Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бассүйек ми нервтерін

Автор:   •  Апрель 1, 2024  •  Реферат  •  4,380 Слов (18 Страниц)  •  95 Просмотры

Страница 1 из 18

Бассүйек ми нервтерін үлкен 2 топқа жіктеп қарастырып алуға болады:

Афферентті:

1. Соматикалық-сезімтал: физикалық тітіркенуді қабылдайтын мүшелерден (қысым, температура, дыбыс және жарық), яғни теріден, есту және көру мүшелерінен келетін соматикалық - II, V, VIII.

2. Висцеральды-сезімтал, химиялық тітіркенуді қабылдау органдарынан (қоршаған ортада немесе ішкі қуыстарда әртүрлі заттардың еріген немесе түйінге айналған бөлшектері), яғни ас қорыту мүшелеріндегі және басқа да қуыстардағы жүйке ұштарынан, арнайы мүшелерден жұтқыншақтан, ауыз  және мұрын қуысынан келетін талшықтар - I, V, VII, IX, X.

Эфферентті:

3. Соматикалық-моторлы талшықтар, көлденең жолақты бұлшықеттерді, атап айтқанда: бас миотомдарынан пайда болған париетальды бұлшықеттер, көз бұлшықеттері (III, IV, VI) және тіласты бұлшықеттерді (XII), сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының алдыңғы бөлігіне екінші рет ауысқан қаңқа (соматикалық) типтегі бұлшықеттер-висцеральды (Гилл) бұлшықеттер деп аталады(V, VII, IX, X, XI).

4. Висцеральды-моторлы талшықтар, висцеральды мускулатураны нервтендіреді, яғни тамырлар мен ішектердің тегіс бұлшықеттері (ас қорыту және тыныс алу мүшелері), жүрек бұлшықеті, сондай - ақ әр түрлі бездер (секреторлық талшықтар) - VII, IX, X.

Иіс сезу нерві (I)

Иіс сезу нервтер, иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезу миынан дамиды. Оларға химиялық тітіркенулерді қабылдаушы ағзалардан шығатын висцералды-сезімтал талшықтар болады. Бұл нервтер алдыңғы ми өсінділері болғандықтан олардың ядролары болмайды да, мұрын қуысының шырышты қабығының regio olfactoria аймағында орналасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен құралған саны 15-20 шақты жіңішке нерв жіптерінің, fila olfactoria, жиынтығы болып табылады.

Fila olfactoria мұрын қуысының жоғарғы қабырғасындағы lamina cribrosa(торлы пластинка) саңылаулары арқылы өтеді, содан кейін tractus et trigonum olfactorium(обонятельный тракт және треуголник)-да жалғасатын bulbus olfactorius(обонятельная луковица)-те аяқталады.

Иіс сезудің төмендеуі - гипоосмия, артуы – гиперосмия, бұрмалануы – параосмия, мүлдем болмауы – аносмия деп аталады.

Диагностикасы:

Науқастан екінші танау жабық болған кезде әр танауға жеке-жеке жеткізілетін заттардың иісін (мысалы, сабын, кофе, дәмдеуіштер, спирт, травяные основы, камфора майы, ванильный запахтар) анықтауды сұрайды.

Нашатырный спирт сияқты резкий заттарды иіскетпейміз, себебі олар иіс сезі нерві ғана емес, сондай-ақ үшкіл нерв рецепторларын да қоздырып жіберуі мүмкін.

Көру нерві (ІІ)

Эмбриогенез үрдісінде көз бокалының аяқшасы ретінде аралық мидан өсіп шыққан, Сепп бойынша филогенез процесінде жарық рецепторымен байланысты пайда болған ортаңғы мимен тығыз байланысты. Ол жарық тітіркендірудерін өткізетін сомалық-сезімтал талшықтардан тұрады. Ми туындысы реінде оның ядросы болмайды, ал оның құрамына енетін афферентті талшықтар көздің торлы қабығының мультиполярлы  нерв жасушалар нейриттерінің жалғасын құрайды.

Көру нерві (ІІ) 
Көру нерві, n.opticus – ІІ жұп нерві, торлы қабықтың соқыр дақ (көру нерві дискісі) 
аймағында жақындасатын торлы қабықтың ганглиялық қабатының мультиполярлы 
нейрондарының аксондарынан түзілген. Көру нервінің құрамында 1 млн. 
шамасында 
талшықтар бар, сондықтан оның жуандығы қабықтарымен бірге 4 мм құрайды. 
Топографиясы бойынша көру нерві төрт бөліктен тұрады: 
1) Көз іші бөлігі - склера мен тамырлы қабықты тесіп өтеді; 
2) Көзұялық бөлік – көз алмасы мен көру өзегі аралығында; 
3) Өзек іші бөлігі – көру өзегінің ұзындығымен бірдей; 
4) Бассүйек іші бөлігі – ми негізінде, торлы қабық астындағы кеңістікте, көру 
өзегінен көру қиылысына дейін. 
Көру нервінің жалпы ұзындығы 50 мм шамасында. 
Сонымен бірге ең ұзыны 
көзұялық бөлігі (25-30 мм) Көру нерві көзұяда жан-жағынан ішкі және сыртқы 
қынаптармен қоршалған, олар мидың қатты және жұмсақ қабықтарының жалғасы, әрі 
қарай склераға ұласады. 
Қынаптар арасында, мидың қабықаралық қуыстарына ағып 
шығатын көзіші сұйықтығы бар саңылау тәрізді қынапаралық кеңістік жатыр. 
Көзұялық бөліктің орта жерінде көру нервінің сабауының астынан торлы 
қабықтың орталық артериясы (көз артериясының тармағы) кіреді, ол сәйкес венамен бірге 
көру нервінің ішінде орналасады. Ми негізінде оң және сол көру нервтері бір-бірімен 
жақындасып жартылай көру қиылысын – «Хиазма» құрады. 

...

Скачать:   txt (63.7 Kb)   pdf (228.4 Kb)   docx (28.8 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club