Қарсақ кенорынында мұнайбергіштікті арттыру
Автор: yelaman_ • Июль 15, 2020 • Курсовая работа • 13,105 Слов (53 Страниц) • 824 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................................9 1-бөлім:Геологиялық бөлім. Кен орыны туралы жалпы мәлімет...................................10 2-бөлім: Техникалық технологиялық бөлім.Кен орнынын игеру ……………........ 18 2.2. Кен орнынын игеру игеру барысындағы нақты көрсеткіштер................................ 19 2.3. Кен орынындағы ұнғылар қоры ....................................................................................21 2.4. Жоболанған көқсеткіштер..............................................................................................22 2.5 Кабат энергиясы денгейінің озгеруін талдау...............................................................28 2.6 Кен орынды игеру реттеу эдістерінін технологиялык тиімділігін анықтау..............31 2.7 Қабаттардың тиімді игерілуін, ұңғылармен ұңғылық жабдықтардың пайдаланылуы мен техникалық жағдайын бақылау.....................................................32 2.8 Ұнгымалардын өндірімділігін арттыру әдістері...........................................................33 2.9. Кен орынын пайдалануды жақсарта түсу үшін өткізілген шаралар.......................... 34 3-бөлім:Техникалық-экономикалық бөлім.Күрделі қаржылардың пайдаланылуын талдау...............................................................................................................................35 3.2. Пайдалану шығындарының пайдаланылуын талдау...................................................36 3.3. Кен орынын пайдалану тиімділігін арттыра түсу үшін қолданылатын әдістердің экономикалық тиімділігі.................................................................................................37
4-бөлім: Еңбекті қорғау....................................................................................................47
5-бөлім: Қоршаған ортаны қорғау шаралары.............................................................48
6-бөлім: Арнайы тақырып: «Қарсақ кен орынында ұңғыларды шатгалы сораптармен пайдалану технологиясымен жетілдеру»..............................................................................51 8. Қорытынды........................................................................................................................53
9-бөлім: Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................................................55 10-бөлім: Сызба бөлімі.................................................................................................... 8.1. Кен орынының картасы 8.2. Қарсақ кен орынынң структуралық картасы 8.3. Арнайы тақырыпқа арналған сызбалар. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе Қазақстан мұнай мен табиғи газға бай елдің бірі. Қазіргі Атырау облысына жататын жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы Қарашұңғұл барлау алаңында атқыланды, кейін 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат, 1931 жылы Байшонас, 1934 жылы Ескене, Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз, 1939 жылы Құлсары, 1961 жылы Қарсақ сияқты кен орындары іске қосылды. Қазақстан жерінің барлық аймақтарында дерлік мұнай мен газ көздері бары анықталған, бірақ бүгінгі таңда тек батыс Қазақстан және Қызылорда өңірінде Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан ғана мұнай – газ өндіруде. Өзен, Қаражанбас, Теңіз, Теңіз - Өзек, Ақінген, Қаламқас, Жаңажол, Жоламан, Қосшағыл, Қисымбай, Қаратон Төлес, ендігіне Құмкөл еліміздің отын – энергетикалық кешенін одан әрі дамытуға, дамыту мақсатында, мемлекеттік маңыздылығы жоғары мәселелердің бетін алуға бел байлаған мыңдаған адамдардың тағдыры осы кен орындарының атауымен тығыздығы байланысты. Құрылған уақыттан бері қарай бұрғылау мекемесі көптеген жаңа мұнай және газ кен орындарын ашты. Прорва, Боранкөл, Қара Арна, Теңіз, Терең – Өзек, Ақінген, Аққұдық, Морскоел, Арыстановское, Қарақұдық, Тортай, Қаратон, Көшкімбай, Қосшағыл, Қисымбай тағыда басқа кен орындары ашты. Бұл жер қойнауында мұнай – газ басқа да табиғи байлықтары шоғырланған әлеуметі зор өлке көкжиекке дейін теп – тегіс мидай, жазда оны құмды шоғылдар босып жатса, қыста ақ қарасы аралас қар мен жел үрлеп жалаңаштаған ойдым – ойдым ашық жер бір – біріне бірде сирек орналасқан мұнай ұңғылары Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің түп қызығы аты әйгілі Ембі мұнай, Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы пайда болды. 1977 жылы осы аталған экспедицияны қайта біріктіру арқасында Оңтүстік – Ембі мұнай барлау экспедициясы болды және тереңдік барлау бұрғылау экспедициясы болып қайта құрылды Қазақстан мұнайының ғасырлық тарихы осыдан бастау алады. Бүгінде мұнай өндірудің жылдық көрсеткіші шамамен 30 миллион тоннаға, газ өндіру 7,5 миллиард текше метрге жетіп отыр. Өңделмеген мұнайды сыртқа шығармау 17 млн тоннадай деңгейге көтеріледі. Біздің мұнай мен газ секторына зор үміт артуымыздың берік негізі бар. Оның толық қуатында іске қосылды. Еліміздің келер ғасырдағы дамуының басты басылымдылығы. 1948 жылы «Қазмұнай барлау» тресі құрамында құрылды. Негізгі міндеті Оңтүстік Ембі мұнайлы ауданында мұнай және газ кен орындарын іздестіру және барлау. 1962 жылы Құлсары терең бұрғылау алаңдары экспедициясы болып қайта құрылды. Одан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар келе бастады. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы Жылой ауданына қарасты Қарашұңғұл алаңындағы № 7 ұңғыдан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тонна мұнай берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Бұл Қарашұңғұлдегі кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашұңғұл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды. Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандар да қажет. Сондықтан да 1930 жылы Гурьевте мұнай техникумы ашылды. Кейіннен бұл оқу орны политехникум деп аталды. Кен орындарының игерудің ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін «Ембімұнайгаз» тресінің өзінен орталық ғылыми – зерттеу лабораториясы 1934 жылы құрылды. 1986 – 1990 жылдары Республикада өнеркәсіп өндірісі жалпы алғанда 19,4 % - ға өскенде, Маңғыстау облысында 48,5 % - ға, Батыс Қазақстан облысында 30,7 % - ға өсті. Маңғыстау облысының облыстық кешені үлесіне жалпы республикалық мұнай өндірудің 83,7 % - ке, табиғи газ өндірудің 52,3 % - ке, қосалқы газ өндірудің 85 % - ке тиді. Қазіргі кезде Қазақстанда мұнай газды өндірумен, тасымалдаумен және сатумен Қазақстан Республикасының «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясына (ҰМК) кіретін ірі акционерлік қоғамдар: «Ембімұнайгаз», «Теңізмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Ақтөбемұнайгаз», «Харикен Құмкөл». Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Жалпылама түрде мұнай және газ кешені Қазақстанның негізгі жетекші ірі экономиканың дамытудың локамитивіне айналған сала. Бүгінгі таңда еліміз мұнай өндіруші державалар қатарында десек, ол айтқандық емес. Себебі, Қазақстан мұнай өндіру көлемін жыл сайын арттыруда.. Бұл ретте осы жағдайдан жету мақсатында елімізде жаңа мұнай – газ кен орындарын ашып, бұрғылардың өндірістік қуатын арттыру жүзеге асырылуда. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді 1987 жылы ТМД – ның ҚЖИК – ң бекітілуімен байланыстың 153208 мың тонна болып мұнай қоры бекітіледі. Қорыта келгенде көмірсутегінің қоры бойынша Қазақстан дүние жүзілік мемлекеттер арасында бірінші ондыққа кірді. Мұнай қорының бұрынғы технологиялық мүмкіндігіне байланысты 20 % - 30% ғана алынып, қазіргі кезде істен шыққан ұңғылар екінші реттік өңірге келтіріліп, өнім - өндірудің жаңа технологиялары қолға алынып, өнім – сапасын жақсартып, көлемін ұлғайту қолға алынып жатыр. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өлш | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 Геологиялық бөлім 1.1 Кен орыны туралы жалпы мәлімет Қарсақ кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстік шығыс бөлігінде Каспий теңізі жағалауынан 50 км арақашықтықта орналасқан. Әкімшілік жағынан алғанда Қарсақ кен орны Қазақстан Республикасы Атырау облысының Мақат ауданына қарайды. Ең жақын тұрғын пункттері солтүстік-батыста 40 км қашықтықтағы Байшонас поселкесі мен 40 км қашықтықтағы Құлсары қаласы. Ең жақын кен орын 10 км солтүстік-шығыста Ботақан кен орны. Облыс орталығы Атырау қаласы солтүстік – шығыста 100 км қашықтықта орналасқан. Атырау – Ақтау темір жол магистралі 55 км қащықтығында орналасқан. Тұрғын пункттер өзара грунтті жолдармен байланысқан. Рельефтің орташа абсолюттік белгілері минус 25 м құрайды. Шөл далаға лайықты, территория өсімдіктері кедей және тікенекті. Жантақ, жусан көп тараған әр жерде қамыс та кездеседі. Өсімдік әлемінің ке-дейлігіне тәуелді жануар әлемі де аса байлығымен ерекшеленбейді, жануар-лар әлемінің басым бөлігін кемірушілер тобы құрайды. Өзендер жүйесі жоқ . Аймақ климаты күрт континентальді қысы суық (-300С дейін), жазы ыстық (+ 450С дейін). Әдетте қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз-дың аяғына дейін сақталады.Топырақтың қату тереңдігі 1,5-2 м жетеді.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.2 Ұңғы қималары бойынша анықталған кен орынының стратиграфиясы және тектоникасы Бұрғылау ұңғымаларын неоген- төрттіктен кунгур ярусының төменгі пермінің жиналымдары ашылды. Төменде ашылған қиманың литологиялық сипаттама келтірілген. Пермь жүйесі (Р) Төменпермь бөлім (Р1) Кунгур яруст (Р1К) Кен орында ашылған ең ежелгі жиналымдар кунгур ярусының жиналымдары болып табылады. Олар үш іздеу ұңғыларымен ашылып, гидрохимиялық тұнбалары- ақ кристалл тұздарымен келтірілген. Тұз үстінде аз қалыңдықтағы гипспен, терригенді жыныс қабатшалары бар ангидридпен келтірілген кепрок кездеседі. №1 ұңғыда кунгур тұзы карниз түрінде пермотриас жиналымдарына 2030-2025м тереңдікке кірілген, қалыңдығы 95м болып келген. №2 мен №3 тұз 2186 және 2411м түпке дейін білінеді. Оның ашылған қалыңдығы сәйкесінше 224 және 389м. Пермотриас РТ Пермотриас жиналымдары үш іздеу ұңғыларымен (1,2,3) ашылған. Төменгі бөлігінде жиналымдар түрін және сұр түсті саздармен және құмтас қабатшалары бар құмдармен, сирек галька қосылымдарымен жоғары жағында көбіне алевролит, құмтас қабатшалары бар қызылқоңыр сазжар сирек- құмдар. Пермотриас жиналымдарында мұнай мен газға өнімді горизонттар анықталмаған. Ашылған қалыңдық пермотриас жиналымдарында №1 ұңғыда 492м-ден және №3 ұңғыда 837м-ге дейін. Юра жүйесі –У Төменгі юра бөлімі- У Литологиялық түрде қима ұсақ және орта, сирек ірі түйіршікті құмдардың пачкаларымен берілген сулы, жиілі аз құмтасты, құр өсімдік қалдығы бар сазды қабатшалар бар. Төменгі юра жиналымдарында мұнай мен газға өнімді горизонттар анықталмаған. Ашылған қалыңдық төменгі юра жиналымдарында 12-86м аралығында ауытқиды. Орта юра бөлім- У2 Литологиялық түрде көмір қосылымдары бар қима құмтасты- сазды жиналымдарын қатпарлануымен келтірілген. Қимада I және II мұнайға өнімді горизонттар анықталған. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Горизонттар бірінің асты бірі орналасып, бірдей құрылымды. Ортаюра жиналымдар қалыңдығы ұңғылар бойынша 383м 415м аралығында ауытқиды. Жоғары юра бөлім- У 3 Жоғарыюра бөлім барлық бұрылған ұңғылармен ашылған. Қима төменгі жағында қоңыр және сирек жанғыш сланец қабатшалары бар жасыл- сұр саздармен берілген. Жоғары жағында әктастармен ұсақ түйіршікті, қатты, жасыл- сұр қабатшалары бар мергелдер.Жоғарыюра жиналымдарының жабыны жоғарғы кедергі электрометрлі реперімен белгіленді. Ол әктасты цементті құмтас пен мергелдермен берілген. Жиналымдар қалыңдығы 4 ұңғы 89м-ден 20 ұңғы 102м-ге дейін өзгереді. Бор жүйесі- К, Төменгі бор бөлімі- К 1 Неоком бөлімше- К 1 пе Неоком готерив пен баррем ярустарының жиналымдарымен берілген. Готерив ярусы көбіне жасыл-сұр, тығыз, құм мен құмтастардың қабатшаларымен, пелиципод қалдықтары бар саздармен берілген. Баррем ярусы түсті саздар, құм және құмдардың кезектесуімен сипатталады. Неоком жиналу қалыңдығы 270м-ден (ұңғы №4,8) 296м-ге (ұңғы №3) дейін өзгереді. Апт ярусы- К ia Апт жасының жыныстары неоком жиналымдарының үстінде трансгрессивті жатыр. Ярус жабыныңда аз қалыңдықтағы (15м) кедергі 0,2-0,4ом.м су қаныққан құмды базаль горизонты жатады. Бұл горизонт жоғары жиналымдар қара- сұр, тығыз, слюдалы саздармен берілген. Апт жиналымдардың қалыңдығы 62м-ден 80м-ге дейін өзгереді. Альб ярусы- К ial Жалпы қабылданған стратиграфиялық схема бойынша альб ярусы 3 ярустарға бөлінеді: төменгі, орта және жоғары. Төменгі сұр, тығыз, ұстағанда майлы саздармен берілген. Жиналымдар қалыңдығы 174м 30 ұңғы 14 ұңғы 193м-ге дейін өзгереді. Орта альб ярус бөлімшесі төменгі бөлімдерде ақшыл рең құмтастылығымен ерекшеленеді. Қимада сирек саз қабатшалары бар сулы құмдардың үлкен қалыңдықтағы пачкалары бөлінеді. Жиналымдар қалыңдығы 105м-ден (6 ұңғы) 134м-ге өзгереді (62 ұңғы). Жоғары альб жиналымдары құмды сазды жиналымдардың пачкасымен берілген. Саздар құмтас пен құм қабатшаларымен кездеседі. Жиналымдар қалыңдығы 53 ұңғыда 34м-ден 7 ұңғыда 86м-ге дейін өзгереді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоғарыбор бөлім- К 2, Сеномон ярусы- К 2S Ярустың литологиялық құрамында құмдар басымырақ. Құмдар арасында саз қабатшалары кездеседі. Құмдар ұсақ- жұқа түйіршікті, сұр, сарылау- сұр, слюдалы. Саздар сұр және жасыл реңкі сұр, тығыз, құмтасты, әктасты, сары құмдар қабатшалары мен макрофауна сынықтары бар болып келген. Жоғарыбор бөлім- К2 Турон- коньяк ярусы- К2t Ярус жиналымдары жасыл- сұр тығыз, сазда, сұр- ақ, тығыз бор кірістірмелері жасыл саз қабатшалар бар мергелдермен берілген. Табанда фосфоритті галька белгіленеді. Турон- коньяк жиналымдарының қалыңдығы 7 ұңғыда 47м-ден 14 ұңғыда 52м-ге өзгереді. Сантон ярусы- К2St Қиманың жоғары және төменгі бөліктерінде сантон ақшыл- сұр- жасыл, тығыз, арасында қатты мергелдермен берілген. Қиманың орта бөлігінде борпылдақ ақ бор жатады. Сантон ярусының қалыңдығы 14 ұңғыда 29м-ден ұңғыда 37м-ге дейін өзгереді. Кампан ярусы- К2кт Кампан ярусының жиналымдары ақшыл- сұр-жасыл, өте әктасты, өте тығыз ақ, тығыз бор кірістірмелері бар саздармен берілген. Жиналымдар қалыңдығы 16 ұңғыда 63м-ден 17 ұңғыда 80м-ге дейін өзгереді. Неоген+төрттік жүйе (N+Q) Жиналымдар әктасты, сары- сұр, сұр- жасыл, құмтасты саздармен сынған ракуша мен сұр- сары, әр түрлі түйіршікті құмдармен берілген. Неоген төрттік жиналымдарының қалыңдығы 12 ұңғыда 48м-ден 24 ұңғыда 76м-ге дейін өзгереді. 1.3.Тектоника Құрылымдық байланыста Қарсақ кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстік- шығыс бөлігінде ұштастырылған және Жилая Коса- Жаршық- Ботақан күмбезаралық зонада орналасқан. Күмбез арасында меридиан бағыттағы овал формалы күмбезаралық мульда анықталған. Солтүстік мульда Сатыбалды күмбезінің беткейімен және Сатыбалды мен Ақаткөл күмдездерін қосатын тұзды мойнақтың оңтүстік беткейімен шектеледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Батыста ол жаршық күмбезінің шығыс қанатымен, оңтүстікте- Жилая Коса күмбезінің солтүстік беткейімен және шығыс Ботақан күмбезінің батыс қанатының құламалы беткейімен шектеледі. Тұз беті (шағылыстыратын горизонт П1) құрылым шектерінде 5800-5900м тереңдіктерінде жатады. Мұнайгаздылыққа перспективалы тұзасты жиналымдарын анық анықталған құрылымдарында кездеспейді. Тұз беті (шағылыстыратын горизонт VI) құрылымның шектерінде білінбейді, дегенмен сейсмикалық материал 2100м тереңдікте тұз барын болжамдауға мүмкін береді. Тұз беті бойынша құрылым құламалы беткейлермен сипатталады. Бар сейсмикалық мәлімет пен «Ембімұнай- геофизика» 3190-91 трест сейсмикалық бұрғылау берілгендері бойынша тұзды Қарсақ карнизі анықталды. Қарсақ карнизі юра- бор жиналымдарының аттас көтерілімнің шектерінде, Ботақан күмбезінің батыс беткейінің оңтүстік жағындағы алыс перифириясында орналасқан. Мұнда саздылықты тереңдеп, Қарсақ пен Жаршық күмбезін қосатын қысан тұз мойнаққа өтеді. Ең қысақ бөлігінде тұздың жабу тереңдігі максималды және терең 3 ұңғымасының бұрғылауының берілгендері бойынша (-2439,4м) құрайды. Мойнаққа солтүстік бөлігінде күрделі құрылымды пермо- триасты мульда жанасады. Тұз карнизі 1 ұңғыда 2030-225м тереңдіктер аралығында ашылды. Төменгірек 2000м түпке дейін қайтадан коллекторлық қасиеттері нашар құмды- сазды триас жиналымдары кетеді. 2, 3 ұңғылары тұздың негізгі денесін 2198 және 2420м түптерге 2410 және 2500м сәйкесінше ашқан. 1500-1550м тереңдіктегі ұңғылар тұзды ашпаған. Уақытша қималарда карниздің жабын мен табан бөліктерінен шағылусылар динамикалық нашар берілген. Интерпретацияда толқынды өрістің динамикалық ерекшеліктері мен тұз қалыңдығы мен пермотриас жиналымдарын сипаттайтын жанама белгілер қолданылды. Пермотриас жиналымдарының беті бойынша (V шағылысатын горизонт) құрылым нашар изометриялық формада антиклиналды қатпар болып келген. Тұйықталған изогипс бойынша өлшемдер- 1600м 3,7×2,7км, көтерілім амплитудасы 50м. Сейсмика берілгендері бойынша құрылым түсірілістермен бұзылмаған. ІІІ шағылысқан горизонт (неоком табаны) барлық бұрғыланған ұңғылармен ашылған. Бұрғыланған ұңғымалармен юра жиналымдарында аз қалыңдықтағы қабаттарда- коллекторларда 4 мұнай кеніштері анықталған. Олар І және ІІ ортаюра мұнай горизонттарына біріктірілген және өндірістік мәні бар. Өзінің түрі бойынша мұнай кеніштері қабаттық жинақтық кеніштерге жатады. Жалпы түрде құрылымдық планда горизонттар ұйқасады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жыныстардың құлау бұрыштары күмбезден периферияға қарай 2º-тан 4º-қа дейін үлкейеді. 1.4. Кен орыны мұнайының, газының және қабаттық суының физикалық қасиеттері Қарсақ кен орны қабаттық мұнайының физика- химиялық қасиеттері 20 ұңғыма алынған. 30 тереңдіктегі сынамалардан зерттеулер жүргізілген. Барлық ортаюра мұнайлары өзара ұқсас ортаюра горизонты 0,7174- 0,8405г/см3 тығыздығымен сипатталады. Көлемдік коэффициент 1,052-дан 1,276-ға дейін,газ құрамы 21,53-ден 67,5м3/т-ға дейін, тұтқырлық 1,09-ден 3,4 МПа· С-қа дейін өзгереді. Қабат қысымы 11,58- 14,42 МПа, қанығу қысымы 2,8- 11,5 МПа. Қабат температурасы 38- 52 ºС. ІІ ортаюра горизонттың қабат мұнайы 0,6789- 0,8298г/см3 тығыздықпен сипатталады. Көлемдік коэффициент 1,0298-ден 1,223-ге газқұрамдылық 10,33- 87,5м3/т. Анализдер бойынша Қарсақ кен орны мұнайда еріген газ метанды ІІ горизонтта метан құрамы 80,89-ден 91,09% ауытқиды, этан 2,74- 9,56 % шекалараларына, пропан 0,15- 3,61%. ІІ горизонтта метан құрамы 75,42- 90,25%, этан 2,22- 9,25%, пропан 1,08-ден 4,95-қа %. Газ тығыздығы 0,757- 1,034г/л, тығыздығы 0,6196- 0,1328. Сулар минерализациясы бойынша 144,746г/м-ден 1,1769г/см3-қа дейін өзгереді. Су сулин түрі бойынша хлоркальцийлі, Пальмер бойынша 3 класты. 1.5.Кен орыны мұнайының, газының қоры 1992 жылы бұрғыланған ұңғылардың берілгендері бойынша кен орынның қорлары мен геологиялық құрылымын нақтылау бойынша жұмыс жүргізілді. 10.04.1994ж қорлар бекітілді. Қ.Р. энергетика мен отын ресурстарының министрлігі В+С1 категорияларының мөлшерде: Мұнай: 10439,7мың.т. балансты, 4176,1 шығарып алынып жатқан. Еріген газ- 585,7млн.м3балансті, 234,2млн.м3 шығарып алынып жатқан С2 категориясы бойынша: Мұнай- 529,5мың.т. балансті: 24,8мың.т алынып жатқан Еріген газға- 28,07млн.м3 балансті, 11,1млн.м3алынып жатқан. Мұнайбергіштік коэффициент 0,4 болып бекітілді. 2002ж «Қазақойл- Ембі» тапсырысы бойынша мұнай мен еріген газдың қорлар қайтадан саналды. Қайтадан саналған және бекітілген бастапқы мұнай қорлары В+С1 категориясы бойынша | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
11989мың.т балансты, 5700мың.т алынып жатқан. Мұнайдағы еріген газдың қорлары В+С1 категориясы бойынша 539млн.м3 балансті, 254млн.м3алынып жатқан. Кен орын бойынша бекітілген мұнайбергіштік коэффициенті 0,415. І объект бойынша бастапқы қорлар ұлғайды: 1408мың.т. балансті 1362мың.т. алынып жатқан, ІІ объект бойынша балансты 141 мың тоннаға, алынып жатқан 161,6 мың тоннаға. 01.01.07 жыл бойынша кен орын бойынша 3212,5 мың тонна мұнай өндірілді. Қалған қор 8776,5 мың тонна балансты, 2487,5 мың тонна алынып шыққан.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. Техникалық технологиялық бөлім 2.1 Кен орнынын игеру жобасында белгіленген корсеткіштер
Қарсақ кен орны 1961 ж. ашылып, өнеркәсіптік игеруі 1962 ж. басталды. 1961 ж. «Қарсақкен орнын сынамалық игерудің жобасы» құрылды. Бұл жоба бойынша 5 пайдалану және 3 резервтік ұңғыларды бұрғылау қарастырылды. Бұрғылау нәтижесінде мұнай қоры анықталып, оны қағаз күйінде бекітті. 1962ж. «Қарсақ кен орнын игерудің технологиялық сұлбасы» құрылды. Жобада мұнай кеніштері 2 объектіге біріктірілді: І-объект І ортаюралық горизонттың 2 қабатынан тұрады. ІІ-объект ІІ ортаюралық горизонттың 3 қабатынан тұрады. Мұнай алу аймақтарындағы кеніштерді бастапқы қалпына келтіру үшін контуріштік су жіберу ұсынылды. Сол себепті 1984ж. игерудің 2 нұсқасы келтірілген «Қарсақ кен орнын игерудің технологиялық сұлбасына қосымша» құрылды. ІІ контуріштік су жіберу нұсқасы жүзеге асты. 1967 ж. қорлар мөлшері толығырақ анықталғаннан кейін «КазНИПИнефть» институтымен «Қарсақ кен орнын игеру жобасы» жасалды.ІІ нұсқа жүзеге асырылды. 1963 ж. ЦНИЛмен «Қарсақ кен орнын игерудің анализі» жасалды. Қазіргі кезде игеру ЦНИЛдің 1995ж. жасаған жобасы арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жобада игерудің 2 нұсқасы берілген, соның 2-нұсқасы арқылы жұмыстар жүргізілуде. Ол келесідей технологиялық көрсеткіштермен сипатталады: 1. Мұнай өндірудің шегі -233,3 мың т. 2. Су алудың шегі -850 мың т. 3. Су айдау шегі -742 мың м3 4. Өндіру ұңғыларының қоры -101 бірлік 5. Айдау ұңғыларының қоры -25 бірлік Соңғы жобалық құжат бойынша пайдалану ұңғыларының қоры 98 бірлік, ал айдау ұңғыларының қоры 25 бірлік болу керек. Іс жүзінде сәйкесінше 92 және 18 бірлік. 01.01.2002ж. бұғыланған ұңғылар қоры 121 бірлікті құрады. Олардан 7 ұңғы №2, 3, 5, 12, 14, 14, 23, 24 геологиялық себептермен істен шығарылды , ал №4 ұңғы бұрғылаудан кейін техникалық себептермен тоқтатылып, №64 ұңғы ликвидацичны күтуде. Айдау қорында 18 ұңғы бар (№11, 17, 18, 19, 27, 46, 55, 61, 63, 66, 67, 71, 73, 81, 102, 107, 108, 149), ал бақылау қорында – 2 ұңғы (№78, 105). | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұңғылардың пайдалану қоры 92 бірлікті құрайды. Солардың 90 жұмыс істейді. Тереңсорапты әдіспен І объектте 86 ұңғы, ал 6 ұңғы фонтанды әдіспен жұмыс істейді. СКН-5, СКД-6, СК-5, СК-6, ПШГМ типті станок качалкалар пайдаланылады. Пайдалану колонналардың диаметри 168мм. Терең-сорапты ұңғылар шығымы орта есеппен 01.01.1983 ж. үшін мұнай 8,7 т/тәул және сұйықтық 17,3 т/тәул, фонтанды ұңғыларда мұнай 24,2т/тәул және сұйықтық 26,3 т/тәул. 2.2 Кен орынын игеру барысындағы накты корсеткіштер.
01.01.1988 ж. жағдайында жалпы 127 ұңғыма бұрғыланған, олардың 3-іздеу, 14 барлау, 104 жұмыс және 6-тереңдігі 8м. тең экологиялық, қорды есептеуде қатыспаған. Кенорынның эксплуатациондық фонд 92 ұңғыманы құрайды, олардың жұмыс аиқаратын фондта 90 және жұмыс істейтіндерде 2 ұңғыма. Объект бойынша жұмыс фонды келесідей бөлінеді: 1-объект – 6 ұңғыма фонтанды түрде қолданылады, 42 – ұңғыма фонтанды түрде қолданылады. 2-объект -37 ұңғыма механикалық түрде қолданылады. Ұңғымалардың дебиті бойынша ең көп саны 5т. – 27т. Ұңғыма, 5 -10т. – 23 ұңғыма, 10 – 15т 21 ұңғыма, 15 20т. – ұңғыма, 20т асатын – 7 ұңғыма. Сулануы 4 – 99 процентке дейін улкен диапазонды алады. Жалпы кенорын бойынша суланудың орташа саны 75 процент құрайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кесте 1- Сулану бойынша ұңғыларды орналастыру
...
Доступно только на Essays.club
|