Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Фармакологии"

Автор:   •  Февраль 15, 2021  •  Лекция  •  1,076 Слов (5 Страниц)  •  246 Просмотры

Страница 1 из 5

Атырхан Аружан 305ФК

Билет №9

  1. Дәрілік заттардың әсерінің пайда болуына биоритмдердің тигізетін ықпалы. Хронофармакология туралы түсінік.
  2. Миорелаксанттар. Фармакологиялық сипаттамасы.
  3. Тыныштандыратын дәрілер. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері.
  4. Левомицетиндер.  Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Қолданылуы, жанама әсерлері.
  5. Рецептерді жазыңыз:

       А) Пероральді және парентеральді енгізу үшін қолданылатын цефалоспорин  антибиотигі.

              Б) Кардиоселективті бета-адреноблокатор.

1.Биологиялық тербелістерді тексеретін ғылым саласын биоритмология немесе хронобиология деп атайды.

Оның мақсаты- физиологиялық әрекеттердің ырғақты өзгерістерін, олардың реттелу ерекшеліктерін, организмнің бейімделу әсерленісіне маңызын, ауытқу  процестерге қатынасын зерттеу. Сонымен қатар ол тәуліктік, айлық және жылдық биологиялық оралымдарға сәйкес организмнің улы заттарға, дәрі- дәрмекке сезімталдығының өзгерісін анықтайды.

Биологиялық ырғақ - биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылымсаласы — биоритмология.

Биологиялық ырғақ немесе  «циркадтық (тәулікке жуық) ырғақтар» термині қолданылады (латын тілінен circa - жуык, dies - күн). Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын зат морфин таңертеңге немесе түнге қарағанда күннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады.

 Хронофармакология -  уақытқа  тәуелді биологиялық процестер мен дәрілік заттардың арасындағы қарым қатынасты зерттейтін фармакологияның бөлімі.

Хронофармакологияның негізгі мақсаты-фармакологиялық әсерлерге әртүрлі биологиялық ритмнің үлесі және организм қызметінің ырғақтылығына дәрілердің әсерінің сапасын зерттеу болып табылады.

2. Миорелаксанттар – жүйке-ет талшығы синапсындағы М – холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтармалы параличіне әкелетін дәрілер. Бұл топтың дәрілерін анестезиологияда қолданады.

Миорелаксанттар жіктелуі:

  • Антидеполяризациялаушы миорелаксанттар (пахикураре)
  • Деполяризациялаушы миорелаксанттар (лептокураре)

Антидеполяризациялайтын дәрілер. Тубокурарин хлориді (тубарин) жатады. Бұл заттың күре тамырға енгізуінен кейін қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы пайда болады. Бұлшық еттер келесі кезекте босаңсиды: мойын бұлшық еттері, қол, аяқ бұлшық, дене бұлшық еттері, соңғы кезекте тыныс алу бұлшық еттері, ол тыныстың тоқталуына әкелу мүмкін. Әсер ету ұзақтығы 30-40 минут.

Әсер ету механизмі. Тубокурарин бұлшық еттердің Н – холинорецепторлердің бөгетін жасап олардың ацетилхолинмен қозуын тежейді. Сондықтан ацетилхолин бұлшық

еттердің  деполяризациясын пайда етпейді. Бұл топқа анатруксоний, алкуроний хлориді, панкуроний бромиді (павулон), векуроний бромиді (норкурон), пипекуроний бромиді, атракуриум препараттары жатады.

Деполяризациялайтын дәрілер. Кең қолданатын суксаметоний йодид немесе хлориді (дитилин, листенон) препараты болып табылады.

Деполяризациялайтын  дәрілер хирургияда қаңқа бұлшық еттерінің босаңсытуында, жүрекке және өкпеге өткізілетін операцияларда. Қысқа уақыт әсер ететін дәрілер қысқа уақыт жүргізілетін операцияларда (шығып кеткен қол, аяқтарды орнына салу, сынықтарды орнына келтіру, интубацияларда) қолданады. Кейбір кезде сіріспеде (столбняк) және стрихнинмен уланған кезде қолданады.

...

Скачать:   txt (13.1 Kb)   pdf (83.5 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club