Контрольная работа по "Биологии"
Автор: Sherhanhdhd • Февраль 19, 2024 • Контрольная работа • 392 Слов (2 Страниц) • 99 Просмотры
- Аналық малдардың жыныс органдары қандай мүшелерден тұрады?
Аналық малдың жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы мүшелерге Genitalia eхterna - сарпай, қынап кіреберісі және клитор, ішкі мүшелерге- Genitalia interna- қынап, жатыр, жатыр түтікшелері, аналық жыныс бездері жатады.
- Аналық малдардың сыртқы жыныс органдарының түрлік ерекшеліктері?
Әр сыртқы мүшелердін өздерінің атқаратын қызметтері бар және әр малда әр түрлі пішінде келеді және орналасулары әр түрлі
- Аналық малдардың ішкі жыныс органдарының түрлік ерекшеліктері?
Әр малда әр түрлі орналасады әр түрлі пішінде болады, күйіс қайыратын малдарда несеп клапаны нашар дамығандықтан қынап кіреберісі шекарасыз қынапқа өтеді. Қынаптыры Көлемдеріне байланысты ұзындықтары да әр түрлі болады.
- Аналық малдардың жыныс безінің атқаратын қызметі қандай?
Овуляция - аналық жыныс безіндегі фолликулдың жарылуы, осыған орай фолликул сұйығының, оған ілескен бір не бірнеше жыныс торшаларының ағып кетуі. Аналық жыныс безін кескенде екі аймақ көрінеді: қабықты - фолликулярлық және милы. Бұлар ірі қан және лимфа тамырларымен, жүйкелер мен жылтыр бұлшық ет талшықтары мен қамтамасыз етілген.
- Аталық малдардың жыныс мүшелерін атаңыздар?
Аталық малдың жыныс мүшелері аталық жыныс бездерінен /ен/, олардың шығаратын тармақтарынан /ен сағағы, ұрық жолы, несеп-жыныс жолы/, қосалқы жыныс бездерінен және жыныс мүшесінен тұрады.
- Аталық малдардың қосалқы жыныс бездерінің сипаттамасы?
Көпіршік безі ұрық жолының бойына шығаратын тармақтармен ашылатын қуық мойнының жанында орналасқан. Бұлар қошқар, бұқа және айғырда жақсы дамыған, итте жоқ.
Простата безі денеден және тарамдалған /бытыраған/ бөлімнен тұрады. Денесі қуық мойнына көлденең жатады. Аталық итте және айғырда өте жақсы, қабан мен бұқада кішкентай денесінен басқа көп санды ұсақ без топшалары бар нашар дамыған, қошқар және текеде олар тек безді топпен келтірілген
Томпақ немесе куперов безі несеп-жыныс жолына екі тармақтармен әрбір жағынан біреуден ашылады. Айғыр мен қабанда осы бездер жақсы дамыған, бұқа, қошқар, текеде онша үлкен емес, аталық итте жоқ. Уретраның кілегей қабығының қатпарларында, жыныс жолдарының бойында түтікшелі уретралды бездер орналасқан.
...