Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Биологии"

Автор:   •  Март 24, 2022  •  Контрольная работа  •  464 Слов (2 Страниц)  •  234 Просмотры

Страница 1 из 2

Медициналық паразитология 3 бөлімге бөлінеді:

1) медициналық протозоология, қарапайымдылар типіне жататын адам паразиттерін

зерттейді;

2) медициналық гельминтология,жалпақ және жұмыр құрттар типіне жататын гельминттерді

зерттейді;

3) медициналық арахноэнтомология, буынаяқтылар типінің өкілдерін (кенелер мен

насекомдарды) зерттейді.

Паразиттердің жіктелуі

Шынайы паразиттер тіршілігінің айтарлықтай уақытын иесінде өткізеді және паразитизм осы түрдің арнайы белгісі болып табылады.

Жалған паразиттер – еркін өмір сүретін түрдің жеке даралары ағзаға кездейсоқ түскенде иесінің қалыпты тіршілігін бұзылуына алып келуі мүмкін.

Уақытша паразиттер иесімен қоректену кезінде ғана жанасады.

Тұрақты паразиттерді салыстырмалы және үнемі тұрақты түрлеріне бөлуге болады:

салыстырмалы тұрақты паразиттер иесінде тіршілік циклінің кезеңдерінің бірін ғана өткізеді, үнемі тұрақты паразиттер бүкіл тіршілігін иесінде өткізеді және сыртқы ортада өздігінен тіршілік ете алмайды.

Иесінің ағзасында орналасуына байланысты экто- және эндопаразиттерді ажыратады. Эктопаразиттер (сыртқы) иесінің терісінде, түктерінде, яғни сыртқы жабындысында тіршілік етеді, ал эндопаразиттер (ішкі) кез келген мүшені зақымдауы мүмкін. Осыған байланысты ішектің, бауырдың, өкпенің, зәр шығару және жыныс жүйесінің және т.б. паразиттерін ажыратады. Сонымен бірге, кей жағдайда бірқатар паразиттер тек ғана белгілі бір мүшені зақымдаса, енді бірі әртүрлі мүшелерді зақымдауы мүмкін, сонымен қатар,

дамуының әр сатысында әр түрлі мүшені зақымдауы мүмкін.

Паразиттер иелерінің жіктелуі

Ие – паразиттің қоректену көзі және мекен жайы ретінде пайдаланатын тірі ағза. Ақырғы (тұрақты не дефинитивті), аралық және резервуарлы иелерін ажыратады.

Паразит жыныстық жолмен көбейетін және жыныстық жетілген формасында тіршілік ететін ағза ақырғы иесі деп аталады.

Паразит жыныссыз жолмен көбейетін және личикалық формасында тіршілік ететін ағза аралық иесі деп аталады.

Паразит тіршілігін сақтайтын, жиналатын, бірақ одан ары дамымайтын ағза резервуарлы иесі деп аталады. Кейбір аурулардың резервуары адам болса, енді бірінің - жануарлар. Жабайы жануарларды табиғи резервуар деп атайды.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (45.1 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club