Пластикалық хирургия мен трансплантологияның негізі
Автор: knafie • Сентябрь 7, 2020 • Реферат • 280 Слов (2 Страниц) • 430 Просмотры
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ“АҚ”
Хирургиялық пәндер кафедрасы
Тест
Тақырыбы:Пластикалық хирургия мен трансплантологияның негізі.
Орындаған:Орынбай Д.
Тобы: В-ЖМҚА-03-17
Қабылдаған: Аширов Б.О
Жағдайлық есептер
1.Сіз оқиға болған жерге келдіңіз.Зардап шегушінің оң қолы станокқа түсіп,білектің ортаңғы 1/3 бөлігінде жарақаттық ампутация болғанын байқадыңыз.Екінші қолмен науқас зақымдалған қолдың тұқылын ұстап тұр.Жарадан қан ағып жатыр.Сіздің іс-әрекетіңіз?
2.Хирургиялық бөлімге жол апаты болған жерден науқас жеткізілді.Оң жақ санның жоғарғы 1/3 бөлігі мыжылған табаны мен сирағы бозғылт түсті,ұстап көргенде суық. Тізе асты артериясында тамыр соғуы анықталмайды. Науқас операцияға алынды. Сан артериясы 12 см ұзындықта мыжылғандығы байқалды.Аяқтың қан айналымын қалпына келтіру үшін,сіз не істейсіз?
3.Зардап шегушінің қолы ыстық пресстің астында қысылып қалды нәтижесінде қол ұшының сыртқы бетінің терең күйігі пайда болды,сүйегі мен сіңірлері көрініп тұр.Қол ұшының қызметін сақтап қалу үшін,пластиканың қандай түрін жасайсыз?
4.Наусқаста сан артериясының ортаңғы сегметінің атеросклерозды окклюзиясы бар.Диагноз контрастты ангиография әдісімен дәлелденген. Сіз науқасқа қандай хирургиялық емді ұсынасыз?
Жауаптары
1.Иығына қан тоқтататын бұрауды салып,қансырауды уақытша тоқтату;Тұқылға асептикалық таңғыш салу;анальгетиктерді енгізу керек.Қолдың кесілген бөлігін залалсыз дәкемен орап,целлофон қапшыққа саладыда мұзбен басып қояды.Науқасты қан-тамырлар микрохирургиясы орталығына жеткізу керек.Тасымалдау кезінде жедел жәрдем көлігінде шоққа қарсы ем жүргізілу тиіс.
...