Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маңқа ауруын бактериологиялық балау

Автор:   •  Февраль 15, 2022  •  Реферат  •  1,690 Слов (7 Страниц)  •  297 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Маңқа ауруын бактериологиялық балау  

Тобы: АП-20-8к2

Дайындаған: Жавланов Р.

Қабылдаған: Жаңбырбаев М.

Шымкент,2021

Жоспар:

1. Аурудың  дамуы  және таралуы.

2. Аурудың  қоздырғышы.

3.Ауру белгілері

4.Бактериологиялық балау әдістері

Маңқа (Malleus) - тақ тұяқты малдардың айрықша дамуымен сипатталған көп уақытқа созылған жұқпалы ауру, өкпені және ішкі мүшелерінің зақымдануы, кілегейлі кабықта және теріде ерекше түйіншектер, ыдыраушылық жаралардың болуымен сипатталады. Маңқаға адам да бейімді.

      Аурулардың коздырушылары Pseudomonas mallei - ұсақ, жиі түйіршікті, қозғалмайтын, талас құрмайтын грам оң таяқша.

Маңқаға лабораториялық балау үшін серологиялық әдіс - комплемент байланыстыру реакциясы; басқа зерттеу әдістері (микроскоптық, бактериологиялык, биологиялық және гистологиялық) қажеттілік жағдайда қолданылады.

Бактериологиялық зерттеуге бағыттайды; жаралардың мұрын бөліктері, лимфа түйіндердің пунктаті, іріңді ісіктердін іріңі; өлтірілген малдардан - өкпе, бауыр, көкбауыр, мұрын қалқалар, трахеялар, кеңірдектер, лимфа түйіндері және бас.

Патологиялық өзгертулер болмаған жағдайда - өкпені лимфа түйіндерімен, жақ астындағы және тамақ жанындағы лимфа түйіршіктері. Осы материалды гистологиялық зерттеуге қолданады.

Серологиялық зерттеуге лабораторияға қан немесе қан сарысуын бағыттайды. Қанды күре тамырдан мойынның үштен бір бөлігінен стерильденген шыны түтіктерге 5-7 мл-ден алады.

Қан алудың алдында инелерді қайнатумен стерильдейді. Қан алатын орынның жүнін мұқият қырқады, теріні спиртпен дезинфекциялайды немесе 3%-тік карбол қышқыл ерітіндімен зарарлайды. Қан алуды таңертен тамақтануға дейін өткізеді. Қан алғанда, ол ағыспен шыны түтік қабырғасымен ағу үшін қадағалау керек. Алынған қанды 20-300С-та бір сағат ұйыту үшін ұстайды. Содан соң ұйыған қанды шыны түтік қабырғаларынан бөледі (сыммен), карболды қышқыл ерітіндісімен дезинфекциялайды немесе әрбір сынаудан кейін жалынның үстінде күйдіреді, кейін шыны түтіктерді 4-100С-қа қояды. 18-24 сағаттан кейін тұнған сарысуды 2-3 мл мөлшерде стерильденген құрғақ шыны түтікке құяды, стерильденген резеңке тығындармен жабады, таңбалайды, тізімді жазады және лабораторияға жаңа алынған немесе консервіленген түрде жібереді.

Қан сарысуларын консервілеуді келесі әдістермен өткізеді: 1 тамшы 5%-тік фенол ерітіндісін әрбір 1 мл қан сарысуға тұрақты араластырумен; құрғақ бор қышқылмен (4% сарысу көлеміне). Консервіленген қан сарысу зерттеуге 6 күнге дейін жарамды, егер оны 4-8°С –та сақтаса.

Зерттеу әдістері

Серологиялық зерттеу әдісі

Маңқаның серологиялық балауда негізі ауру аттардың кан сарысуында комплемент байланыстыру реакциямен ерекше антидене табылуда.

      Зерттеуге дайындау.

 КБР-ды қоюға қой эритроциттерін алу және жұмысына дайындау.

1) Эритроциттердің консервілеуіне арналған Алсивера ерітіндісі 18,7 г глюкоза, 4,2 гр хлор қосылған натрий, 8,0г  лимон қышқылды натрий, 0,5г  лимон қьшқылын 1000 см-1 тазартылған суға ерітеді. Ерітіндіні қайнауға дейін жеткізеді, суытады, қағаз сүзгі арқылы сүзеді, колба немесе флакондарға құяды және автоклавта стерильдейді,  30 минут кейін Зейтц сүзгісі арқылы сүзеді.

  1. КБР-ын коюға қой эритроциттерін даярлау үшін қанды қойдан күре тамырдан тазалықты сақтап шыны немесе фарфор моншақтар салынған ыдыстарға алады (фибринді бөлуге). Фибрині бөлінген қызыл қан торшаларын стрептомицин ерітінділерімен консервілейді (1 г стрептомицинді 20 мл физ.ерітіндісіне ерітеді, 100 мл қанға қосады).
  2. Фибрині бөлінген қан торшалары зерттеу үшін үш күнде жарамды стрептомицинмен немесе Алсивера ерітіндісімен консервіленген - 12 күн ішінде.
  3. Эритроциттерді дайындау үшін жаңадан алынған фибрині бөлінген канды қолданады немесе Алсивера ерітіндісімен консервіленген 2-4рет (15 мин) центрифугада 2000-2500 айн/мин физиологиялық ерітіндісімен үстіңгі ерітінді ақ болғанша жуады. КБР-ны койғанда эритроциттер тұнбадан 2,5%-тік еріткіштер қолданады.

      Физиологиялык ерітіндіні даярлау. 1000 см3 тазартылған суды 8,5 гр хлор қосылған натрийді ерітеді. Ерітіндіні кайнатады, суытады, кағаз сүзгі арқылы сүзеді рН-ын 7,3-7,4-ке жеткізеді, натрий гидроокистер немесе тұзды қышқыл ерітіндісін қосып белгілейді. Тәжірибе қоятын күні қолданады.

...

Скачать:   txt (24.3 Kb)   pdf (121.6 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club