Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау

Автор:   •  Апрель 28, 2022  •  Реферат  •  1,386 Слов (6 Страниц)  •  322 Просмотры

Страница 1 из 6

Модуль 3. Мұнай мен газды жинау, дайындау, тасымалдау және өңдеу

Дәріс 13.

Тақырыбы: «Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау»

Сұрақтар:

  1. Жинау мен дайындаудың схемасы.
  2. Төменгі температурадағы сепарацияның газды дайындау кезіндегі әдістері.

Мұнай, су, газ ағыны бір құбырға буферлық қысым арқылы жиналып өлшеу қондырғысына (ӨҚ) және топтық қондырғыларға (ТҚ) тасымалданады. Скважиналар өлшеу қондырғыларына (ӨҚ), топтық қондырғыларға (ТҚ) сәулелік жүйе тәсілімен қосылып, бірақ скважиналардың қандай игеру обьектілеріне жататыны есепке алынбаған. Жоғары парафинді, жоғары тұтқырлықты мұнай өндірген кезде скважиналардың шлейфтерінде парафин түзіліп, мұнай қоюланып, әсіресе күз - қыс айларында қиыншылықтар туғызады. Скважиналардың, бір қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін скважина сағасында УН - 02 жылыту пештері орнатылған. Қазіргі уақытта ілеспе газбен жұмыс жасайтын жылыту пештері 6% қорды қамтыған.

Топтық қондырғыда скважиналардың дебиті өлшеніп, бірінші сатылы мұнай сепарациясынан өтіп, пеш арқылы мұнай жылытылып, жинау коллекторына айдалып, әрі қарай мұнай дайындау, айдау цехына тасымалданады. Дебитті өлшеу автоматталған өлшеу қондырғыларында (АЗУ) «Спутник A - 40» жүргізіледі. Әр топтық қондырғыда орнатылған есептеу құралы TOP -1-50 өндірілген сұйықтың жалпы мөлшерін, ал TOP - 1 - 80 өндірілген өнімнің мөлшерін анықтайды.

Мұнай кәсіпшіліктерінің өндірген мұнайын өлшеу үшін мұнай дайындау, айдау цехына дейін жеке мұнай құбырлары тартылып, олардың бойына есептеу станциясы «КОРМАС» орнатылған. Ол қүбырдағы жүріп жатырған мұнай, газ қоспасын және таза мұнайдың массалық шығынын, көлемін өлшейді. Мұнай құбырының диаметрі 530 мм, ұзындығы 12-25 км аралығында.

Кен орындағы пайдаланып тұрған мұнай жинау жүйесі, негізінен топтық қондырығылардан дайындау, айдау цехына дейін бірқалыпты тасмалдауды қамтамасыз етеді. Бірақ пайдалану кезінде әр түрлі қиыншылықтар болып тұрады, олар парафин түзілуден, өнімнің қоюлануынан, тұз түзілуінен басқа, ілеспе қабаттық су өндірілгеннен, ішкі коррозияға ұшырайды. Ішкі кәсіпшілік жинау жүйесіндегі ингибиторлық қорғаныссыз құбырлардың коррозияға ұшырау жылдамдығы жылына 3-8 мм құрайды. Мұнай жинау коллекторының қызмет мерзімі 2-3 жыл, жарылу жиелігі 1км жылына 3 реттен келеді. Ингибиторлық қорғанысты пайдалану коррозияның жылдамдығын азайтқанмен түпкілікті бұл мәселені шеше алмайды.

Алдын ала суды айыру қондырғысы құбырлардағы корозияны азайтып, мұнай дайындау, жинау жүйесінің жұмыс сенімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Жерасты және жер үсті жабдықтарыпда тұз түзіледі. Скважина өнімінің сулануы көбейген сайын, қондырғыларда тұз түзілуі артады. Бұл барлық жүйенің бір қалыпты жұмыс жасауын бұзады. Тұз түзілуге қарсы күресудің ең тиімді тәсілі тұзға қарсы ингибиторлар ДПФ - 1, СНПХ - 5301, SP - 203 пайдалану болып табылады.

Жоғарыдағы бөлімдерде айтылғандай әртүрлі мұнай-газ өндіру аудандарында өндірілетін мұнай газы әртүрлі құрамға ие, және де көмірсутектерден басқа, құрамында ылғал тамшысы, күкіртсутек, көмір қышқыл газы, азот және басқа да газдар болуы мүмкін.        

Газда ылғалдың, күкіртсутектің және көмірқышқыл газының болуы жабдықтар мен коммуникациялар жағдайына кері әсерін тигізеді және газды тасымалдау кезінде де айтарлықтай қиыншылықтар тудырады. Ылғал тамшылары белгілі бір жағдайда көмірсутектермен бірігіп гидраттар түзеді, олар газ қүбырларының өткізу қабілетін төмендетіп немесе толық тығындап тастайды. Конденсацияланатын көмірсутектер сұйық тығындарын түзуі мүмкін, олар да қүбырлардың өткізу қабілетін азайтады. Күкіртсутек пен көміртегінің кос тотығы жабдықтың, қүбыр мен арматураның тез тоттануына жағдай жасайды. Егерде газда күкіртсутек көп болса, онда одан арнайы қондырғылар арқылы кристалды күкіртті алуға болады, ал ол қажетті өнім болып табылады.

...

Скачать:   txt (21.4 Kb)   pdf (120.1 Kb)   docx (39.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club