Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мыс және мырыш топшалары

Автор:   •  Февраль 17, 2025  •  Реферат  •  3,906 Слов (16 Страниц)  •  45 Просмотры

Страница 1 из 16

 [pic 1]

                         

                       РЕФЕРАТ

   Пән:Бейорганикалық химия

 Тақырыбы:Мыс және мырыш                           топшалары

                          Орындаған:Аманжол Аружан

                                 Тексерген:Тулегенова Гульмира  

                                 Тобы:101-Б Фармация

                                                    Жоспар:

Мыс және мырыш топшалар элементтері;

Мыс және мырыш топшалар элементтерінің қолданылуы;

Мыс және мырыш топшалар элементтерінің физиалық және химиялық қасиеттері;

Мыс және мырыш тошалар элементтерінің қолданылуы;

Мыс және мырыш топшалар элементтерінің қоспалары;

Биологиялық рөлі;

Пайдаланылған әдебиеттер;

Мыс элеменетіне қысқаша сипаттама:

Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы:Мыс-І топтың қосымша топшасындағы металл.Мыс атомының электрондық формуласы:

+Cu 1s2|2s2 2p6|3s2 3p6 3d10|4s1

Мыс атомындағы s-электрондардың біреуі сыртқы (төртінші) энергетикалық деңгейден d-деңгейшесіне ауысқандықтан,мыс қосылыстарында +1 тотығу дәрежесін (мысалы,Cu+1 O2) және +2 тотығу дәрежесін (мысалы,Cu+2O) көрсетеді.

Табиғатта  таралуы: Мыс табиғатта негізінде байланысқан түрде кездеседі,

Мысалы мынадай минералдардың: мыс жылтыры Cu2S,куприт Cu2O, мыс колчеданы CuFeS2,малахит (CuOH)2CO3 құрамына кіреді.

Алынуы: Мыстың өндірістік алыну процесін (мыс жылтырынан) қарапайым түрде былай көрсетуге болады

2Cu2S+3O22Cu2O+2sO2

Мыс оксиді әрекеттеспей қалған мыс (I) сульфидімен Cu2S реакцияға түседі.

Осы процестің нәтижесінде мыс түзіледі:

2Cu2O+Cu2S(→┴t)6Cu+SO2

Бұл жолмен алынған мыста қоспалар болады.Таза мысты электролиз әдісімен алады.

Физикалық қасиеттері: Мыс – ақшыл-қызғылт түсті, жеткілікті дәрежеде жұмсақ, созылғыш. Балқу температурасы – 1083°С,қайнау температурасы-2540 °С. Ол – өте жақсы ток өткізгіш (тек күмістен кейін).

Химиялық қасиеттері: Құрғақ ауада қалыпты температурада мыс мүлде өзгермейді деуге болады. Температураны жоғарылатқанда мыс жай да, күрделі заттармен реакцияға түседі.

Жай заттармен өзара әрекеттесуі:

а) Cu+Cl2→┴t CuCl2

б)2Cu+O2→┴t2CuO

в)Cu+S→┴tCuS

Күрделі заттармен өзара әрекеттесуі:

а)Cu+2H2SO4→┴tCuSO4+SO2+2H2O

б)Cu+4HNO3→┴tCu(NO3)2+2NO2↑

в)Cu+8HNO3→┴t3Cu(NO3)2+2NO+4H2O

Қолданылуы: Мыс тағы да әр түрлі құймалар өндіруде қолданылады. Мыстың қосылыстары да кең түрде қолданылады, мысалы: мыс (ІІ) сульфатының кристаллогидраты (мыс купорасы) CuSO4∙5H2O өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте пайдаланылады: мыс (ІІ) гидроксиді Cu(OH)2 органикалық қосылыстағы альдегидтік топты анықтау үшін тотықтырғыш ретінде қолданылады.

Қоспалары:

Қоспа түрінде мыс екі дәрежеде тотығады. Оксид тұрақсыз дәрежеде Cu+ және көбіне тұрақты Cu2+, тиісінше көк және жасыл-көк түрінде тұз түзе кездеседі. Арнайы жасақталған жағдайда +3 тіпті +5 тотыққан қоспаларын алуға болады. Бұлар 1994 жылы Cu(B11H11)23- купроборан анионында кездескен. Мыс карбонаты(ІІ) жасыл түске ие, сондықтан мыстан жасалған ескерткіштердің, бұйымдардың және ғимараттардың жасылданып тұратыны сондықтан. Мыс сульфаты(ІІ) гидратация кезінде көк түсті мыс купорасы кристалына айналып, CuSO4∙5H2O, фунгицид түрінде қолданылады.. Және де тұрақсыз мыс сульфаты(І) кездеседі. Мыстың екі тұрақты мыс оксиді бар – мыс оксиді (І) Cu2O және мыс оксиді(ІІ) CuO. Мыс оксидтері иттрий барий мыс оксидін (YBa2Cu3O7-δ) алу үшін қолданылады. Бұлар өте жоғары өткізгіштердің негізі болып табылады. Мыс хлориді түссіз кристал (көбіне ақ ұнтақ,) тығыздығы 4,11 г/см3. Құрғақ түрінде тұрақты. Ылғалды жерде оттегімен тотығып, көк-жасыл түске енеді. Сульфит натрийнің тұз ерітіндісінде мыс хлоридін(ІІ) синтездеп алуға болады.

...

Скачать:   txt (51.7 Kb)   pdf (488.9 Kb)   docx (685.8 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club