Далалық зерттеу
Автор: Akzhan22 • Октябрь 19, 2021 • Реферат • 24,604 Слов (99 Страниц) • 700 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
[pic 1]
Реферат
«Далалық зерттеу»
7M05402 - Математика
Орындаған: Асилхан Алия.
Қабылдаған: Кошкарбаев Е. Е.
Алматы 2021.
МАЗМҰНЫ
Далалық зерттеу
I. Далалық зерттеудің жалпы ерекшеліктері
a) Далалық зерттеудің жалпы ерекшеліктері
b) Қарапайым және жылдам зерттеу дизайнын қалыптастыру
c) Табиғи ортада тікелей бақылау жүргізу
d) Құрылымдалмаған және жартылай құрылымдалған сұхбат
e) Сапалық деректі талдау
II. Далалық зерттеудің кезеңдері
- Үйсіз-күйсіздер туралы далалық
- Зерттеу ортасын таңдау
- Респонденттермен байланыс
- Өзін таныстыру
- Ақпарат жинау
- Деректі талдау
III. Далалық зерттеудің артықшылықтары мен шектеулері
Он бірінші тарау
I. Далалық зерттеу
Эксперименттік зерттеулер мен сауалнамаларды қарастырғанда оқырмандардың осы тәсілдер туралы оқып немесе нақты зерттеулерге қатысып, таныс болғанын қаладық. Осы тарауда далалық зерттеумен танысудың басқа жолына жүгінеміз. Далалық зерттеу тәсілі күнделікті тіршілігіміздің бөлшегіне айналып кеткен білуге деген құмарлыққа ұқсайды. Белгілі бір уақытта топқа немесе ұйымға қосылдыңыз яки бейтаныс жағдайға тап болдыңыз дейік (барға, рокконцертке, зерттеу әдістері дәрісіне бірінші рет бардыңыз). Онда не болып жатқанын, қалай әрекет ету керек екенін білу үшін мұқият бақылап, басқаларды тыңдадыңыз. Сондай-ақ күн сайын кездесетін (жұмыста, сыныпта, амақтан кезінде, кітапханада) адамдардың әрекеттері, ойлары мен сезімдері туралы ой жүгірттіңіз. Осы мысалдардың әрқайсысы далалық зерттеулердің мәнін көрсетеді: өзгелерді мұқият бақылап, сондай-ақ өз тәжірибемізге үңілу арқылы күнделікті өмірімізді әлеуметтік тұрғыдан түсінікті және мағыналы ету.
Бұл әркім далалық зерттеуші бола алады не барлық нәрсе саналы пайымдаумен ғана байланысты дегенді білдірмейді. Далалық зерттеулер мен саналы пайымдаудың өзге де түрлері арасындағы негізгі ұқ-састық – «табиғи түрде болып жатқан күнделікті оқиғаларды бақылау» (J.M. Johnson, 1975: 21). Далалық зерттеудің түпкі мақсаты – жеке бастың мәселесі емес, ғылыми мәселе, яғни әлеуметтік құбылыстар туралы абстракт түсінік қалыптастыру. Әлеуметтік ғылымдағы ғалымдардың арасында далалық зерттеушілер «әлеуметтік құбылыстарды көрсетуге ерекше көңіл бөледі, өйткені олар осы құбылыстардың ішінде өмір сүреді, бастан кешіреді, ұғынуға тырысады және бұл құбылыстар зерттеліп жатқан адамдарға таныс болады» (J. Katz, 1997: 391). Күнделікті өмірді бақылап, сипаттап, түсіну үшін олар арнайы дағдылар мен әдістерді дамытады.
Біз «далалық зерттеу» деген атауды таңдаған болсақ та, осы тарауда қарастырылған әдіснамалық тәсіл («сандық» зерттеулерге қарағанда) басқалардың «сапалық» деп атаған зерттеулеріне сәйкес келеді (қараңыз: H. Schwartz and Jacobs, 1979; S.J. Taylor, Bogdan and DeVault, 2016). Екі себепке байланысты мұны «сапалық зерттеу» деп атамаймыз. Біріншіден, «сапалық зерттеу» бақылау жүргізгенде сандық ақпаратты қоспау кере-гін білдіреді. Далалық зерттеудің «деректері» әдетте жазбаша, ауызша сипаттамалардан тұратынына қарамастан, зерттеушілер іс жүзінде белгілі бір мінез-құлық пен оқиғалардың жиілігі туралы деректер қалып-тастырып, мінез-құлықты тіркеу үшін есептеу тәсілін қолдана алады. Екіншіден, «сапалық зерттеу» атауы әдетте өмір жолын, визуалды әдістер мен құрылымдалмаған сұхбаттарды қоса алғанда, әртүрлі әдістерде қолданылады. Ол осы оқулықта ұсынылатын сандық зерттеулерге қарағанда әлеуметтік өмірді зерттеу мен түсінудің түбегейлі өзге тәсілі са-налады (қараңыз: Gubrium and Holstein, 1997; Denzin and Lincoln, 2005; S.J. Taylor, Bogdan and DeVault, 2016). Ал біз бұл әдістер далалық бақылауды толықтырып, әлеуметтік зерттеулерге қатысты басқа да негізгі тәсілдермен байланыстырады деген ойдамыз.
...