Контрольная работа по "Биологии"
Автор: orazbekovmiras • Февраль 1, 2022 • Контрольная работа • 1,587 Слов (7 Страниц) • 374 Просмотры
Практикалық сабаққа арналған 1 тапсырма
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
- Жасушаның жалпы құрылымдық сипаттамасы. Цитоплазманың құрылымдық компоненттері. Гиалоплазманың органеллалары.
Жауабы: Жасуша - тірі организмде тіршілік ететін қарапайым жүйе. Жасуша цитоплаза мен ядродан тұрады. Цитоплазма – жасушаның негізгі бөлігі. Ол негізгі жасушалық компоненттер органеллалар мен қосындылары бар гиалоплазмадан тұрады. Гиалоплазма - цитоплазманың негізгі бөлігі. Оның құрылысында тұрақты органеллалар болады. Органеллолар ядро мен цитоплазманың байланысын қамтамасыз етеді, жасушаның қалыпты қызметіне жағдай туғызады.
- Жасушалық емес құрылымдардың әртүрлі түрлері. Симпласт,
Жауабы: Жасушалық емес құрылымдар: симпласт, синцитий және жасуша аралық зат болады.
Симпласттар – көп ядролы ірі цитоплазмадан тұратын түзіліс. Олар екі жасуша қосылғанда немесе жасушалардың цитоплазмасы бөлінбей, тек ядролары бөлінген кезде түзіледі.
- Синцитий
Синцитий — жасушалардың бөлінуі барысында цитотомия аяқталмай және олардың кейбіреулері жіңішке цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланыс сақталу нәтижесінде түзіледі.
- Жасушааралық зат
Жасуша аралық зат шығу тегі мезенхималы жасушаларының туындысы болып табылады. Ол негізгі заттан және коллаген, ретикулярлы, эластикалық талшықтардан тұрады.
- Органеллалардың жіктелуі
Жауабы: Мембраналық және мембраналық емес органеллалар болып жіктеледі. Мембраналық органеллаларға цитоплазмалық торлар, Гольджи кешені, митохондриялар, лизосомалар, пероксисомалар жатады. Мембраналық емес органеллаларға рибосомалар, жасуша орталығы және цитоқаңқа элементтері, соның ішінде микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатқызылады.
- Органеллалардың функциялары және әртүрлі тіндер мен мүшелердің құрамындағы жасушалардың мамандануы
Жауабы: Жасушалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті функцияларды орындайды. Оларда энергия өндіруден бастап жасушалардың өсуі мен көбеюін басқаруға дейінгі кең ауқымды міндеттер бар. Жасушаның мамандануы ең алдымен олардың геномының мамандануынан тұрады - гендердің көпшілігінің жоғалуы немесе тұрақты репрессиясы.
Кестелерді толтырыңыз
- Жасушалық емес құрылымдардың әртүрлі түрлерінің морфологиялық ерекшеліктерінің кестесін жасаңыз.
Жасушалық емес құрылымдардың түрлері | Морфологиялық сипаттамасы | Орналасқан орны | Қызметтері |
Симпласт | Симпласттар – көп ядролы ірі цитоплазмадан тұратын түзіліс. Олар екі жасуша қосылғанда немесе жасушалардың цитоплазмасы бөлінбей, тек ядролары бөлінген кезде түзіледі. | миосимпласт (көлденең-жолақты бұлшық ет талшығы) эмбриогенезде бірнеше миобласттардың бірігуінен құралады. Симпластың екінші мысалы хорионның симпластотрофобластысы. Жануарларда көлденең жолақты бұлшықеттерінде кездеседі. | Миосимпласттар бұлшықет талшықтарында болады.кейбір жәндіктердің ерте даму сатысында ұрықтарына тән. Жиырылу қызметін атқарады. |
Синцитий | Синцитий – жасуша бөлінген кезде цитокинез аяқталмай, цитоплазма- лық көпіршелер арқылы байланыс сақталу нәтижесінде түзіледі. | Сүткоректілерде мүндай кұрылым аталык жыныс жасушаларының даму барысында кездеседі. | Мизенхемаға және сүйек үлпасына тән |
Жасушааралық зат | Жасуша аралық зат шығу тегі мезенхималы жасушаларының туын- дысы болып табылады. Ол негізгі заттан және коллаген, ретикулярлы, эластикалық талшықтардан тұрады | Жасушаарлық заттар ерекше өнім өндіруші жасушалардың бөлетін тіндік элемент, ол ұлпаның құрамында жасушалардың арасында орналасып, жасушалар орналасатын микроортасын түзейді | барлык жасуша аралык байланыстар, тікелей немесе жасуша аралык зат аркылы, тіннін тұтас жүйе ретінде кызмет етуін камтамасыз етеді. |
...