Мутациялық өзгергіштілік. Мутагенез және оның түрлері. Мутация түрлері: гендік, хромосомалық, геномдық (классификация)
Автор: imanzhusupova • Октябрь 23, 2023 • Курсовая работа • 9,659 Слов (39 Страниц) • 265 Просмотры
КеАҚ С. Сейфуллин атындағы Казақ агротехничникалық университеті
Оқу практикасы
Мутациялық өзгергіштілік. Мутагенез және оның түрлері. Мутация түрлері: гендік, хромосомалық, геномдық (классификация).
Мамандық 03-050-20-11 – «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»
Нұр-Сұлтан 2022 ж.
КЕАҚ «C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»
Жіберілді
___________Кафедра
меңгерушісімен___________Бегенова А.Б.
Оқу практикасы
«Молекулалық генетика және генетикалық инженерия» пәні бойынша
Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштілік. Мутагенез және оның түрлері. Мутация түрлері: гендік, хромосомалық, геномдық (классификация).
Мамандығы 5В070100 – «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»
Орындаған:
Тексерген
б.ғ.м., аға оқутышы:
Нур-Сұлтан 2022 ж.
Мазмұны:
Кіріспе..........................................................................................................3
- Мутациялық өзгергіштілік…………………………………………….....5
- Тұқымқуалаушылық өзгергіштілік : модификациялық, онтогенетикалық, комбинативтік өзгергіштіліктер.................................5
- Мутагендер, жіктелуі.................................................................................10
- Мутагенез, ашылу тарихы, механизмі, жіктелуі: радиациялық, физикалық, химиялық, биологиялық мутагенездер................................13
- Қоршаған орта факторларының мутагенділігін зерттейтін әдістер.......17
- Мутация, жіктелуі, түрлері: митохондриялық, цитоплазмалық, гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар.....................................................18
- Мутацияны тәжірибеде сынаған ғалымдар..............................................31
Қорытынды..................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................35
Кіріспе
Алғашқы рет өзгергіштілік туралы 1868 жылы Ч. Дарвин "Үй жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі" атты еңбегінде сөз қозғаған болатын. Кейінрек, Мутация ұғымын нидерландық ғалым Гуго Де Фриз қалыптастырды. Ол 1901 жылы “Мутация теориясы” деп аталатын еңбегін жариялады. Бірақ ең бірінші рет мутацияны Ч. Дарвин 1791 жылы байқаған, Жаңа Англияда (АҚШ) қой өсіретін анкон фермасында аяқтары қысқа, денесі ұзын еркек қозы туылған. Бұл құбылыс ата-анасының біреуінің жыныс жасушасында гендік мутацияның болуы арқылы түсіндірілді. Ч. Дарвин бұл койларды "Жартылай кемтарлар" деп атаған. Жануар болғандықтан бұл құбылысқа өкінгендер болмады, өйткені, малдардың аяқтарының қысқа болуы, жайылым кедергілерінен өте алмауы, керісінше фермерлерге ұнады. Не дегенмен бұл мутация және оған қуануға болмайды.
Адамдардағы мутациялық ауытқуларды зерттей бастаған ғалымдардың бірі Л.Даун 1855 жылы Даун ауруын сипаттап жазып, ғалымның атына сәйкес ауруды атап кетті. Келесі ауруды 1960 жылы Дж.Эдвардс, Эдвардс синдромын, 1961жылы К.Патау, Патау синдромын, Шерешевский-Тернер синдромы, 1925 жылы П.Л. Шерешевский тұқымқуалаушылық ауру деп жазса, 1938 жылы Г.Тернер бұл синдромның сипаттамасын жазып қалдырған. Адамдарда кездесетін мутациялардың алуан түрлілігі бар, мен қолымнан келгенше астында баяндап жазуға тырысамын.
Қазіргі таңда мутациялық аурулар 19 ғасырдағыдай әлі де проблема, бірақ әртүрлі зерттеулер арқылы анықтауға мүмкіндік пайда болды. Өкінішке орай, гендік аурулардың емі жоқ болғандықтан, адамдар өмір бойы ерекше болып өмір сүруге мәжбүр. Ал кейбір өзгергіштілік тұқымқуаламайтындықтан оған уайымдаудың қажеті жоқ.
- Мутациялық өзгергіштілік.
Тұқым қуалаушылық сияқты өзгергіштік те барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік дегеніміз — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады. Өзгергіштік – организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс. Өзгергіштік организмнің немесе жасушаның жеке дамуы барысында, сондай-ақ, ұрпақ ішіндегі организмнің бір тобының жынысты немесе жыныссыз көбеюі кезінде байқалады.
...