілер жіберілмейді.
- Шаштар толығымен қалпакпен немесе орамалмен жабылуы тиіс.
- Электр тогына қатысы бар заттарды ылғалды қолмен ұстамау, темірден жасалған заттарды тықпау.
- Кафедрадағы және ауруханадағы медициналық және техникалық оқу құралдарына ұқыпты қарау, өз бетінше тиісуге болмайды!
- Өрт қаупі туындаса 01-ге хабарлау, сызбаға сәйкес эвакуация жасау.
Тыйым салынады:
- Науқастар кереуетіне отыруға
- Жұқпалы аурулар ауруханасының аумағында және бөлімшелерде темекі шегуге.
- Бөлімшеде және жұмыс орнында арнайы киімсіз жүруге.
- Қысқа медициналық халат, ұзын юбка, көйлек, джинсы киюге, арнайы киімде жұқпалы аурулар ауруханасының аумағынан шығуға
- Арнайы киім сыртынан сыртқы киімді киюге, ауруханада қатты сөйлесуге, шулауға, науқастарға арналған дәретхананы пайдалануға. Палаталарда, коридорда, зертханаларда тамақ қабылдауға
- Бір бөлімшеден екінші бөлімшеге өтуге, оқытушы мен бөлімше меңгерушісінің рұқсатынсыз бокс және палаталарға кіруге, ауру тарихтарын алуға
№ | Студенттерге оку процесінде қоятын талаптар: | Орындамаған жағдайда айыптау шаралары |
1 | Себепсіз сабақтан калмау. | Дәрістен жіберген сабақ саны практикалык сабақтың жалпы санына қосылып, есептелініп жалпы қортынды бағасы шығарылады. |
2 | Сабақтарда белсенді болу. | Рейтингінің жоғарлауына әсер етеді. |
3 | Сабаққа дайындалып келу. | Рейтингінің төмендеуіне эсер етеді. |
4 . | Студенттердің өзіндік жұмыстарын уақтылы кесте бойынша тапсыруы. | Өзіндік жұмыстарын уақтылы кесте бойынша тапсырмаған жагдайда, оку журналына «0» қойылады. |
5 | Сабаққа кешікпеу. | Сабаққа кешіккен жағдайда, студент сабаққа жіберілмейді, оку журналына «бж» тіркеледі. |
6 | Сабақ үстінде басқа іспен шұғылданбау. | Сабак үстінде баска іспен шұгылдануы рейтингінің төмендеуіне эсер етеді. |
7 | Сабырмен өзін-өзі ұстай білу, оқытушыларды және өзімен бірге оқитын жолдастарын силау, мейірімді болу. | Ескермеген жағдайда кафедра мәжілісінде талқыланып ата-анасына хабарланады. |
8 | Кафедранын мүліктеріне камқорлык жасау. | Мүліктерді бұзған жағдайда, қалпына келтіруін талап етіледі. |
9 | Себепті, себепсіз қатыспаған сабақтарын уақтылы қайта тапсыру. | Жіберілген сабакты өтеу үшін, деканның жіберген сабақты өтеу рұксат парағынсыз қабылданбайды. |
...