Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лабортаориялық диагностика-15

Автор:   •  Январь 17, 2023  •  Лабораторная работа  •  11,212 Слов (45 Страниц)  •  180 Просмотры

Страница 1 из 45

Атырау жоғары медициналық колледж

Клиникалық практика күнделігі

Клиникалық практика  атауы: «Медициналық зертханашы»

Мамандығы: «Лабортаориялық диагностика-15»

Біліктілігі: 0305150 «Лабортаориялық диагностика-15»

4 курс  №  2 топ 2 топша

Клиникалық практика өткен медициналық ұйым атауы: ШЖҚ КМК “Атырау облыстық ауруханасы” “Клинико-диагностика зертхана”

(медициналық ұйым атауы, бөлімше)

Білім алушы:     Қалымжанова Аругүл Қайратқызы

(аты жөні)

Тікелей жетекші:      Айташева.А.К

(аты жөні)

Әдістемелік жетекші:     Сапашева.А.Ж

(аты жөні)

Атырау 2023

15.12.2022           

Р/с №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері

Өндірістен практика жетекшісінің қолы

Басталуы

Аяқталуы

1.

 КДЗ кіші қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру;

         9:00                         10:30

2.

 Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін жұмыс орнын дайындау;

        10:30                        11:30

3.

Зерттеуге  биологиялық материал алу;

        11:30                       13:00

                                                                                                                                                                                 

 

      1.   Клиникалық зертханаға келген кезде ең алдымен жұмыс орнын дайындап алдық, алдымен бөлме және тоңазытқыш температурасын тексердік. Дез ерітіндісімен үстелдің, құрылғыларды сүртіп шығамыз.Келген материалдарды, сынамаларлы жұмыс орнына бөлу.

   Зертханалық диагностиканы жүргізу тәртібі зертханалық зерттеудің үш кезеңін қамтиды: талдау алды, талдау және талдаудан кейін.

Талдау алды кезең:1) зертханалық зерттеуге өтінім жасау және жолдама бланкін рәсімдеу;

2)Пациентті клин-зертханалық зерттеу жүргізуге дайындау;

3)Зерттеу үшін биоматериалды алу кезеңі (бір рет қолданылатын қауіпсіз ваккумдық жүйелерді, контейнерлер мен сынауықтарды пайдалану арқылы биологиялық материалды алу;

Зерттеудің талдау кезеңі зертханада жүргізіледі;

Талдаудан кейін талдау нәтижелері шығарылады;

     2.    Биологиялық материалы бар барлық ыдыстар, контейнерлер, сынауықтар сәйкестеніру кодын бере отырып таңбаланады (Тегі, Аты, Әкесінің аты, бөлімшесі, палатасы, биоматериалды алу күні), зерттеу түрлері бойынша бөлінеді, зерттеулерге жарамдылығы бағаланады. Зертхана материалды зерттеуге қабылдаудан бас тартуға құқылы (өтінім деректері мен сынауықтағы заттаңба арасында айырмашылық болған кезде, өтінімді оқу мүмкін болмаған жағдайда, материал антикоагулянт пен немесе консервантпен алынбаған жағдайда, жеткізу мерзімі асып кеткен кезде, антикоагулянтпен жаңа алынған қанда ұйыған қанның болуы, гемолиз, липемия, сынама анық болмаған кезде).

     3.  Клиникалық зертханада биоматериал ретінде зәр, нәжіс, қақырық, жұлын сұйықтығы, асқазан сөлі алынады.  Зәрді көп уақытқа сақтауға болмайды, себебі тұрып қалған зәрде физикалық және химиялық өзгерістер байқалады. Дәл уақытында зерттелмеген зәрді салқын жерде (суықта емес) қалдыруға болады.

   4. Алғашқы көмек

1.Концентрленген қышқылдармен күйгенде сол жерді су ағынымен, сонан соң 2-3%-ды сода ерітіндісімен жуу қажет.

2. Күйдіргіш сілтілермен күйгенде сол жерді сілті толық кеткенше сумен, сонан соң 2-3%-ды бор немесе сірке қышқылымен жуу қажет. Көздің химиялық күюі кезінде сумен ақырын жуу қажет және алғашқы көмек көрсету қажет.

...

Скачать:   txt (145.5 Kb)   pdf (395.9 Kb)   docx (493.4 Kb)  
Продолжить читать еще 44 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club