Жыныс генетикасы
Автор: gulnaz8778383 • Февраль 5, 2021 • Реферат • 473 Слов (2 Страниц) • 486 Просмотры
Тақырыбы: Жыныс генетикасы.
Жыныс–бұл ағзаның репродукциясын анықтайтын морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және т.б. белгілерінің жиынтығы.
ЖЫНЫС ДЕТЕРМИНАЦИЯСЫ:
1. Жынысты анықтаудағы хромосоманың ролі.
2. Орта факторлары.
Жынысты анықтаудың хромосомалық типтері:
1 тип – дрозофила және адам. Аналық жыныс гомогаметалы, аталық гетерогаметалы. Жыныс қатынасы бірдің-бірге тең.
- 2 тип – жәндіктер (көбелек, шегіртке, теңіз құрттары).
Аналық жыныс – гомогаметалы, ал аталық гетерогаметалы, бірақ У-хромосома жоқ.
- 3 тип – тауық, қосмекенделілер.
Аналық жыныс- гетерогаметалы.
Аталық жыныс- гомогаметалы, яғни жыныс керісінше.
- Гаплодиплоидия – ара мен құмырсқаларда кездеседі.
Аталық даралар (трутни)- ұрықтанбаған жұмыртқалардан дамиды.
Аналық даралар –ұрықтанған жұмыртқалардан дамиды.
- Жынысты анықтауда ортаның ролі.
1.Теңіз құрты- Бонеллия.
Егер личинка теңіздің түбіне түсетін болса, онда аналық дара, ал аналықтың тұмсықшасына түсетін болса, онда аталық особь пайда болады.
2. Тасбақалар және крокодилдер.
- Гермафродитизм- омыртқасыз жануарларда кең таралған, балықтарда, кейде адамдарда кездеседі.
Гермафродитті балықтардың 3 түрі кездеседі:
- 1. Синхрондық.
- 2. Протогинетикалық.
- 3. Протандрикалық.
- Жыныс белгілері 2- топқа бөлінеді:
1. Бірінші жыныс белгілері (бұл сыртқы және ішкі жыныс мүшелері).
2. Екінші жыныс белгілері- бірінші жыныс белгілеріне байланысты, жыныс гормондарының әсер етуінен қалыптасады.
- Екінші жыныс белгілері:
1. Сүйек-бұлшық ет жүйелерінің дамуы.
2. Тері асты май шелі мен түкті жамылғының даму дәрежесі.
3. Мінез-құлық ерекшеліктері.
- Жынысты анықтайтын белгілер:
1. Жынысты шектелген белгілер -(тауық пен әтештердің гендерінде жұмыртқа салатыны көрінеді, аталық және аналық даралардағы лактация).
2. Жыныспен бақыланатын белгілер (дауыс ырғағы және қасқалық гені).
3. Жынысты тіркес белгілер.
- Жынысты тіркес белгілер :
- У-хромосомалар арқылы берілетін белгілер голандриялық деп аталады және әкесінен ұлына беріледі.
- У-хромосома жынысты анықтауда, тұқым безінің дамуында маңызды роль атқарады және сперматогенезге жауап береді.
- У-хромосоманың кейбір гендері патологиялық жағдайларға жауап береді: қасқалық, аяқ саусақтарындағы перде (синдактилия), гипертрихоз және ихтиоз.
Х- тіркес белгілер Х-хромосомамен беріледі. Бөлінеді:
- Х-тіркес рецессивті белгілер (ауру тек ер адамдар ғана болады, әйелдер гетерозиготалы).
Мысалы: Дюшенна бұлшық-ет дистрофиясы, гемофиллия және дальтонизм, тері бездерінің болмауы.
2. Х-тіркес доминантты:
...