Контрольная работа по "Геодезии"
Автор: Bbbbbbbekosha • Июнь 17, 2022 • Контрольная работа • 1,556 Слов (7 Страниц) • 254 Просмотры
Жерлерді бағалау, Қазақстан жер ресурстарын тиімді пайдалану, шаруашылықтардың табиғи экономикалық орналастырылу жағдайларын, олардың мамандандырылуын ескере отырып жолдарын жəне əдістерін зерттеген. Қазіргі кезде жер бағасын анықтау əдістері жəне республикамыздың əр аумағында əр түрлі санаттардағы жерлердің бағасы бойынша ұсыныстарды зерттеулер жетілдіру үстінде. Сонда да кəзіргі қолданыстағы əдістемелер жерді нарық айналымына түсуге мүмкіндік беріп отырған жоқ. Бұл əдістемелер тек ауыл шаруашылық арналуындағы жерлерді бағалауға бағытталған. Ал басқа санаттардағы жерлерге бұл əдістемені қолданудың реті келмейді. Жерді бағалау, оның халық шаруашылығындағы рөлі, əртүрлі санаттардағы жерлердің орналасуын нысаналы пайдалану тұрғысынан қарайық. Топыраққа қатысты ол құнарлық объектісі болып табылады барлық басқа өндіріс құралдарында жəне еңбек заттарында ондай қасиет жоқ. Топырақтарды зерттеу негізінде олардың сапалық сипаттамасы жасалынады, топтастырылады, бонитет шкаласы құрылады, бонитет баллы анықталады.
Ауыл шаруашалығында пайдаланатын жайылым жəне шабындық түрлерінің өсімдік ресурстары мал шаруашылық өнімін өндіру үшін мал азықтық құндылық жағынан бағаланады. Жайылым жəне шабындық адам үшін мал шаруашылығының даму қоры болып келеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлеріндегі жəне біршама орман аумақтарындағы өсімдік ресурстары басқа қызметті атқарғандықтан олардың нысаналық арналу жағынан өсімдік əлемін сақтау бағаланады. Ірі көлемде алғанда экологиялық жүйені климаттық, топырақтық, өсімдік жəне антропогендік факторлар бағалау туралы айтуға болады. Ауыл шаруашылығында жер өндірісінің басты құралы ретінде қаралады. Сондықтан жерді бағалау үшін ауыл шаруашылық алқаптары бірлігінің жалпы табысты шығындарды, пайдалы жəне капитализациялау коэффициенті банктік пайыз+қауып-қатер арқылы жердің нормативтік бағасын есептеуге болады. Бұл əдісті зерттеуде, ауыл шаруашылық алқаптарын бағалауда проф. Л.И.Подольский қолданды.
Жердің құны салық салуға, жалға алу төлемін орнатуда негіздеме болып саналады, бюджеттің кіріс бөліктерінің маңызды бөлігі жəне əрбір адамның қызығушылықтарына əсер етеді. Осы жағдайларда қазіргі уақытта Қазақстанда жерді бағалаудың халық шаруашылық жəне əлеуметтік маңыздылығы ескеріледі. Жердің құнын нақты бағалау шарты салық салудың тиімді жүйесінің сыни элементі, негіздемесі болып табылады, жəне əрбір жер иесі салықтардың əділ үлесін төлеуіне кепілдік береді.
Жердің құнын дұрыс бағалау арқылы мемлекеттік жəне жеке секторда жерді пайдалану саласында шешімдерді дұрыс қабылдауға əсер етеді.
3
Кадастрлық бағалау құны- мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сəйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары жəне оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны.
Аймақ-бұл өзіне тəн табиғи жəне антропогендік қасиеттер мен ресурстарға ие, мөлшерімен, ұзындығымен, орналасқан жерімен жəне басқа да көрсеткіштерімен сипатталатын, сондай-ақ нақты бір өндірістік шаруашылық қызмет объектісінің немес зерттеу объектісі болып табылатын, жер бетінің бір бөлігі.
Функционалдық аймақ- аумақтық жоспарлау құжаттарымен шекаралары жəне функционалдық мақсаты айқындалған аймақтар.
1.Елді мекендердегі (қалалардағы) жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын есептеу.
Базалық ставкалар – жер учаскелеріне төлемақының базалық стаавкаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі No890 Қаулысын негізге ала отырып есептелінеді. Жер учаскелері төлемақысының базалық ставкасы – (бұдан əрі ЖУТБС) мемлекет арқылы жер учаскесіне жеке меншік құқығы берілген кезде немесе
...