Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аэробты және анаэробтық шартты-патогенді коктар

Автор:   •  Май 3, 2018  •  Реферат  •  2,652 Слов (11 Страниц)  •  3,184 Просмотры

Страница 1 из 11

Астана Медицина Университеті
   Ш. И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасы

[pic 1]

Тақырыбы: Аэробты және анаэробтық шартты-патогенді коктар.

Орындаған: Калелова А. С.

Тексерген: Асемова Г. Д.

Астана 2017

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Шартты патогенділер
  •  Коктар
  •  Аэробты коктар
  •  Аэробты грамм оң коктар
  •  Аэробты грамм теріс коктар
  •  Анаэробты грамм оң коктар
  •  Анаэробты грамм теріс коктар
  •  Грамм теріс фаультативті – анаэробты таяқшалар
  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

     Коктар – морфологиясы ұқсас микробтардың өте үлкен тобын құрайды: коктардың пішіндері шар тәрізді болып келеді.

     Негізі адамдарға патогенді және шартты патогенді бактериялар жатады. Араларында қатаң анаэробтар (стафилококтар, пептострептококтар, нейссериялар), аэробтар және микроаэрофилдер бар. Коктар арасында грамм оң және грамм теріс бактериялар бар. Олардың барлығы адамдарда ауырлығымен және орналасуымен ерекшеленетін іріңді қабыну үрдістерін туғызады.


    Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (яғни, ауру қоздырғыштық) дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі: патогенді, сапрофитті және шартты – патогенді.

   Шартты – патогенділер (потенциалды патогенділер немесе оппортурнистік инфекциялардың қоздырғыштары) – бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде (пассивті енгенде) ауру туғызушылық әсер ететін микробтар. Олар патогенді микробтар мен сапрофиттердің аралық жағдайында орын алады. Шартты – патогенді микробтарға адамдардың қалыпты микрофлорасының өкілдері немесе жұқпалы аурулар тудыра алатын еркін өмір сүруші микробтар жатады. Өйткені олар эволюциялық даму барысында сапрофиттік, әрі паразиттік өмір сүру қабілеттілігін сақтаған. Патогенді микробтардың ерекшелігі сол макроорганизмнің ауруы олар үшін биологиялық түр ретінде тіршілік етуге қажетті шарт емес, тек қана симбиондық қатынастардың бұзылуының нәтижесі юлолып табылады. Патогеді және шартты – патогенді микробтардың арасындағы түпкі айырмашылығы осында болып табылады.

   Коктар – морфологиясы құсас микробтардың өте үлкен тобын құрайды. Коктардың пішіндері шар тәрізді болып келеді. Олар бөлінгеннен кейін клетка орналасуына байланысты өз ішінде топқа бөлінеді.

   Коктарға қатаң анаэробтар (пептококтар, пептострептококтар, вейлонелалар), факультативті анаэробтылар, (стафилококтар, стрептококтар, нейссериялар) аэробтар және микроаэрофилдер жатады. Коктардың арасындар грам оң және грамм теріс бактериялар бар. Олардың барлығы адамда ауырлығымен және орналасуымен ерекшеленетін іріңді қабыну үрдістерін туғызады.

   Стафилококтар Staphylococcus туыстығына жатады, оған медицинада маңызды үш түрін ажыратады: Staphylococcus aureus, S. Epidermidis және S. saprophyticus. Бұл грамм оң факультативті – анаэробты коктар.

  Стрептококтар Streptococcus туыстығына жатады, маңызды жеті түрі бар:     S. pyogenes, S. pneumoniae, S. sanguis, S. salivarius, S. mitis, S. mutans,             S. agalactiae. Бұл грамм оң фаультативті – анаэробты коктар, таза дақылдан дайындалған жағындыда тізбектеліп орналасады.

   Энтерококтар Enterococcus туыстығына жатады және бірнеше түрден тұрады: E.faecalis, E.durans, E.zigomenes, E.faecies. Олар грамм оң факультативті – анаэробты коктар, таза дақылдан дайындаған жағындыда тізбектеліп орналасады. Энтерококтар жеке туыстыққа Streptococcus туыстастығынан бөлінген, факультативті анаэробтар.

...

Скачать:   txt (40.9 Kb)   pdf (257 Kb)   docx (26.1 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club