Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Клетка туралы ілімнің тарихы

Автор:   •  Февраль 22, 2024  •  Реферат  •  1,562 Слов (7 Страниц)  •  117 Просмотры

Страница 1 из 7

№2 дәріс тақырыбы: 2.1. Клетка туралы ілімнің тарихы

2.2. Өсімдіктер клеткасының құрылысы

2.3. Цитоплазма

2.1.Клетка- тірі организмнің құрылымдық және функционалдық бірлігі. Барлық тірі организмдер клеткадан тұрады.

Тірі организмдер клеткалық құрылымын зерттеу жұмыстары микроскоп деп аталатын оптикалық аспаптың жасалуымен байланысты жүргізіледі.

XVI ғасырдың аяғымен XVII ғасырдың басында табиғат тану ғылымдары саласында оптикалық аспаппен тәжірибе жүргізу қауырт дамыды. Оптикалық аспаптар жасағандардың алғашқылары голландтық шеберлер ағайынды Ганс және Захариус Янсендер еді.

      Микроскопты алғаш рет ғылыми жұмысқа пайдаланған ағылшын ғалымы Роберт Гук сол кездегі барлық жаратылыс танушылар сияқты физика,химия, ботаниканы жақсы меңгерген білгірмаман болатын. Оның 1665 жылы шыққан «Микрография немесе өте майда денелерді үлкейтіп көрсететін шыны арқылы зерттеу» деген еңбегінде микроскоптан көрінген ырғай,аскөк,қамыс өмімдіктері сабақтарының жұқа кесінділерін суреттеп, оған толық сипаттама берген. Ол тығын кесіндісіндегі ара ұясы іспеттес қуыстарға клетка деген ат берді. Уақыт өте келе бұл ғылыми терминге айналды.

       Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш еңбек жазған ағылшын ғалымы        Н. Грю  және итальяндық ғалым  М. Мальпиги  еді. Бұлар бір-біріне қатыссыз өсімдіктер ұлпалары мен клеткаларының құрылымын зерттеп ол жөнінде М.Мальпиги 1671 жылы « Өсімдіктер анатомиясы туралы мәлімет», Н.Грю   1682 жылы «Өсімдіктер анатомиясының бастамасы» деген еңбектерін жазды. Ол кезде өсімдіктер клеткасының негізгі құрамдас бөлігі клетка қабықшасы болып табылады деген ұғым басым болды. Осыған қарамастан 1881 жылы Роберт Бранун клетка ядросын ашып, оның клетка тіршілігі үшін аса маңызды рөл атқаратыны туралы келелі пікір айтты.

      1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье және оның шәкірттері клетка ішіндегі сұйықтықты зерттеп, оны «протоплазма» деп атаған.

      1834 жылы шыққан ботаника оқулығының авторы, орыс ғалымы П.Ф.Горяников: «Барлық тірі дүние клеткалардан және клеткалардан пайда болады» деп тұжырымдаған.

1838 жылы Матиас Шлейден пияз клеткасы ядросының ядрошығын ашты. Клетка туралы өзіне дейінгі мәліметтерді жинақтап және өз зерттеулерінің нәтижесін пайдалана отырып ботаник М.Шлейден (1804-1881) және зоолог Теодор Шваннмен (1810-1882) бірге клетка теориясының негізін қалады. Клетка теориясынң қағидалары Шлейденнң 1838 жылғы « Өсімдіктердің дамуы туралы деректер» , Шванның 1839 жылғы « Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер» деген еңбегінде баяндалады. Осы жылдан бастап клетка теориясының негізі қалыптасты.

     Клетка теориясын Ф.Энгельс XIX ғасырдағы жаратылыстану ғылымындағы жаңалықтардың бірі болды деп жоғары бағалаған.

     1840 жылы орыс ғалымы Н.И.Железнов (1816-1877) традесканция өсімдігінің түгін зерттеп, ондағы ядроның бөлінуін байқаған.

     Біртіндеп микроскоптық техниканың жетілдірілуіне байланысты тірі организмдердің клеткалық құрылымына көптеген жаңалықтар қосылды.

      Орыс ғалымы И.Д.Чистяков (1874), Э.Страсбургер (1875)  клетканың кариокинез немесе митоз жолымыен, 1892-1894 жылы В.И.Беляев оның редукциялық, яғни мейоз жолымен бөлінуін, 1898 жылы С.Г.Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.

XIX ғасырдың аяғы мен  XX ғасырдың басында өсімдіктер клеткасын зерттеу қарқанды дамыған кезең еді. Клетканың протопласт бөлімі митохондрия, Гольджи аппараты, т.б клетка органелларының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі туралы мәліметтер жиналды. XX ғасырдың 50 жылдарында электрондық микроскоптың кең түрде қолданылуымен байланысты клетканың бұрын белгілі құрамдас бөліктерінің субмикроскоптық құрылымы зерттеліп, жаңа әсіре құрамдарын ашу жүзеге асырыла бастады. (Е.А.Агелеуов.,Ботаника.-20-21 б.)

...

Скачать:   txt (22.5 Kb)   pdf (129.5 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club