Тест по "Ботанике"
Автор: kopzhasar99 • Апрель 15, 2020 • Тест • 1,102 Слов (5 Страниц) • 417 Просмотры
Бақылау сұрақтары:
- Пестицидтердің, қышқылдардың, сілтілердің, өрт қаупі бар және қатты иісі бар сұйықтықтардың қалдықтарын раковинаға құю мүмкін бе?
Пестицидтердің, қышқылдардың, сілтілердің, өрт қаупі бар және қатты иісі бар сұйықтықтардың қалдықтарын раковиналарға құймайды, оларды арнайы ыдысқа құйяды.
- Раковинаға қандай заттарды тастауға болмайды?
Раковинаға қағаз, құм және басқа қатты заттарды тастамайды.
- Зертханалық жұмыс басталғанға дейін не істеу керек?
Барлық техникалық құралдарды толық зерттеп тексеріп алғанша жұмыс бастамайды.
- Химикаттармен жұмыс істеу үшін қандай ыдысты реактивтерді, жабдықтарды қолдануға болады?
Түтіктер, шпатель, пипетка, таразылар, шыны таяқша, сүзгіш қағаз.
- Зертханада пестицидтермен жұмыс істеу ерекшеліктері.
Пестицидтермен тек қана арнайы киімде жұмыс істеуге рұқсат және жартылай жабық перделері бар сорғыш шкафтарда ғана жүргізіледі, жұмыс барысында пестицидтердің таразылар мен үстелдерге түсуіне жол бермеу, кездейсоқ шашылған немесе төгілген жағдайда препараттарды бірден залалсыздандырып,тазалау.
- Егер пестицид шашылса немесе төгілсе, не істеу керек?
Шашылған немесе төгілген пестицидтер мен олардың ерітінділерін алдымен зарарсыздандыратын сұйықтықтармен ( сілтімен, марганец қышқылды калиймен және т.б.) құйып, содан кейін ғана сүзгіш қағазбен немесе шүберекпен алып тастаңыз.
- Пестицидтің иісін қалай анықтауға болады?
Пестицидтердің иісінің ерекшелігін тек қана буы мен газды қолмен қозғалтып, бұл кезде кеудеге дем шығармай жәнепрепаратқа еңкеймей, абайлап бағыттай анықтауға болады.
Пестицидтермен жұмыс кезінде не істеуге болмайды?
Пестицидтерді және олардың ерітінділерін шкафтармен зертханалардан шығаруға тыйым салынады, зертханадан арнайы киімде шығуға тыйым салынады, өлшеу кезінде жетіспейтін санын саусақпен алып тастауға немесе себуге болмайды, сұйық заттарды өлшеу кезінде ашық ыдысты пайдалануға болмайды, жұмыс барысында пестицидтердің таразылар мен үстелдерге түсуіне жол бермеу.
- Қандай қосылыстармен және пестицид топтарымен жұмыс істеу кезінде әсіресе абай болу керек?
Фосфордың органикалық қосылыстарымен, сынап органикалық препараттармен, зооцидтермен және фумиганттармен жұмыс істегенде ерекше сақтықта болу керек.
1.Зертханада пестицидтермен жұмыс істеу ережелерін атап көрсету.
1 Пестицидтермен тек қана арнайы киімде жұмыс істеуге рұқсат етіледі (тығыз матадан жасалған халат және резеңке қолғаппен). Зертханадан арнайы киімде шығуға тыйым салынады.
2 Пестицидтермен барлық жұмыстар тек желдеткіш қосылған және жартылай жабық перделері бар сорғыш шкафтарда ғана жүргізіледі.
3 Пестицидтерді және олардың ерітінділерін шкафтармен зертханалардан шығаруға тыйым салынады.
4 Сапалы талдау нәтижелерін алу үшін пестицидтерді аз мөлшерде қолдану керек.Ұнтақ тәріздес пестицидтерді түтіктерге шпательмен, ал сұйық – пипетка арқылы тасымалданады. Сынама алғаннан кейін пестицид салынған сауыттың бетін бірден мұқият жабылуы тиіс.
5 Өлшеу кезінде жетіспейтін санын саусақпен алып тастауға немесе себуге болмайды. Сұйық заттарды өлшеу кезінде ашық ыдысты пайдалануға болмайды.
6 Жұмыс барысында пестицидтердің таразылар мен үстелдерге түсуіне жол бермеу. Кездейсоқ шашылған немесе төгілген жағдайда препараттарды бірден залалсыздандырып,тазалау.
7 Еріткіштер мен реактивтерді құю міндетті түрде тек пипеткалардың көмегімен жүргізіледі.
8 Пестицидтердің ерітінділерін тек химиялық ыдыстың қабырғаларына немесе шыны таяқшалар арқылы араластыруға болады.
9 Пестицидтердің иісінің ерекшелігін тек қана буы мен газды қолмен қозғалтып, бұл кезде кеудеге дем шығармай және препаратқа еңкеймей, абайлап бағыттай анықтауға болады.
10 Шашылған немесе төгілген пестицидтер мен олардың ерітінділерін алдымен зарарсыздандыратын сұйықтықтармен ( сілтімен, марганец қышқылды калиймен және т.б.) құйып, содан кейін ғана сүзгіш қағазбен немесе шүберекпен алып тастаңыз.
...