Гемостаз
Автор: rinatakbergen • Март 1, 2022 • Практическая работа • 468 Слов (2 Страниц) • 395 Просмотры
Қан түзуші жүйе физиологиясынан БӨЖ тапсырмалары
Хаттама құрастыру:
Тақырыбы: Гемостаз
№ 1. Тапсырма .Тромбоциттер, қызметтері.
Тромбоциттер дегеніміз — қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.
Тромбоциттер саны-180-320×10⁹/л
Тромбоциттердің қызметтері
1. Ангиотрофикалық. қан тамырды қоректендіру. Қантамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Қанда тромбоцит саны азайса, эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де, оның құрылысы өзгереді, капилляр кенересі селдіреп, ол арқылы түрлі заттар тіпті эритроцитте тез өтетін болады. Бұл тіндерге қан құйылуына әкеліп соғады, оларда көптеген ұсақ нүкте тәрізді дақтар пайда болады. Қоректік қызметін барлық тромбоциттердің 15%-і ғана атқарады.
2. Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) қызметі қан тамыры саңылауын тарылтады (спазм). Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері.
3. Қан ұйыту қызметі (гемокоагуляция). Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар (олардың жалпы саны оннан асады) болады, араб санымен белгілейді. Бұл тамырдың зақымдануы кезінде, өлім жағдайында денені қанның жоғалуынан қорғайтын маңызды реакциялардың бірі.
№ 2. Тамырлы –тромбоцитарлы гемостаз.
Кезені | Үдерістін сипаттамасы |
1.Қан тамырының рефлекстік жолмен уақытша тарылуы | Үзілген (жыртылган) кан тамырын қандағы тромбоциттен босап шыққан серотонин мен адреналин тарылтады. |
2.Тромбоциттер жабысуы(адгезиясы) | Тамырдың жыртылған (үзілген) жеріндегі оң зарядты, коллаген талшықтарына теріс зарядты тромбоциттер жабысады да тромбоциттер үймесі болады. Бірақ бүл қанды ұзақ уақыт тоқтата алмайды. |
3.Тромбоциттер агрегациясы | Жыртылған, үзілген кан тамырынан, жарылған эритроциттен және тромбоциттен бөлініп шыққан АДФ, серотонин, адреналин әсерінен тез бұзылатын, нашар бекіген, тек тромбоциттерден тұратын жұмсақ тығын пайда болады. Бұл тығын арқылы плазма ағып тұрады.Тромбоцит мембранасында АДФ, серотонин, адреналинге арналған рецепторлар болады, олармен химиялық заттар әрекеттесіп тез бұзылатын комплекс құрады дсгсн болжамдар бар. Бір тромбоциттегі белок—актин жіптері екінші бір тромбоциттегі белок — миозиндермен АДФ арқылы байланысады. |
4.Тромбоциттердің бұзылмайтын тұрақты агрегациясы | Белгілі бір қан тамыры жарақаттанған сон, 5—10 секунд өтісімен тканьдік протромбиназанық әсерімен тромбин пайда болады. Осы тромбиннің әсерімен тромбоциттер бірбіріне жабысып, агрегат күрады. Бұдан кейін онық қүрылысы бұзылады, агрегат бірегей коймалжың қоспаға айналады. Тромбоцит мембраналары бүзылады да тромбоциттік факторлар қанға өтеді. Ақырында тромбоциттерден тұратын тромб (ұйынды) пайда болады. |
5.Тромбоциттерден тұратын тромбаның нығыздалуы(ретракциясы) | Тромбостенин жиырылуы нәтижесінде жарақаттанған қан тамырына бекітілгег тромб нығыздалды да қан ағуын тоқтатады |
№ 3. Коагуляциялық гемостаз.
...