Портальды гипертензия. Асцит
Автор: Rita678 • Апрель 24, 2023 • История болезни • 994 Слов (4 Страниц) • 137 Просмотры
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СОЦИАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
РГП на ПХВ «ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ МАРАТА ОСПАНОВА»
ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМОКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
Дисциплина: Ішкі аурулар пропедевтикасы
Мамандығы: 5В130100 – «Жалпы медицина»
Дайындаған: Өтешбекқызы Рабила
308 «Б» гр.
Актобе,2023
Паспорттық бөлімі
- Науқас аты-жөні: Омарова Айымгүл Кенжебекқызы
- Ұлты: Қазақ
- Жынысы: әйел
- Жасы: 09.03.1974 (48 жаста)
- Жұмыс орны:
- Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Абулхаир хан 59
- Түскен күні: 27.02.2022ж
- Ауруханаға түскен жолы: Өзі келген
- Клиникалық диагноз: Бауыр циррозы антибиотиктерге токсико-алиментарлы, декомпенсацияланған
- Асқынуы: Портальды гипертензия.Асцит.
Негізгі Шағымдары: Тамақтан 1 сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы аралық сызықтан аздап оңға қарай ығысқан сыздап ауырсыну, жүрек айну,тәбеттің бұзылуы, қара түсті нәжіс, қанды құсық.
Қосымша шағымдары: бас айналуы, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық.
Anamnesis morbi
Науқастың айтуы бойынша асқазанның ойық жарасы диагнозы 8 жыл бұрын Даруда тексерілгенде анықталған, қан кету болмаған. 8 жыл бойына мазаламаған. Қан кетуді Кардиолог тағайындаған дәрілер мен Терапевт тағайындаған дәрілерді қабылдағанымен байланыстырады. Науқастың айтуы бойынша ол дәрілер бір бірімен үйлесімсіз болды. Содан кейін аурудың күшейгенін байқаған. Гемоглобин 90г/л-ға дейін түсіп кеткен( оған дейін гемоглобин 120г/л болған), қара түсті нәжіс пайда болған(мелена). Әлсіз жағдайына байланысты ФГДС жасаудан бас тартылған. Терапевт АМЦ клиникасына жіберген, бірақ науқас өз қалауымен бас тартқан. Содан кейін 27 ақпан күні жедел жәрдем арқылы БСМП-ға келіп түскен.Түскен кезде қан қысымы 180/110, гемоглобин 90г/л.
Anamnesis vitae
Қысқаша өмірбаяндық мәліметтер: 1946 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Жасына сәйкес өсті және дамыды.
Отбасылық-жыныстық тарих: жыныстық өмірдің басталуы-18 жыл. Үйленген. 2-ші балалы.
Еңбек тарихы: 18 жастан 53 жасқа дейін мұғалім болып жұмыс істеді. Қазір еш жерде жұмыс істемейді. Зейнеткер .
Тұрмыстық тарих: күйеуімен бірге үш бөлмелі пәтерде тұрады. Қоңыржай климаттық жағдайлар. Экологиялық апат аймақтарында болуды жоққа шығарады.
Тамақтану: 3 рет, толық, әр түрлі, калориялы.
Жаман әдеттер: жоқ
Өткен аурулар: Боткин ауруы, өкпе туберкулезі, тері-венерологиялық ауруларды жоққа шығарады. 2 типті қант диабеті. 2016 жылы сол жақ аяғында тромб анықталған .
Операциялар: 1974 ж. жатырдың жарылуына байланысты кесер тілігі жасалған. 1 аналық безі алынып тасталған. . Грыжаны алып тастау операциясы . 1968 жылы аппендэктомия. 2016 жылы флебэктомия.
Эпидемиологиялық анамнез: инфекциялық, безгегі бар науқастармен, жануарлармен байланыс, эндемиялық немесе эпизоотиялық ошақта болуды жоққа шығарады. Жәндіктердің шағуы-масалар, олардың салдары жоқ. Жануарлардың шағуын жоққа шығарады. Қан мен оның компоненттерін құю бұрын жүргізілмеген. Диагностиканың инвазивті әдістері, эзофагогастродуоденоскопия, бронхоскопия жүргізілмеген. Тістерді санитарлық тазарту және экстракциялау кариеске байланысты болды. Соңғы 3 аптада COVID-19 вирустық инфекциясы бар науқастармен байланыс жоққа шығарылды. Covid 19-ға қарсы вакцинацияланған.
Аллергологиялық анамнез: ерекшеліктері жоқ.
Тұқым қуалаушылық: Анасы қант диабетімен ауырған.
Жалпы қарау:
Науқастың жалпы жағдайы: орташа ауырлық, асқазан жарасының қан кетуіне байланысты.
Санасы: анық, сұрақтарға жақсы, дұрыс жауап береді.
Төсектегі позиция: шалқасынан жатып.
Дене бітімі: дұрыс, Конституцияның нормостениялық түріне сәйкес тәбет төмендейді. Бойы 165 см, салмағы 64 кг
Терісі: таза, бозғылт, тері тургоры сақталған.
Көрінетін шырышты қабықтар: таза, дымқыл, бозғылт.
Тері астындағы май: орташа, біркелкі бөлінген. Кіндік деңгейіндегі бүктеменің қалыңдығы - 2 см.
...