Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геологилық құрылысының сипаттамасы

Автор:   •  Апрель 25, 2018  •  Курсовая работа  •  5,293 Слов (22 Страниц)  •  516 Просмотры

Страница 1 из 22

Кіріспе

Қарашығанақ мұнай – газ конденсатты кен орны 1984 жылдың қараша айынан тәжірибелі өндірістік игеруде және қазіргі кезде 1991 жылдың 5 – ші шілдесінде бекітілген «Тәжірибелі - өндірістік игерудің айқындалған жобасына» сәйкес игеру жұмыстары жүріп жатыр.

ТӨИ процесінде сайклинг процесті ұйымдастыру, жобаланған сызба бойынша кен орнында бұрғылау жұмыстарын жүргізу, зертханалық және кәсіптік зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыру, игеру нысандары бойынша өнімді есептеу жұмыстарын ұйымдастыру сияқты жобаның негізгі мақсаттары орындалмады. Сонымен бірге 1988 жылдан кейін орындалған зертханалық, кәсіптік және геофизикалық зерттеулер нәтижелері жыныстардың жинағыштық қасиеттерінің (коллекторлық) және оларды қанықтырып тұрған флюидтердің қасиеттерін анықтауға жағдай жасады. Бұл Қарашығанақ кен орнының жаңа геостатикалық және флюидтік моделін құруға мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, олардың бәрі ескерілген жаңа жобалау құжатын құру қажеттілігі туды. 1997 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы кен орнын игерудің негізгі шартттары баяндалған «Өнімді бөлудің түпкілікті келісіміне» (ОБТК) қол қойды. Бұл келісімде газ – конденсатты бөлігіне газды кері айдау және горизонтальды ұңғымалар және ағысты үдемелету әдісі көмегімен мұнай жұрынын игеруді іске асыру қарастырылған.

06.11.97 жылы және 06.02.98 жылы мәжілісінде ЦКР, Казахойл, мердігер өкілдерінің біріккен шешімі бойынша Қарашығанақ кен орнын әрі қарай игерудегі жобалау құжаты технологиялық сызба болу керек деп шешілді. Бұл шешімдерді орындауда геологиялық (МҚК ҚР № 22 – 99 – У хаттамасы) және өндірілмек (14.11.99ж. ҚР. МҚК № 42 – 99 – У) қорларын қайта санау жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы мен мердігер арасындағы ӨБТК шарттарына сәйкес келетін өндірілетін газдың 40% кері аудау нұсқасын енгізуге МҚК шешімі бекітілді. Әр түрлі жобалау шешімін бағалау мақсатымен салада қабылданған үлгіге сйкес қабат моделі құрастырылды. Бұл модель мамандарға игерудің технологиялық көрсеткіштерін қайта өңдеуге және болжамдауға, ұсынылған технологиялық шешімдердің тиімділігін бағалау үшін экономикалық модельге қорытынды нәтижелерді енгізуге мүмкіндік береді. Игерудің технологиялық сызбасын құрастыру жұмысында қойнауды пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы арасындағы (ӨБТК) өнімді бөлудің түпкілікті келісімінің қағидалары мен көзқарастарын басшылыққа алды.

Игерудің технологиялық сызбасы Қазақстан Республикасының нормативті құжаты және жобалаудың техникалық тапсырмасына сәйкес КИО және НИПО мұнай – газ мамандарымен жүзеге асырылды.

2003 жылдан шоғырдың дөңбеккүмбезді бөлігіне газды екінші қайтара айдау жүйесі жұмыс жасауда сайклинг процесі өте шығынды механизм болғанымен, оны қолдану келісім шарт мерзімі аралығында конденсат бергіштігін екі есе көбейтуге мүмкіндік береді. Сөйтіп келісім – шарт мерзімі аралығында 10% конденсат өндірудің орнына 20% - дан жоғары өнім алуға жағдай туғызады.

1. Геологиялық бөлім

1.1. Кен орны туралы мәлімет

Қарашығанақ кен орны Батыс Қазақстандағы Ресей шекарасымен жақын жерде орналасқан.Оның ауданы шамамен 280 кв.километрді құрайды.Кен орны Батыс Қазақстан облысының Орал өңіріндегі құнарлы аймақты жерлерінде орналасқан және орталығы Ақсай қаласы болып саналатын Бөрлі ауданының құрамына кіреді.Ақсай қаласының жергілікті тұрғыны шамамен 25000 адамды құрайды.Кен орны Ақсай қаласынан 16 км қашықтықта. Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км қашықтықта орналасқан. Жақын ел орналасқан жерлер: Березовка (3км),Қаракемір (8км),Жаңаталап (4км), Қарашығанақ (6км), Дмитров (9км), Жарсуат (9км), Бестау (4км). Кен орнынан оңтүстікке қарай 15 км қашықтықта Орал – Илецк темір жол желісі өтіп жатыр.Кен орнының ауданын қатты төселінген Орал – Оренбург авто жолы кесіп жатыр.Кен орнынан

...

Скачать:   txt (69.9 Kb)   pdf (96.5 Kb)   docx (28.7 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club