Туғаннан кейінгі патологиялар
Автор: jgcghj • Май 5, 2023 • Реферат • 5,678 Слов (23 Страниц) • 220 Просмотры
Туғаннан кейінгі патологиялар
Жатырдың субинволюциясы
Туғаннан кейінгі вульвиттер,
вестибулиттер, вагиниттер,
цервициттер және эндометриттер.
Буаз жануарлардың ауруына ықпал ететін жағдайлар
Жіті және созылмалы катаральді салпингит
Жіті және созылмалы іріңді салпингит
Созылмалы интерстициальды оофорит. Овариит, аналық без атрофиясы. Периоофорит.
Нимфомания. Аналық безінің кистасы. Тұрақты сары дене. Анафродизия
Жатырдың айналып түсуі (Ргоіарзизеі іпіеізіо иЬегі). Ауру көбінесе сиыр мен саулықта кездеседі. Туу актісінен кейін 4-5 сағат өтпей жатыр кілегей қабығымен теріс айналып жамбас қуысынан сыртқа шығып кетеді.
Себептері. Буаз малды серуенге шығармай бір орында ұзақ мерзімде байлап ұстағанда, тұрған орны артқа қарай еңкіш болғанда, рационы құнарсыз, жеткіліксіз болғанда, іштөл өте үлкен болып, немесе қағанақ қабықтары әсерінен жатыр созылып кеткенде, іштөлді жылдам тартып шығарғанда, жатыр атониясында, түспей тұрған шуға ауыр зат байлап қойғанда, бұзаудың кіндігі қысқа болып туғанда жатырдың айналып түсуі кездеседі.
Клиникалъщ белгілері. Алғашқы кезде сиыр құйрығын көтеріп, белін бүкірейтіп, қайта-қайта күшеніп, түйнек болған мал сияқты маза- сызданып тұрады. Бұл кезде жатырдың айналып шығып бара жатқанын анықтау қиын, уақыт өте келе жатыр біртіндеп сыртқа қарай айна- лып шыға береді де, бір кезде толығымен түседі. Сиырдың сарпайынан тілерсегіне дейін салбырап, сыртында үлкендігі тауық жұмыртқасындай көптеген түйіндері бар қанталап тұрған қызыл-қоңыр түсті денені көруге болады. Сиыр жатқан кезде оның айналып түскен жатыры зәр-нәжіс, шөп-шаламмен ластанып, ісініп ұлпасы өлі етке айнала бастайды. Қысты күні үсікке шалынып, жазды күндері тез іріп-шіри бастайды да, сепсиске айналады.
Емі. Жатыр ұлпасында терең өзгерістер болмай тұрғанда, тез арада оны орнына салу керек. Ол үшін алдымен эпидуральды (сакралды) анестезия жасайды, содан кейін жатырды таниннің немесе марганец қышқылды калийдің ерітіндісімен тазалап жуып, шіріген жерлерін алып тастап орнын йодпен күйдіреді, содан кейін жатырды түгелдей стрепто- цид эмульсиясымен майлап ішіне қарай итеріп орнына салады. Жатырдың көлемін кішірейту үшін оның қабырғасына жалпы дозасы 40-50 ӨБ окси- тоцин егеді.
ЖАТЫР ТАРТЫЛУЫНЫҢ КЕШЕУІЛДЕУІ
Жатыр тартылуының кешеуілдеуі (жатырдың кешеуілдеп тарты- луы) - мал төлдеп болғаннан кейін жатырының, жатыр ұлпаларының лдсттегіден анағұрлым кеш тартылуы, кішіреюі, кешігіп қалпына келуі орын алуы мүмкін. Бүл шиеленісу барлық аналық мал түрінде кездесуі мүмкін, бірақ осы дертке сиырлар жиі шалдығады.
Жатыр тартылуының кешеуілдеуінде оның жиырылмаған қуысында пііри бастаған лохийлер жиналады. Организм бактериалдық токсиндер- мен уланады. Бүнымен қатар жатыр бүлшық еті ретракциясы дер кезінде болмауына орай жатырда дегенеративтік өзгерістер туады, төлдеуден кейінгі аурулар және жалпы септикалық үрдістер пайда болады. Жатыр жағдайының түрлері (17-сурет).
[pic 1]
17-сурет. Жатыр жагдайының түрлері
А-жатырдың әдеттегі жагдайы; Б-жатырдың кешеуілдеу жагдайы
Себешпері: көп іштөлдер дамуындағы буаздық, іштөлдердің тым үлкен болуы, гипофиздің артқы бөлігінің функционалдық толық жарамды еместігі ауру пайда болуына әкеп соғады. Сонымен қатар серуеннің бол- мауы, аналық малды дүрыс пайдаланбау, рационда витаминнің және минеральды заттардың жетіспеушілігі де себеп болады.
Клішикалъщ белгілері: лохий бөлінуінің тоқталуы немесе оның кезеңімен кешеуілдеуі, содан кейін олардың жатырдан көп мөлшерде бөлінуі. Бұл көрініс әсіресе, мал жатқан кезде жиі байқалады, кейде олар қан аралас түрінде болады. Осы үрдіс екі аптаға дейін созылады.
...