Кома
Автор: aidanaa_kenesbek • Август 5, 2019 • История болезни • 3,397 Слов (14 Страниц) • 761 Просмотры
Ф КГМУ 4/9-12/04
ПП КГМУ 4/04
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Жедел медициналық көмек кафедрасы
Жедел медициналық көмек пәні бойынша 2017-2018 оқу жылы мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина» V курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулық
Қараганды - 2017 г.
ЖМЖ кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді
Хаттама №1 «28» 08 2017ж.
Кафедра меңгерушісі: Жұмабекова Г.С.
Тақырыбы : Кома.
Мақсаты : Студент үнемі өзін-өзі жетілдіре отырып, командадалық жұмыс дағдыларын, кәсібилік және клиникалық дағдыларды қолданып, науқастың жасына, этиологиясына тәуелсіз кома кезінде алғашқы көмек көрсете алуы тиіс.
Оқу мақсаттары:
Студент:
• жедел жәрдем деңгейінде кома кезінде диагностикалаудың негізгі міндеттерін білуі
• әртүрлі генезді кома кезіндегі тексеріс нәтижелерін интерпретациялай білуі
• негізгі синдром бойынша дифференциялды диагностика жүргізу
• кома кезінде алғашқы дәрігерлік көмек деңгейінде медициналық жәрдем көрсету
• алынған білімді өзекті мәселелерлі шешу үшін қолдану
• ауруханаға дейінгі кезеңге жеке тұлға мен пациенттерге кеңес беруі
• командада жұмыс істеуі тиіс
Білім берудің және оқытудың әдістері: манекенде дағдыларды тестілеу, клиникалық есептерді (өзекті мәселелері) шешу үшін шағын топтарда жұмыс, кері байланыс.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Команың анықтамасы
2. Команың этиология мен патогенезі
3. Әртүрлі этиологиялы кома кезінде науқасты тексеру алгоритмі
4. Этиологиясы бойынша команың жіктелуі
5. Әртүрлі этиологиялы кома кезіндегі клиникалық көріністер
6. Глазго шкаласы бойынша команың жіктелуі
7. Әртүрлі этиологиялы команың дифференциалды диагнозы
8. Гипергликемиялық, кетоацидоздв, гипергликемиялық гиперосмолярлы кома кезіндегі ауруханаға дейінгі деңгейде шұғыл көмек.
9. Гипогликемиялық кома кезіндегі ауруханаға дейінгі деңгейде шұғыл көмек.
10. Опиатты кома кезіндегі ауруханаға дейінгі деңгейде шұғыл көмек.
11. Церебральды кома кезіндегі ауруханаға дейінгі деңгейде шұғыл көмек.
12. Бауырлық кома кезіндегі ауруханаға дейінгі деңгейде шұғыл көмек.
№1 есеп
Ер адам, 52 жаста, қаражұмысшы. ЖЖ шақыруының себебі – есінің болмауы. Жағдайының ауырлығына байланысты шағым айта алмайды.
Анамнезінен: тұрғын үй ауласында соққы іздерімен ес-түссіз жатқан жерінен өтіп бара жатқан адамдар тапқан.
Объективті түрде: ес-түссіз. Тері жамылғылары қалыпты, таза, дымқыл. Мұрын-еріндік үшбұрышының цианозы. Өкпенің тыныс алуы везикулярлы, жоғарғы аймақтан 1-2 сырылдар. Жүрек тондары анық, ырғақты. Қан қысымы - 100/70 мм Hg. Арт. ТАЖ - минутына 20. жүрек соғу жылдамдығы - минутына 86. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Еріксіз кіші дәрет акті.
Локальды статус: бастың шаш аймағында, желке аймағында мөлшері 0,5×4,0 см болатын көгерген жаралар бар, шеті тегіс емес. Жарадан қан кету орташа дәрежеде. Бетінде – көптеген тырнаулар. Қарашықтары OS>OD, жарыққа реакция төмен, анизокория.Сыртқы тітіркендіргіштерге жауап брмейді. Қарау кезінде тонико-клоникалық құрысулар пайда болды, шайнау бұлшықеттерінің тризмі. АҚ 180/120 сын.бағ. ЖЖЖ – минутына 104 рет.
Қабылдау бөлімінде нейрохиругтар алған анализдер: ЖҚА - гемоглобин 136 г/л, эритроциттер 4,2 х1012/л, лейкоциттер 9,2х109 /л, ЭТЖ - 8 мм/ч. Люмбальды пункция – жұлын сұйықтығы қызғылт түсті.
ЕСЕП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
1. Алғашқы диагнозды құрастыру.
2. Алғашқы диагнозды негіздеу.
3. Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау.
4. Негізгі синдром бойынша дифференциалды диагностика жүргізу.
5. Науқасқа көмектесу алгоритмін және науқасты ары қарай жүргізу тактикасын анықтау.
№1 есепке жауап
1. Жабық бас сүйек-милық жарақат. Бас миының сілкінісі. Желке аймағының көгерген жарасы. Жарқаттық кома. Құрысулық синдром.
2. Диагноз шағымдар, анамнез, науқасты қарау, қосымша зерттеу әдістері негізінде қойылады.
...