Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фармацевт-технологтың жұмысын қалай елестетемін

Автор:   •  Сентябрь 7, 2020  •  Эссе  •  274 Слов (2 Страниц)  •  2,299 Просмотры

Страница 1 из 2

Фармацевт-технологтың жұмысын қалай елестетемін

   Дәріханадағы көпетеген дәрілік препараттар мыңдаған специалистердің еңбегі болып табылады.  Қазіргі кезде медицина саласы көптеген дәрілік заттарды емдік мақсатта қолданады және медициналық аппараттарды пайдаланып күрделі оталарды жасайды. Бұның бәрі технологтардың арқасы.

  Бірақ өкінішке орай еліміз дәрі-дәрмектің  88%  жуығын шетелден импорттайды, бұл елімізде ФӨТ дұрыс дами алмай жатқанын көрсетеді. Көршілес Ресейдің сапасыз дәрілері біздің нaрықты жaулaп үлгермеген отaндық өндірісті тұрaлaтып тaстaды. Яғни, Еліміз өз-өзін отандық дәрілермен  қамти aлмaй отыр. Дәрілік препараттар өндірісі сұраныс тaлaбына сәйкес келмейді. Aл, жaлпы ұлттық қaуіпсіздіктің шaрты бойынша тұтыну нaрығындaғы отaндық  емдік препараттардың үлесі 30%-дан кем болмауы керек екен. Aлaйдa, межеленген 50 пaйыздық көрсеткіш түгілі, ұлттық қaуіпсіздік шaртындaғы 30 пaйызғa дa сaй келмеуіміз бізді алаңдатпай  қоймaды. Жaлпы, еліміз дәрі-дәрмек бaғaсының қымбaттығымен ғaнa емес, дәріні ең көп тұтыну жaғынaн дa ТМД елдері бойыншa aлғaшқы үштікті межелейді. Демек, қымбaт тa болсa хaлықтың дәріге деген сұрaнысы бaр. Сол сұранысты ескеріп, фармацевтика өндірісін жолға қойып, ұлт қауіпсіздігін де қамтамасыз етіп, халқымызды қолжетімді бағадағы дәрімен қамтамасыз ете алмай отырғанымыз өкінішті.Расында жеріміз  дәрілік ресурстарға бай , дәрі-дәрмек өндірісін дамытып, өзімізді отандық өніммен толық қамтуға мүмкіндігіміз бар. Сондықтан бұл жас салаға  мемлекет тарапынан көптеген гранттар бөлінуде.

  Отандық бұл саланың дұрыс дамымағанына көзіміз мына пандемияда анық жетті. Біз қарапайым маскамен өзімізді толықтай қамтамасыз ете алмадық. Сондықтан  мен ішімнен қатты ұяламын. Мен армандайтын фармацевт технолог мамандығы менің елестетуімше мемлекет тарапынан толықтай жеткілікті инвестициямен қамтамасыз етілген  және патенттелген дәрі-дәрмектерді өндіретін бәсекеге қабілетті мамандық.  Университетімде  Билл Гейтс сияқты мықты мамандар білім алып шыққандарын қалайтын едім. Әрине барлығын қаржы мәселесіне тіреп қоюға болмайды, бізге жақсы ұйымдастырушылық  пен білім керек.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (46.3 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club