Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизімі
Автор: ayaulym Barlybekova • Сентябрь 24, 2021 • Реферат • 1,762 Слов (8 Страниц) • 340 Просмотры
[pic 1]
БОӨЖ-1
Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизімі
Орындаған:Барлыбекова Аяулым
Курс: 1
Мамандығы: Жалпы медицина
Топ: 101 Б ЖМ
Қабылдаған: Ақтан Б.Р. АКТ кафедрасы
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі
2.1 Биологиялық мембраналар
2.2 Биологиялық мембрананың түрлері
2.3 Иондық каналдар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
І КІРІСПЕ
Биологиялық мембрана — клетканың және клетка ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), белокты-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты клеткада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана клеткалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты белокты-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер XX ғасырдың басында белгілі болды.
1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май тектес заттар болады деген пікір айтты.
1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф.Грендел адам эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.
Ал 1935 ж. ағылшын ғалымдары Л.Даниелли мен Г.Даусон және америкалық биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың құрылымдық моделін ұсынды. Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану нәтижесінде клетканың барлық бөліктеріндегі биологиялық мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды. Мембраналар тек қана жартылай өткізетін, пассивті қабықтар емес, олар клетканың бүкіл маңызды функцияларына қатысады, барлық органеллалардың құрамына кіреді. Адам ағзасының мембраналырың жалпы ауданы – бірнеше жүз гектар. Фотосинтездік және тотықтандыру фосфорлендіру, клеткалардың бөлінуі, зат алмасуы, қозу және жүйке импульсын өткізу, сенсорлық рецепция, эмбриогенез және тағы басқа аса маңызды өмір сүру процесстер мембранардың қатысуымен жүзеге асырылады. Цитоплазмалық мембрананың ішкі жағының және цитоқаңқаның арасындағы байланыс клетканың қозғалуын және функционалды белсенділігін қамтамасыз етеді. Мембраналар олигомерлі ферменттердің және полиферментті комплекстердің топографиясын және ішкі құрамын анықтайды, молекулалардың әрекеттесуі арқылы ферменттердің белсенділік және өзіндік деңгейін реттейді. Плазмалық және органеллалардың мембраналарында пассивтік өткізудің иондық каналдары (натрийлік, калийлік, кальцийлік, хлорлық, протондық), және олардың электрохимиялық потенциалдарының градиенттеріне қарсы иондарды белсенді түрде тасу жүйелері (натрийлік, протондық, кальцийлік сорғылар) орналасқан, олардың қатысуымен иондық гомеостаз қалпында сақталады. Мембраналдың осы элементтерімен мембраналық потенциалды және жүйке-бұлшық еттер жүйенің спайктік белсенділігін қалыптастыру байланысты. Мембраналарда органикалық заттарды симпорт және антипорт меанизмдері арқылы сұрыптау тасымалдау жүйелері орналасқан /натрий және калий протондарымен бірге Мембраналардың кеңістіктік-уақыттық қалыптасуы бірқатар факторлармен байланысты. Мембраналарла құрылымына қарай ерекшеленген, бірақта функционалды біріктірілген матрикстер бар: құрамына интегралды және перифериялық ақуыздар кіретін, липидті биқабат /екі өлшемді құрылым/ және үш өлшемді ақуыздық каркас.
...