Ботаника
Автор: Madina18 • Январь 31, 2018 • Доклад • 388 Слов (2 Страниц) • 901 Просмотры
Ботаника пәні жалпы теориялық курс ретінде фармакогнозиядан тәжірибелік дағдылар мен білімдерді меңгеру үшін базалық білімдердің негізін қалаушы болып саналады. Ботаника – фармацевт мамандықтарын дайындау үшін қажетті маңызды пән. Өсімдіктердің түрлі препараттарын дайындау үшін қолданылатын шикізат ретінде медициналық тәжірибеде үлкен маңызы бар.
Фармацевт дәрілік өсімдік шикізатты қолдану және талдау бойынша іскерлік пен білімді игере алу үшін өсіімдік жасушаларында өмір тіршіліктің ерекше үрдістері жүріп жататын, сыртқы және ішкі құрылысты өзара байланысты бүтін организм екені жөнінде түсінікті қалыптастыру керек.
Ботаника өсімдіктер туралы биологиялық ғылымдардың кешені ретінде өсімдіктердің систематикасынан, морфологиясынан, анатомиясынан, эмбриологиясынан, физиологиясынан, географиясынан, экологиясынан және геоботаникадан тұрады. Ботаниканың өсімдіктердің анатомиясы, морфологиясы, систематикасы, географиясы, физиологиясы, көбеюі сияқты бөлімдері фармакогнозияның негізгі бөлімдерімен тығыз байланысты және оларды оқып-игеру болашық фармацевтерге дәрілік өсімдік шикізатты даярлау, стандарттау және талдау жұмысына қажет. Өсімдік формаларының алуан түрлілігін оқып – игеру олардың құрылысының, көбеюінің, қоректену жолдарының, тіршілік жағдайларының ерекшеліктерін нақты салыстыруға негізделген.
Дәрілік өсімдіктер — қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар жэне препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар
...