Алабұталар тұқымдасы – Chenopodiaceae (Less) –Семейство Маревые
Автор: Hhjkgggy Vgkkkoiu • Апрель 24, 2023 • Творческая работа • 655 Слов (3 Страниц) • 353 Просмотры
Алабұталар тұқымдасы – Chenopodiaceae (Less) –Семейство Маревые
Туысы: I. Терiскен – Eurotia (Adans)–Терескен
Биiктiгi 1 м-ге дейiн жететiн жартылай бұта және бұташықтар. Жапырақтары кезектесiп орналасқан, пiшiнi жұмыртқа тәрiздес, сызықты, жұлдызша түктермен жабылған, бiр жылдық өркендерi де дәл солай. Гүлдерi әр жынысты, бiр үйлi. Аталық гүлдерi 4 ұрықты, бұтақтардың бас жағында қысқа масақ тәрiздi гүл шоқтары бар. Аналық гүлдерi гүл қатпарынсыз, екi гүл шоғырында, аталық масақтардан төменiрек бiрiгiп өскен. Жемiсi түзу, тiк орналасады.
Құрғақ далаларда, шөлдерде және тасты беткейлерде, ойпаң жерлерден биiк тауларға дейiн өседi (т.д.б. 4200 м).
Таралу аймағы: Украина, Кавказ, Ресей Федерациясының Еуропалық бөлiгiнiң оңтүстiк – шығысы, Орта Азия, Сiбiр. Қазақстанның солтүстiк және биiк таулы аудандарынан басқа жерлерде кездеседi.
Шөл, шөлейт және далалық жерлердi көгалдандыруға жарамды. Отын ретiнде пайдаланылады. Жемшөптiк қасиеттерi бар.
Туысы: II. Сексеуiл – Haloxylon (Bge.) – Саксаул
Мүшеленген сынғыш бұтақшалары бар, өте ұсақ, қабыршақ тәрiздi, сабағына жабысып орналасқан жапырақтары болатын бұталар немесе аласа ағаш (12 м дейiн). Гүлдерi көрiксiз. Жемiстерi еттi, 3 - 5 жұқа қанатшалары қабысқан түрде болады. Тұқымдарындағы қабығының iшiнде көгерген ұрығы көрiнiп тұрады. Жемiстерi алыстан қарағанда гүл тәрiздес. | [pic 1] |
Тұқымының өнгiштiгi 90-95 %. Сақталу мерзiмi 6 ай. Сүректерi өте ауыр (суға батады), қатты және морт келедi. Жылдық сақиналар құрамайды. Жуандауының саны жасына сәйкес келмейдi.
Сексеуiлдiң әр түрлерi шөл және шөлейт өңiрлердiң түрлi топырақтарына және ылғалды, тұзды жағдайларға бейiмделген. 35 – 60 жыл жасайды. Тұқым және түбiр өскiндерiмен көбейедi. Шөлдi өңiрлердiң сексеуiл ормандарын құрайды. Жер жақсартуда (мелиорация), құм бекiту мақсатында маңызы зор. Сүрегi отын үшін таптырмайтын шикізат. Одан арнаулы әдiспен дайындалатын активтенген көмiр алынады. Жас өркендерiн түйелер мен қойлар жейдi.
Әзiрге белгiлiсi 3 түр: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және зайсан сексеуiлi.
Түрлерi:
- Ақ сексеуiл - H. persicum (Bge.) - Саксаул белый или песчаный
Ақшылдау немесе сұр қабықты және алыстан көкшiл сұр көрiнетiн биiктiгi 2,5 – 3,5 (6) м бұта немесе аласа ағаш. Дiңiнiң түп жағындағы диаметрi 8-20 (65) см болады. Жасылдау, құрғақ өркендерi мен жемiстерiнiң дәмi әдетте өте жағымсыз, ащы. 1000 тұқымының салмағы 4 г. Қара сексеуiлмен салыстырғанда құрғақшылыққа шыдамдылау болғанымен, тұзға шыдамсыздау және көлеңкенi көп көтермейдi. өркеш-өркеш құмды жерлерде өседi. Тамыр жүйелерi кейде 10 – 17 м тереңдiкке дейiн кетедi. Қосалқы тамырлар құрай отырып, құм басқынын жақсы көтередi. Ойпаң жерлерде қара сексеуiлмен араласып өседі.
...