Контрольная работа по "Биологии"
Автор: 03010365 • Октябрь 5, 2021 • Контрольная работа • 1,625 Слов (7 Страниц) • 563 Просмотры
1. Популяция DD генотипті 120 және Dd генотипті 280 даралардан тұрады. Популяциядағы геннің доминантты және рецессивті алелльдерінің кездесу жиіліктері қандай?
2. Альбинизм аутосомды-рецессивті тұқым қуалайтын белгі. Батыс Еуропа елдерінде альбинизм генінің кездесу жиілігі 1:20000 болып келеді. Батыс Еуропадағы альбиностардың кездесу жиілігін анықтаңыздар
3. Егер доминантты А аллельінің кездесу жиілігі 0,62 болса, онда рецессивті а аллельінің кездесу жиілігі қандай болмақ?
4. Егер Сс генотипті даралардың саны 254 болса, онда популяциядағы доминантты А және рецессивті а аллельдерінің кездесу жиілігі қандай болмақ?
5. Жүгері дақылында С гені алейронның боялуын, ал с гені түссіз болуын қамтамасыз етеді. Бастапқы популяция 1% рецессивті белгілері бар даралардан тұрады. Осы популяциядағы рецессивті алелльдің жиілігі неге тең?
6. Панмиксия жолымен көбейетін популяцияда генотиптердің жиілігі төмендегідей болса, онда популяциядағы F1 алынған даралардың АА, Аа және аа генотиптерінің жиілігін анықтаңыздар:
а) 0,3 АА, 0,6 Аа, 0,1 аа; ә) 0,2 АА, 0,2 Аа, 0,6 аа; б) 0,2 АА, 0,8 аа; с) 0,2 АА, 0,8 Аа; д) 0,5 АА, 0,5Аа; е) 0,6 АА, 0,4 Аа; ж) 0,4 АА, 0,2 Аа, 0,2 аа
7. Бидай клеткасындағы (Ц+Г) молярлық үлесі 46,5 %, бақа клеткаларында – 42%, егеуқұйрықта – 44% құрайды. Аталған организмдердегі ДНҚ нуклеотидтік құрамын анықтаңыздар.
8. А гемоглобинінің төртінші пептиді: Вал – Гис – Лей – Тре – Про – Глу – Глу – Лиз сияқты 8 амин қышқылдарынан тұратыны белгілі.
Ал S гемоглобинінің алтыншы амин қышқылы (глутамин валинмен, С гемоглобиніндегі лизинмен, ал G гемоглобиндегі жетінші глутамин қышқылы глицинмен) алмасқан. Гемоглобиннің төртінші пептидтегі амин қышқылдарының тізбегін бақылайтын ДНҚ бөлімшесіндегі мутация қалай пайда болды (азоттық негіздердің құрамының пайызына)
Есепті шығарудағы негізгі сатылар:
- Есептің берілген мұқият оқыңыз
- p+q=1; (p+q)2 = 1 р2 + 2рq + q2 = 1 (p+q+r)2 = 1 формулаларды пайдалана отырып, генотиптің немесе геннің кездесу жиілігін есептеу керек.
- Әрбір ген бойынша дара геннің екі аллельін тасымалдайды: гомозиготалы дара – екі бірдей, гетерезиготалы даралар – екі әртүрлі;
- Популяциядағы геннің немесе генотиптің кездесу жиілігін пайызбен есептейді;
- Популяциядағы генотиптің немесе геннің аллельінің жалпы саны 100% немесе 1 деп есептеледі.
- Доминантты А аллельінің кездесу жиілігін – p, ал рецессивті аллельді – q деп белгілейді;
- Аллельдің кездесу жиілігі популяциядағы жалпы аллельдер санының қатынасына тең;
- Ген аллельінің жиілігінің жалпы саны 1-ге тең;
- Даралардың доминантты белгісі бойынша гомозиготалардың кездесу жиілігі - р2, гетерезиготалардың жиілігі - 2рq, рецессивті белгі бойынша гомозиготалардың кездесу жиілігі - q2 деп белгіленеді.
Есептер:
1. Қара бидайдағы альбинизм — рецессивті белгі. Зерттелген 10 000 өсімдіктердің ішінде 25 альбинос өсімдіктері табылды. Гетерозиготалы өсімдіктердің % - ын анықтаңыз.
Бұл өсімдіктердің жиі кездесетін жиілігін табамыз:
q2 = 25/10000 = 0,0025.
а рецессивті аллельдердің кездесу жиілігі:
q = 0,05. Өйткені, p + q = 1 болғандықтан, онда p = 1 - q = 1 - 0,05 = 0,95.
Гетерозиготты өсімдіктердің %-ын табамыз Aa: 2pq = 2(0,95 х 0,05) = 0,095, немесе 9,5% - ға.
2. А аллель кездесу жиілігі – 0,13 болғанда рецессивті а аллельінің кездесу жиілігі қандай?
p+q=1; q=1-0,13= 0,87
3. Зерттелген даралар тобы Аа – 45 тұрады. Қалыпты және мутантты аллельдерінің кездесу жиілігін табу керек.
p, q - ?
Популяциядағы гендердің жалпы санын есептеу керек. Популяциядағы даралар саны 45, әрбір дараларда геннің екі аллельі болады, сол себепті популяциядағы аллельдердің жалпы саны – 90. Енді доминантты және рецессивті аллельдердің санын есептейміз. Даралар саны – 45, сондықтан популяциядағы геннің 45 доминантты және 45 рецессивті аллельі бар деген сөз. А
А аллельінің жиілігі: p=45/90=0,5
...