Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Топалан жане Аусыл

Автор:   •  Ноябрь 7, 2022  •  Доклад  •  2,055 Слов (9 Страниц)  •  267 Просмотры

Страница 1 из 9

№6 дәріс

ТОПАЛАҢ

Жоспары:

  1. Ауруға сипаттама. Тарихи деректері.
  2. Таралуы. Экономикалық зияндылығы.
  3. Қоздырушысы. Төзімділігі.
  4. Індеттік ерекшеліктері.
  5. Дерттенуі. Өтуі мен симптомдары.
  6. Иммунитет.
  7. Дауалау және күресу шаралары

Көлемі: 1 сағат

Топалаң /antrah, сибирская язва/ жіті түрде өтететін зооантропоноздық, сонымен қатар, септицемия /өлі тиіп/, ауыр түрдегі интоксикация құбылыстарымен байқалатын жұқпалы ауру. Топалаң әр мал түлігінде өзінше аталады. Мысалы, жылқыда жамандат, талақ немесе қарабез, түйеде - шелек немесе ақ шелек, адамда - күйдіргі немесе текті жара, ал топалаң деген атау негізінен қой мен ешкіге тән.

Тарихи деректері. Р.Кох 1876 жылы топалаңның қоректік ортадағы таза өсіндісін алды және оның спора түзетінін анықтады.

Л.Пастер   1881 жылы бірінші болып осы микробтың әлсіретілген түрі арқылы жануарларды вакциналауға болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеп берді. Ал, осы әдіспен Ресейде Ценковский вакцина дайындады.

Топалаң бойынша Қойшыбаев, Тұрсынкулов және басқалары диссертация қорғады, олардың деректері бойынша топалаңмен ауыру өсіп келеді.

Таралуы. Қазіргі кезде топалаң дүние жүзінің көптеген еледрінде кездеседі. Қазақстанда кейінгі 50-70 жыл бойы бұл ауруға аса көңіл бөлмегендіктен, өте жиі кездесіп тұрады. Бұл ауру су тасқынынының салдарынан, қазба, жер жұмыстарынан және қатты желдердің әсерінен жиі болып тұрады.

Экономикалық зияндылығы. Ең бастысы әлеуметтік қауіпті ауру болып саналады. Сонымен қатар малдың өлуінен, өнімнің төмендеуінен, ауырған малды емдеуге және алдын алу шараларына кететін қаражаттан және де карантиндік шараларға кететін қаражаттан тұрады.

Қоздырушысы. - Bacillus anhtracis. Ауасыбағалы, спора және капсула түзетін таяқша, оң грамды, қозғалмайды. Қауашақ түзуі уытты штамдарға тән. Қауашағы жануар организмінде немесе табиғи белогы мол ортада түзіледі.

Спора қолайсыз жағдай туындағанда ғана, тек оттегінің қатысуымен 15-420С температура аралығында түзіледі.

Микроб қарапайым қоректік орталарда ЕПА, ЕПС жақсы өседі.

Пенициллин қосылған ЕПА-да өскенде домаланып шарға ұқсап өседі. Бациланың мұндай өсу қасиетін «Меруерт моншағы құбылысы» деп оны топалаңға диагноз қойю барысында пайдаланады.

Төзімділігі. Микробтың екі түрі бар: вегатативтік және споралық.

Вегатативтік түрі сыртқы ортаның қоайсыз жағдайларына төзімсіз келеді. Мәселен сойылмаған өлекседе 7 күннің ішінде ыдырап кетеді, қайнатқанда бірден өледі. Ал, споралық түрі өте төзімді келеді, қайнатқанда 45-60 минуттан кейін, 1200С автоклавта 10 минуттан кейін өледі. Топырақта 100 және одан да артық жылдар сақталады. Формалдегидтің 1% ерітіндісі күйдіргіш натридің 10% ерітіндісі тек екі сағаттан кейін ғана өлтіреді.

Індеттік ерекшеліктері. Топалаңға сүт қоректілердің барлық түрі және адамда бейім. Табиғи жағдайда көбіне ірі қара, қой-ешкі, жылқы, есек, қашыр, түйе, солтүстік бұғылары және шошқалар ауырады. Осылардың ішінде шошқаның сезімталдылығы басқаларына қарағанда төмендеу. Ал, Ет қоректілер мен құстардың топалаңға төзімділігі күштірек болады, мысалы, топалаңмен ауырту үшін үй қоянына ауру қоздырушысының 2 спорасын енгізу жеткілікті болатын болса, ит үшін 1млн доза қажет. Бірақ олар механикалық тасымалдаушы болып қалады, яғни микробтың спораларын ұзақ уақыт бойы нәжісімен бөліп шығарады.

Лабораториялық жануарлардан ақ тышқандар, теңіз шошқалары және үй қояндары өте сезімтал келеді. Оларды топалаңның уытты штамдарымен жұқтырғанда олар 24-72 сағаттың ішінде өледі.

Топалаң қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар бацилаларды несеп, нәжіс сілекей арқылы бөліп шығарады. Әсіресе микроб өлер алдындағы жануардың табиғи тесіктерінен аққан қанды сұйықтықта көп болады.

Қоздырушының ең басты берілу факторына топлаңнан өлген малдың өлексесі жатады. Өйткені жоғарыда айтқандай сойылмаған өлекседе топалаңның бацилалары 7 күннен кейін өледі. Сондықтан да ондай өлекселерді сою немесе ит басқа жыртқыштардың жұлмалауы ондағы бацилалардың оттегінің түсуіне байланысты спора түзуіне мүмкіндік туғызады.

...

Скачать:   txt (28.9 Kb)   pdf (140.6 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club