Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Ветеринарии"

Автор:   •  Апрель 19, 2023  •  Шпаргалка  •  24,423 Слов (98 Страниц)  •  176 Просмотры

Страница 1 из 98

  1. Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері.

Қызметіне байланысты сүтқоректілердің тыныс алу жүйесі: тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі сияқты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс жолдарына мұрын қуысы, аңқа, көмекей, кеңірдек, әр түрлі арналы бронхтар (ауа-тамырлар), бронхиолалар (ауа-тамыршалар) және соңғы (терминальды) бронхиолалар жатады.

Газ алмасу бөлімін көпіршікті (альвеолалы) бронхиолалар, көпіршікті жолдар, көпіршікті қапшықтар және олардың қабырғаларындағы кӛпіршіктер (альвеолалар) құрайды.

Мұрын (nasus) және мұрын қуысы – тыныс жолдарының басталар

бөлігі.

Аңқа – жұтқыншақтың ауа өтетін бөлігі. Ол мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады.

Көмекей – larynx – аңқаны кеңірдекпен жалғастыратын түтікше мүше.

Кеңірдек – trachea – кӛмекейді ӛкпе бронхтарымен байланыстыратын түтікше мүше.

Өкпе – pulmones – (грек. рneumones) пішіні конус тәрізді, құрылысы қомақты кӛкірек қуысында орналасқан паренхи-малы газ алмасу мүшесі.

Өкпенің тыныс жолдарына бронхтар тарамының мүшелері жатады. Ал респираторлы бӛлімді немесе өкпенің газ алмасу бөлімін терминальды бронхиолалардан кезегімен тарамдалатын: альвеолалы бронхиолалар, альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар және олардың қабырғаларын тҥзетін альвеолалар құрайды.

Негізгі себептері. Тыныстану жүйесі ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі: малдарды күту мен азықтандыру технологиясы бұзылуларынан организмнің сыртқы әсерлерге қарсылық күшінің төмендеуі (уыз еметін және сүтпен қоректенетін кезеңдерде азықтандыру мөлшерлерін сақтамау, ыстықтық-ылғал тәртібінің бұзылуы, салқын тигізу, ауаның шаңдануы немесе газданып кетуі, серуендетпеу т.б.) және микроорганизмдер әсері.

  1. Тыныс алу жүйесі ауруларының жіктелуі. Синдромдары

Тыныс алу жүйесінің ауруларына өте тән келеді келесі белгілер:

-жөтел:

-ентігу демікпе);

-мұрын куысынан сора ағуы:

- ассиметриялык  тыныстану:

- сырылдар.

Осы белгілерімен бірге ауруға ұшыраған малдарда байкалады -солғындык ( бостык): - қалтырау ( әлсіреу) және козуы: - тәбеттін төмендеуі немесе жоғалуы: -өнімділігі төмендеуі - кондылығы төмендеу ( жүдеу, арықтау).

[pic 1]

  1. Бронхит

Бронхтың қабынуы (бронхит) – кеңірдектің өкпеге енген тарамдарының, яғни бронх кілегей қабығының қабынуы. Бұл кеселмен малдардың барлық түрлері, әсіресе жас мал, кәрі мал және әлсіреген мал жиі ауырады.

Этиологиясы. Негізгі дəрежедегі қабыну малдың организміне суық тиюдің əсерінен, оларды төсемсіз цементті еденде ұстаудан, қорадағы ауаның ылғалдылығының артуынан, суық сумен суарудан, көгерген көмірсутекті аммиакты ауамен дем алудан пайда болады. Туынды бронхит туберкулез, маңқа, диктиокаулез, аскаридоз жəне т.б. ауруларда қосарласа жүреді. Құнарсыз азық жəне малды дұрыс байлап ұстамау аурудың дамуына ықпалын тигізеді.

Симптомдары. Жӛтел, полипноэ, спазмофилия, субфебрилдік қызба байқалады. Аускультация кезінде қырылдар, везикулярлық қатты тыныс алулар естіледі. Аурудың қолайлы ағымында жедел бронхит 1-2 апта аралығында сауығумен аяқталады; қолайсыз жағдайларда жануардың арып жҥдеуі, физикалық кҥшінің тӛмендеуі, жӛтел мен экспираторлық демігу бейнесінде созылмалы ағымына ауысуы байқалады. Созылмалы бронхит бронхоэктазиямен, ателектаздармен, эмфиземамен және катаралды бронхопневмониямен асқынады.

Диагнозын анамнез бен клиникалық зерттеулер негізінде қояды. Созылмалы бронхитте рентгенограммада бронхиалдық сурет (перибронхит) пен эмфизема ошақтары кӛрініс табады.

Емі. Ауруды тудыратын және оған ықпал ететін себептер жойылады. Қабыну экссудатының кері шығарылуын жылдамдату ҥшін бронхолитиктер, қақырық тҥсіретін дәрілер қолданылады – термопсис шӛбі, ипекакуана, жалбызтікен, мия, истод тамыры; жолжекен жапырағы, ӛгейшӛп; тасшӛп; анис, фенхель дәндері; пертусин, терпингидрат, натрий кофеин бензоаты. Жӛтелге қарсы кодеин, дионин қолданылады. Кең әсер ету ауқымындағы антибиотиктер мен сульфаниламидтер тиімді әсер береді. Аллергиялық жағдайларда фенкарол, кортикостероидтар, мукалтин, беру ұсынылған. Физиотерапия (УК-сәулелеулері, УЖЖ, соллюкс, инфраруж) жақсы нәтиже береді.

...

Скачать:   txt (362.4 Kb)   pdf (924.7 Kb)   docx (990.4 Kb)  
Продолжить читать еще 97 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club