Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Ботанике"

Автор:   •  Апрель 19, 2023  •  Курс лекций  •  30,382 Слов (122 Страниц)  •  136 Просмотры

Страница 1 из 122

Лекция №1

Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер.

                                    

 Мақсаты: Бактериялардың құрылысы, жер бетіне таралуы, қоректенуі, тыныс алуы мен көбеюі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.

Жоспары:

 1. Дробянкалар бөлімінің жалпы сипаттамасы.

  2.Бактериялар класы.

  3.Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

 

Лекция мәтіні:

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Тhallobionta.

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом, немесе слоевище деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған, көпклеткалы болады, бірақ ол ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бқлінбейді (сабаққа, жапыраұұа, тамырға). Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонилері және антеридилері бірклеткалы болады. Түрлерінің саны жағынан және әртүрлі экологиялық – географиялық жағдайларда таралуына қарай төменгі сатыдағы өсімдіктер бірінші орында тұрады.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық заттармен де, минералдық заттарменде қоректене алады. Органикалық заттармен тек гетеретрофты организмдер (бактериялардың көпшілігі, саңырауқұлақтар, кілегейлер), ал минералдық заттармен автотрофты организмдер (негізінен балдырлар және қыналар) қоректенеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің алғашқы екі бөлімінің өкілдері (вирустар,дробянкалар) жоғарғы оқу орындарында микробиология курсында толық өтіледі, сондықтанда біз олардың біріншісіне мүлдем тоқтамаймыз, ал екіншісі негізгі бөлімдердің бірі болғандықтан оған аздап тоқталуды жөн көрдік.

Дробянкалар бөлімі – Schizophyta.

Дробянкалар өз атын көбеюіне байланысты алған. Олардың клеткаларының жай екіге бөлінуі, ядролық аппаратының бөлінуімен аяқталады. Дробянкаларға жататын организмдердің мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНҚ-сы шеңбердің ішінде жататын жалғыз ғана жіпше түзеді. Центриолдары және митодикалық жіпшелері (митодическое веретено) болмайды. Клетканың бөлінуі былайша жүзеге асырылады. Клетка бөлінбес бұрын созылып  жіңішкереді, содан соң бірітіндеп теңдей екі бөлікке бөлінеді. Дробянкаларда пластидтерде, митохондрида болмайды. Клетка қабықшасының негізін гликопептид муреин түзеді (өсімдіктердегідей целлюлоза емес). Дробянкалардың әдетте талшықтары болмайды, бола қалғанның өзінде олардың құрылысы қарапайым болып келеді. Қоректенуі автотрофты және гетеротрофты  жолдармен жүреді. Жыныстық процесі особьтардың бір-бірімен генетикалық материалдармен алмасуы жағдайында жүреді. Н.А.Красиkьниковтың (1949) системасы бойынша дробянкаларды, мынадай 5 класқа бөлуге болады: нағыз бактериялар немесе эубактериялар (Eubakteria), актиномицеттер (Actinomycetes), миксобактериялар (Myxobakteria), спирохоттер (Spirochaete), микоплазмалар (Molikutes).  Осылардың ішінде табиғатта ең көп таралғаны нағыз бактериялар немесе эубактериялар. Сондықтанда бактериялардың құрылысына және физиологиясына толығырақ тоқталамыз.

Нағыз бактериялар немесе эубактериялар класы (эубактерии) – eubakteria

   Бактериялар (грекше bakterion - таяқша) — тек микроскоппен ғана көрінетін    табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Олар ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы ағзалар.

...

Скачать:   txt (410.3 Kb)   pdf (1.8 Mb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 121 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club