Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Педиатрии"

Автор:   •  Март 2, 2024  •  Шпаргалка  •  10,206 Слов (41 Страниц)  •  30 Просмотры

Страница 1 из 41

1)Жаңа туылған нәресте. Нәрестелік кезеңнің ерекшеліктері. Нәрестелік кезеңдегі шекаралық жағдайлар. Нәресте жағдайын АПГАР шкаласы бойынша бағалау. 

Жаңа туылған (нәресте) – неонатальды кезең. Кіндігін кескен уақыттан бастап өмірінің бірінші айының соңына дейін, яғни 3–4 аптаға созылады. Ерте неонатальдык кезең – кіндігін кескен уақыттан өмірінің 7-ші күнінің соңына дейін созылады. Кеш неонатальдық кезең – өмірінің 8-ші күнінен бастап 28 күнге созылады. Ерекшеліктері: бала өкпемен тыныс алып, құрсақ іші гемодинамикалық жолдарының жабылуына байланысты кіші қан айналу шеңбері жұмыс жасай бастайды. Барлық жүйелер мен мүшелердің, ОЖЖ-ның жетіспеушілігі болады. Нәрестенің терісі дымқыл майлы затпен жабылған. Оның түсі қалыпты жағдайда сұрлау, ақ. Егерде ол сары, сарғыш-жасыл немесе кірлі сүр түсті болса, онда бұл құрсақішінік бұзылыстың болғанын айғақтайды. Дымқыл майды алғашқы екі күнде тазаламайды, өйткені ол денені салқындаудан, теріні зақымданудан қорғайды. Мұрынының ұшының және танауының терісінің деңгейінен сәл көтеріңкі тұратын сарғыш ақ нүктешелерді көруге болады. Олар ұрықтың құрсақішілік дамының соңғы айларында май бездерінің артық бөлінулерінен пайда болады. Алғашқы бір-екі аптаның ішінде эпидермистің түлеуі кезінде май бездері өзекшелерінің ауызы ашылғанда кетеді. Бұл кезеңнің ерекшелігіне, шекаралық жағдай деп аталатып, патологиямен шектесіп жатқан көптеген функциялық өзгерістер жатады. Шекаралық жағдайлар: Дене массасының транзиторлы төмендеуі (5-6%) ; Физиологиялық эритема ; Коньюгациялық сарғаю; Дене қызуының тұрақсыздығы (гипотермия, гипертермия) ; Гормоналды (жыныстық) криз; Транзиторлы гипогликемия, метаболиттік ацидоз, гипопротеинемия, гипокальциемия және гипомагниемия; Транзиторлы олигурия Нәресте терісінің қызаруы, эритемасы - ол қоршаған ортаның жаңа жағдайларына шақалақ терісінің тітіркенуі салдарынан туындайды. Терінің қызаруы бірнеше сағаттан 2-3 тәулікке дейін байқалады. Содан соң алақан мен табанда майда сирек қабыршақтанулар пайда болады. Физиологиялық саргаю шақалақ туылған соң оның өмірінің 2- 3 күнінен бастап көріне бастайды. Ол нәрестелердің 60-70 пайызында аңғарылады.Теріде, ауыз қуысының кілегейлі қабығында және көздің ақ қабығында сарғаюлар пайда болады. Нәжісінің түсі қалыпты, несебінің құрамында өт пигменттері болмайды. Ішкі ағзалар жағынан ешқандай қалыптан ауытқулар байқалмайды. Физиологиялық сарғаю 10-12 күнге дейін созылады. Физиологиялық мастит- құрсақішілік кезенде ұрыққа анасынан өткен экстрогендік гормондардың септік - себебінен сүт бездерінің ісінуі. Мастит бала туылған соң өмірінің 3-4 күндерінде пайда болады.  Катаральды вульвовагинит кейбір қыз нәрестелерде байқалады. Анасының фолликулярлық гормондарының әсерінен пайда болады -  жатырдың және оның мойын бездерінен, жыныс қуысынан кілегейлі қоймалжың сұйықтық немесе қанды сұйықтық бөлініп шығады, жыныс мүшелерінің жалпы домбығуы байқалады. Шақалақтың өмірінің 5-7 күндері байқалып бір-екі күңге ғана созылады. Физиологиялық салмақ жоғалту барлық нәрестелерде- байқалады. Салмақты жоғалту 3 пайызға дейін болады. Жаңа туылған нәрестенің денесінің ең жоғары дәрежеде салмақ жоғалтуы өмірінің 3-4-ші күндерінде білінеді.  АПГАР шкаласы бойынша бағалау туғаннан соң 1-ші және 5-ші минуттың соңында жүргізіледі. Егер 5 минуттан соң суммарлы бағалау 7 баллға жетпесе, онда оны әрі қарай әрбір 5 минут сайын көрсеткіш қалыпты жағдайға жеткенше 20 минут бойы жүргізу керек. Бала туғаннан соң өмірінің алғашқы минутында негізгі 5 белгілері анықталады 6-дан төмен көрсеткіште-ауыр. 6-7 көрсеткішінде - қанағаттанарлық, 8-10 балл көрсеткішінде нәрестенің жағдайы жақсы ретінде бағаланады.

...

Скачать:   txt (151.2 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (370.1 Kb)  
Продолжить читать еще 40 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club