Диуретикалық
Автор: Zhake123456789 • Октябрь 12, 2018 • Реферат • 539 Слов (3 Страниц) • 1,402 Просмотры
Диуретиктер
Классификация | Карбоангидраза ингибиторы және осмотикалық диуретиктер | «Ілмектік» диуретиктер | Тиазидті және тиазидтәрізді диуретиктер |
Препараттар | 1. Ацетазоламид (Диакарб,Фонурит) 2. Маннит (Маннитол) 3. Мочевина | 4. Фуросемид (Лазикс) 5. Буметанид (Буфенокс) 6. Этакрин қышқылы (Урегит) 7. Пиретанид (Ареликс) | 8. Гидрохлортиазид (Гипотиазид) 9. Циклопентиазид (Циклометиазид) 10. Хлорталидон (Гигротон, Оксодолин) 11. Клопамид (Бринальдикс) 12. Индапамид (Арифон, Индопрес) |
Әсер ету механизмі | Бүйрек, ОЖЖ және цилиарлы дене карбоангидразасының белсенділігін тежейді. Бұл натрий және сутегі иондарының реабсорбциясын бұзады, диурезді жоғарылады. Калий, фосфор, кальций иондарының шығуына ықпал етіп, ацидозды дамытады. Біріншілік зәр және қанның осмостық қысымын арттырады, тіндер дегидратациясын шақырады, бұл судың реабсорбциясының төмендеуіне әсер етеді. Бүйректік қанайналымды және шумақшалық фильтрацияны жоғарылатады. | Генле ілмегіндегі сульфгидрильденген ферменттер тобын блоктайды. Бұл натрий, магний, калий иондарының реабсорбциясының төмендеуіне әкеледі, сондай-ақ судың да реабсорбциясы төмендейді. Калий, магний, кальций, натрий иондарының шығарылуына ықпал етеді. | Na-K- АТФ-аза, сукцинатдегидрогеназаның белсенділігін тежейді, карбоангидразаны байланыстырады. Осыған байланысты натрий насосының энергиямен қамтамасыз етілуі бұзылады. Натрий, хлор иондары және судың реабсорбциясын тежейді. Калий, магний иондарының шығуына және кальций иондарының сақталуына ықпал етеді. |
Фармакологиялық әсерлері: Диуретикалық – 1-12; гипотензиялық – 4-12; дегидратациялық – 2,3; көзішілік және бассүйек ішілік қысымды төмендетушілер – 1,2,4-6; эпилепсияға қарсы – 1.
Кері әсерлері: Гипокалиемия – 1, 4-12; гипонатриемия – 2-12; гипохлорлық алколоз – 4-12; метаболитикалық ацидоз – 1; гиперурикемия, гипергликемия, ототоксикалық – 4,6; гиперволемия – 2,3.
Есте сақтайтын жағдайлар: Диуретиктер адреномиметиктер және сульфаниламидтермен сәйкес келмейді. «Ілмектік» диуретиктер мен аминогликозидтерді бірге қолдануға болмайды, есту қабілетінің төмендеу қаупі бар. Тиазидті диуретиктер ауыр бүйрек жетіспеушілігі кезінде қарсы көрсетілген, егер қабылдаса зәр қышқылының жиналып қалып, подаграның асқынуына, қандағы глюкоза мөлшерінің артып кетуіне әкеледі. Маннит және мочевина жаңа туған нәрестелерде гипогликемия шақырады, сол себепті босануға кем дегенде 2 күн қалғанда қолданыстан шығару керек. Этакрин қышқылы, маннит жергілікті тітіркендіргіш әсерге ие, сол себепті оларды бұлшық етке және тері астына енгізбейді. Ацетоламидті 5 күннен артық қолдануға болмайды. Ішімдік диуретиктердің кардиотоксикалық әсерін арттырады. Тамақтану алдында қолданылатын препараттар: 4,5,10,12; Тамақтан кейін: 6,8; Тамақтану кезінде: 9.
...