Acқорыту жyйесiнiн ауруларындаfы клиникалык
Автор: fariza_111 • Октябрь 9, 2022 • Реферат • 1,690 Слов (7 Страниц) • 212 Просмотры
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫНДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ
СИНДРОМДАР
ДИСФАГИЯ СИНДРОМЫ
Дисфагия-бұл өңеш арқылы тамақ өтудің нашарлауы немесе толық өтпеуі. Дисфагияның келесі түрлерін ажыратады; орофарингеальді (ауыз жұтқыншақтық) и эзофорагельді (өңештік).
Орофарингеальді дисфагия алғашқы жұтыну қозғалысы кезінде пайда болады және көптеген жағдайда тамақтың мұрынға, көмейге түсуімен үйлеседі. Науқасттарда жөтел жиі пайда болады. Аталған дисфагия ауыз қуысы мен көмейдің аурулары немесе орталық нерв жүйесінің жарақаты салдарынан дамиды.
Эзофагеальді дисфагия бірнеше рет жұтыну қозғалысынан кейін пайда болады және өңеш бойындағы жағымсыз сезіммен үйлеседі. Ол өңештің қатерлі ісігінде, сілті немесе қышқылдан болған күйігінен дамыған тыртықтардан, сондай-ақ, өңештің ойық жарасында дамиды. Сонымен қатар дисфагияның себептеріне қолқа аневризмасымен немесе көкірек ішіндегі ісіктен өңештің басылып қалуы жатады.
Органикалық аурулардан пайда болатын дисфагиядан басқа физиологиялық дисфагияны бөледі. Бұл екі дисфагияларды науқастарды мұқият тексеру арқылы және аспаптық зерттеу әдістері негізінде ажыратуға болады.
Органикалық дисфагияда тамақтың өңеш арқылы өтуінің бұзылуы үнемі сипат алады. Дисфагияның себебі болған ауру өршіген сайын өңеш арқылы қатты тамақпен қоса сұйық тамақтың өтуі де қиындайды.
Физиологиялық дисфагияның себептері өңеш спазмы, кардия плазиясы (кардиальдық сфинктердің босаңсуы бұзылғанда) болуы мүмкін.
Аталған дисфагияда өңеш арқылы сұйық тамақтың өтуі қиындайды, ал қатты тамақ еркін өтеді. Функциялық дисфагия үнемі байқалмайды, ол стресті жағдайларда пайда болады. Алайда функциялық дисфагияны тек науқасқа аспаптық тексеру жүргізгеннен кейін қою керектігін естен шығармау керек.
Дисфагия өңештің бойындағы ауырсынуы сезімімен үйлесуі мүмкін. Бұл өңештің сілемейлі қабаты күйгенде, қабынғанда, өңеш тен көкірек ішіндегі ісіктерде орын алады.
Қосымша тексеру әдісіне рентгенологиялық зерттеулер жатады. Барий сульфаты қоспасын пайдаланып рентгенологиялық зерттеу жасау кезінде өңештің сілемейлі қабатының рельефін, қозғағыштық белсенділігі бағалауға және контурының өзгерістерін (кеңеюі, тарылуы, ісіктерді және т.б.) анықтауға мүмкіндік береді.
Эхофагоскпопия өңешті тексерудің аса сезімтал әдісі болып созылады. Тексеру барысында өзгерген аймақтан гистологиялық және бактериологиялық зерттеуге арналған материалды алуға, сондай-ақ, сілемейлі қабатты визуальді қарап, бағалауға жағдай туындайды.
ДИСПЕПСИЯЛЫҚ СИНДРОМ
Диспесия- этиологиясы әртүрлі тамақтың қорытыл уы ісінуі бұзылғанда пайда болатын синдромдарды белгілеу үшін қолданылатын жалпы түсініктер. Диспепсия асқазан текті (қыжылдау, кекіру, лоқсу, құсу, эпигастрий аймағының ауыруы) және ішек текті (төменде келтіріледі) болады.
Диспепсия синдромының дамуында органикалық және функциялық себептерді ажыратады.
Органикалық себептерге асқазанның ойық жарасы гастрит, созылмалы панкреатит, асқазанның қатерлі ісігі және т.б. жатады. Сонымен қатар диспепсияны басқа да аурулар туындатуы мүмкін: интоксикациялар, дәрілік препараттарды қолдану, бірқатар нерв жүйесінің аурулары, инфекциялық аурулар, жүрек аурулары сондай-ақ гинекологиялық патологиялар.
Функциялық диспепсия науқасты аспаптық тексеруден кейін асқазан-ішек жолында органикалық патология анықталмағанда қойылады.
Функциялық диспепсияны анықтауды қолданылатын көрсеткіштер (бұл көрсеткіштер халықаралық көрсеткіштерге жатады):
- Үнемі немесе қайталанатын диспепсияның болуы;
-Органикалық аурулардың анықталмауы:
- Диспепсия көріністерінің дефекациядан кейін басылмауы:
-Ағымдаңы жылы диспепсия бірнеше апта бойы жалғасуы.
Диспепсияның жеке компоненттері (лоқсу, кекіру, құсу, және т.б.) жоғарыда сипатталған.
...