Контрольная работа по "Биологии"
Автор: ernatkanat01 • Февраль 17, 2021 • Контрольная работа • 604 Слов (3 Страниц) • 288 Просмотры
4. Микропрераттың атын, бояуын атаңыз, зерттелетін обьектілеріне сипаттама беріңіз.
Микросуреттің аталуы-Эластин типті артерия
Бояуы:-Орсеин
Зерттелетін обьектілер:
1.Ішкі қабығы
2.Ортағы қабығы
3.Сыртқы қабығы
4.Тамыр тамырлары
5. Эластикалық терезе терізді мембрана
Құрылысының сипаттамасы: Артерияның бұл түріне қолқа және өкпе артериясы жатады.
Құрлысы: Артериялардың қабырғасында 3 қабығы бар: ішкі, ортаңғы және сыртқы
Ішкі қабығы едәуір қалың, 3 қабаттан тұрады: эндотелий, эндотелий асты, эластинді талшықтар қабаты. Эндотелий қабаты өте ірі, көпбұрышты, көбінесе көп ядролы, көптеген пиноцитозды көпіршіктері бар эндотелиоциттерден тұрады. Бұл эндотелиоциттер базальды мембранаға бекінеді. Эндотелийдің астында БТҚДТ-нен түзілген құрамында коллаген мен эластин талшықтары, жасушалар, оның ішінде фибриобластар мен миоциттер болады. Ішкі эластинді мембранасы болмайды. Мұның орнына ортаңғы қабық пен ішкі қабықтардың шектесетін жерінде эластин талшықтарының өрімдері болады, бұлардың ішкісі циркулярлы, сыртқысы бойлық тік орналасқан. Ішкі қабықшасы жүректен шыққан жерде үш қалта тәрізді қақпақшаларды түзеді.
Ортаңғы қабық көптеген эластинді компоненттерден түзіледі, ересек адамдарда 50-70 терезелі эластинді мембраналары болады. Қолқаның ортаңғы қабығы басқа қабықшалардың эластикалық элементтерімен біріге бірыңғай эластикалық каркас құрайтын, өзара эластикалық талшықтар арқылы байланысқан, көптеген ойықты эластикалық мембранадан тұрады. Эластикалық типті артериялардың ортаңғы қабықшасының мембраналарының араларында жазық бұлшық ет жасушалары орналасқан, олар мембраналарға қиғаштай орныққан. Ойықты эластикалық мембраналар, эластикалық, коллаген талшықтары және жазық миоциттер гликозамингликандарға бай негізгі аморфты затта ораналасады. Ортаңғы қабықшаның мұндай құрылысы қолқаға серпімділік береді, жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған кезде тамырға шыққан қанның соққысын жұмсартады.
Сыртқы қабық негізінен бойлай бағытталған, көп мөлшерде жуан эластикалық және коллаген талшықтары бар борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады. Сыртқы қабығында қоректендіруші тамырдың тамырларыы және жүйкелік бағаншалар өтеді. Сыртқы қабық тамырды шектен тыс созылудан және жыртылудан сақтайды.
Қызметтері:Ірі калибрлі артериялар негізінен тасмалдау қызметін атқарады.Эластикалық элементтердің көп болуы бұл тамырларға жүректің систоласы кезінде созылуына, ал дистоласы кезінде қалпына келуіне мүмкіндік береді. Тасымалдау, қан қысымын бір қалыпты ұстап тұру. Эластин түріндегі артерияларға қан өте жоңары қысым арқылы қозғалысқа келетін болғандықтан, бұлардың қабырғасы жүректің систолдық кезінде созылып, ал диастолдық кезеңінде тез бұрынғы қалыпқа келеді.
14. Микропрераттың атын, бояуын атаңыз, зерттелетін обьектілеріне сипаттама беріңіз.
Микросуреттің аталуы-Өкпе. Соңғы бронхиола. Ацинус.
Бояуы:- Гематоксилин-эозин
Зерттелетін обьектілер:
1.Соңғы бронхиола
2.Респираторлы бронхиола
3.Альвеолалар жолы
4.Альвеолалар қапшығы
5.Қан тамырлар
Құрылысының сипаттамасы: Соңғы бронxиолалардың диаметрі 0,5мм. Шырышты қабықшасы бір кабатты текшелі кірпікшелі эпителиймен қапталған,құрамында микробүрлі,кірпікшелі және Клар жасушалары кездеседі.Шырышты қабықшаның меншікті табақшасында бойлай бағытталғын эластикалық талшықтар орналасады ,олардың арасында жазық бұлшыш ет жасушаларының шоғырлары орналасады.Осының нәтижесінде бронxиолалар ауаны жұтқан кезде оңай созылады және демді сыртқа шығарған кезде бастапқы күйіне келеді.бронxтардың эпителиінде және альвеола аралық дәнекер тінінде Лангерганс жасушалары кездеседі.Олардың пішіні өсінділі,ядросы бөлшектенген,цитоплазмасында теннистік ракетка тәрізді (Бирбек түйіршіктері)маманданған түйіршіктер болады.Олар антигентаныстырушы жасушалардың қызметін атқарад,интерлейкиндерді және ісіктердің некрозының факторын бөледі.Өкпенің респираторлық бөлімінің құрылымдық-қызметтік бірлігі өкпе ацинусы.Ол қан мен альвеолалардағы ауа арасында газ алмасуды іске асыратын,респираторлық бронxиолалардың, альвеолярлық жолдардың және қапшықтардың қабырғасында орналасқан, альвеолалар жүйесі болып табылады.Адам өкпесінде ацинустардың жалпы саны 150000 жетеді.Ацинус 1-ші реттік респираторлық бронxиоладан басталады,ол диxотомиялық жолмен 2-ш,кейін 3-ші реттік респираторлық бронxиолаларға бөлінеді. Бронxиолалардың қуысына альвеолалар ашылады. Әрбір 3-ші реттік респираторлық бронxиола альвеолярлық жолдарға бөлінеді, ал әрбір альвеолярлық жол бірнеше альвеолярлық қапшықтармен аяқталады. Ацинустар бір-бірінен жұқа дәнекер тіндік қабаттар арқылы бөлінеді;12-18ацинустар өкпе бөлікшесін құрайды. Респираторлық бронxиолалар 2 қабықшадан тұрады: шырышты және адвентициялық. Шырышты қабықшасы бір қабатты текшелі эпителиймен қапталады. Оның құрамында кірпікшелі жасушалар сирек, ал Клар жасушалар жиі кездеседі. Шырышты қабықшаның етті табақшасы жұқарады және жекелеген ,айнымалы бағытта орналасқан б/ет жасушаларының шоғырларына ыдырайды. Сыртқы адвентициялық қабықшаның дәнекер тіндік талшықтары интерстициалды дәнекер тініне ұласады. Альвеолярлық жолдар мен альвеолярлық қапшықтардың қабырғасында бірнеше ондаған альвеолалар орналасады. Ересек адамдарда олардың жалпы саны 300-400млн жетеді. Альвеолалар жұқа дәнекер тіндік альвеола аралық тосқауылдармен бөлінген, оларда тосқауылдың көлемінің шамамен 75% алатын, қан қылтамырлары өтеді. Альвеолалар арасында диаметрі 10-15мкм тесіктер-альвеолярлық тесікшелер түрінде байланыстар бар. Альвеолалардың ішкі беті альвеолярлық эпителиймен қапталған. Онда I типті(респираторлық) және II-ші типті (секреторлық) пневмоциттер ажыратылады. I-типтілер альвеолалардың бітінің 95%алып жатады,олар газ адмасуды осуществляет.ІІ-типтілер,сурфанктантты альвеолярлық кешеннің құрамына кіретін, беткейлік белсенді заттар (ББЗ) құрайтын нәруыздарды, фосфолипидтерді,көмірсуларды өндіреді.
...