Гепатопротекторларды дәлелділік медицина тұрғысынан бағалау
Автор: daurenbekovas • Март 18, 2019 • Реферат • 1,324 Слов (6 Страниц) • 726 Просмотры
«Гепатопротекторларды дәлелділік медицина тұрғысынан бағалау.»
Патогенетикалық терапия кезінде гепатоциттердің қолайсыз факторлар әсеріне деген төзімділігін жоғарылататын, гепатоциттердің антитоксикалық (уытқа қарсы) қызметін күшейтетін және бауыр жасушалары қызметтерін қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер қолданылады. Бұл препараттар әртүрлі фармакологиялық топтарға жатқызылады да ортақ термин гепатопротекторлар деп белгіленеді. Созылмалы гепатиттерді емдеу үшін гепатопротекторлы дәрмектер қолданылады, десе де танымал болып үлгерген гепатопротекторлардың терапиялық белсенділігі жоғары емес, кемшіл тұстары да жоқ емес, олардың көбі импорттық болуына орай тағайындалуына тежеуші факторлар көп. Аталған дәрі-дәрмектер ішінде соңғы жылдары табысты қолданыс тауып келе жатқан дәрілер ретінде эплир, эссенциале, лохеин, максар және легалон т.б. атауға болады, олар антиоксиданттық әсер береді, гиперферментемияны әлсіретеді, мембраналық фосфолипидтер спектрін қалыпқа келтіреді, лизасомаларды тұрақтандырады, биоэнергетиканы жақсартады, бауырдың экскреторлық және антиуыттық қызметтерін жақсартады, гепатиттің жедел және созылмалы түрлерінде некрозға қарсы және антипролиферативтік әсер береді . Аталған мәселеге көптеген ғылыми еңбектер арналған. Мысалы, Ф.К.Ашурованың ғылыми еңбегінде гепатопротекторлардың (протопин, гепатин және ЖСБ) иммундық жауапты айтарлықтай жоғарылатып, эритроциттерге антиденелер титрын жоғарылататыны, сонымен қатар иммундық жүйе ағзаларындағы жасушалардың мөлшері өсетіні, интактты тышқандардың шеткері қанындағы эритроциттер мен лейкоциттар санының өсетінін баяндайды. Еңбек авторы сонымен қатар, жедел және созылмалы гепатитте протопин, гепатин және ЖСБ препараттары иммундық және қан түзу ағзаларындағы бұзылыстарды коррекциялайтынын сөз етеді. Осы зерттелінген препараттар созылмалы уыттық гепатит кезінде антигентелімді цитотоксикалық Т- жасушаларының функционалдық белсенділігін арттыратыны баяндалған. Авторлардың атауынша осы препараттар жедел және созылмалы гепатитте бауырдағы, тимустағы, көкбауырдағы, лимфатикалық түйіндердегі морфологиялық бұзылыстарды қалпына келтіреді . Жалпы алғанда бауыр зақымдалуларын антиоксиданттық және гиполипидемиялық қасиетке ие дәрі-дәрмектермен емдеу қазіргі уақытта кеңінен зерттелуде .Мысалы, бауырдың уыттанып зақымдалуы кезінде ең алдымен липидтердің асқын тотығуын шектеуге және мебраналарды тұрақтандыруға бағытталатын антиоксиданттық терапия қолданылады. Гепатопротекторлар құрастырумен айналысатын ғалымдардың назары айқын антиоксиданттық белсенділікке ие қосылыстарға бағытталған. Мұндай қасиетке полифенол деген ортақ атауға ие өсімдік қосылыстарын жатқызуға болады. Полифенолдарға шамамен алғанда 4000 түрлі заттар жатады, оның ішінде флавоноидтар, катехиндер, флавонондар мен флавондарды бӛліп атауға болады. Полифенолдар адам мен жануар организмі үшін кез-келген енгізу тәсілінде уытты емес, Р- витаминдік белсенділікке ие, аскорбин қышқылының әсерін күшейтеді, капиллярлардың өткізгіштігін азайтады, өт түзілуі мен бөлінуін ынталандырады. Зертханалық жануарларда тетрахлорметан, аллил спирті, D-галактозамин және парацетамолмен туғызылған эксперименталдық уыттық гепатиттерде бұл гепатопротекторлар эссенциале мен легалонның эталонды препаратынан гөрі жоғары дәрежеде антинекротикалық әсер етеді, бауырдың антитоксикалық (уытқа қарсы) және экскреторлық қызметтерін жақсартады. Сонымен жоғарыда аталғандай қазіргі уақытта бауыр патологиялары адамдарда жиі байқалады. Сол себептен әлемнің көптеген елдерінде гепатопротекторлық дәрі- дәрмектерді іздестіру жұмыстары өткізілуде. Мұндай дәрі-дәрмектер өзінің химиялық құрылымы, әсер ету механизмі және фармакологиялық белсенділігі бойынша айырылып ерекшеленеді . Гепатопротекторлар ішінде флавоноидты препараттарды (карсил, ЛИВ-52, хофитол т.б.), аминқышқылдарын (адеметионин, орнитин), өт қышқылдарын (урсодезоксихолий қышқылы), витаминдерді, сонымен қатар жануар текті препараттарды (сирепар, гепатосан) атауға болады. Қазіргі шақта дәлелді медицина тұрғысынан адеметионин аса бір тиімді гепатопротектор болып табылатынын атап өткен жөн. Мұны оның жоғары белсенділік танытуымен қатар, гепатопротекторларға қойылатын талаптарға жауап беретіндігімен түсіндіру керек, ол талаптар: төменгі уыттық әсер ету, алғашқы өту кезінде жоғары тиімділік таныту, қабыну үдерісін азайту, бауыр регенерациясын ынталандыру, бауырдағы табиғи метаболизмді жақсарту. Адеметиониннің осындай талаптарға сәйкес екендігі клиникалық практикада дәлелденген. Қырық жылға жақын уақыттағы терапиялық қолданыс барысында адеметионин бауыр патологияларында жақсы жағынан таныла білді. Ол плацебомен салыстырғанда жоғары тиімділік симптомдарына (тері қышынулары, шаршап-шалдығу т.б.) және биохимиялық параметрлерге (билирубин, трансаминазалар т.с.с.) қатысты байқалынған. Бұған қоса айтарымыз Дж. Мато зерттеулерінде алынған мәліметтерге сәйкес алкоголдік бауыр циррозымен науқастарды ұзақ уақыт бойы адеметионинмен емдеу өлімге ұшырауды анағұрлым азайтуы мүмкін екендігін дәлелдеп берген.Бауырды зерттеу бойынша Еуропалық ассоциацияның бауырдың холестатикалық ауруларына қатысты бөлімінің заманауи клиникалық нұсқаулығында жүкті әйелдердің бауыр іші холестазы кезінде урсодезоксихолий қышқылының айтарлықтай әсер бермеуі кезінде онымен қиылыстыра отырып адеметионин қолдануы қарастырылған. Бауыр аурулары кезіндегі адеметиониннің клиникалық сынамалық зерттеулері әлі күнге дейін жалғастырылуда, ол жайлы соңғы жылдары басылымда жарық көрген вирустық С гепатиті бар науқастарды емдеу схемасына адеметионин енгізілуінен оң нәтижелер алынуы дәлел бола алады. Енді осы аталғанға талдау жасай кетсек гепатопротекторлар тобы препараттарының бірегей жіктемесі жоқ. Көбіне оларды оларды шығу тегіне қатысты және тиісінше химиялық құрамына қатысты жіктейді:
...