Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасуша биологиясы

Автор:   •  Февраль 3, 2020  •  Практическая работа  •  12,896 Слов (52 Страниц)  •  684 Просмотры

Страница 1 из 52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тұрабай Нұрсұлтан Әлназарұлы

ЖАСУША БИОЛОГИЯСЫ

зертханалық сабақтарға арналған оқу әдістемелік құралы

(Жоғары оқу орындары білім  мамандықтарының студенттеріне арналған)

Шымкент

2020

        Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты оқу- әдістемелік кеңесінің қаулысымен баспаға ұсынылған (№__ хаттама, __.__.20__ ж.).

Пікір жазғандар:

Исаев Е.      –  биология ғылымдарының кандидаты,  доцент

Сарсембаева М.У.   –  биология ғылымдарының кандидаты,  доцент

                               

Айтбаева А.Е.

Цитология және гистология  – Шымкент: ОҚМПУ,  2020. - 49 бет

Әдістемелік  құралдың негізгі  мақсаты- мұнда  студенттерге жасуша және жасуша  теориясын, жасушаның құрылымын,  оның басты органоидтарын  толық  ұғындыру.   Әдістемелік  құралда жасушаның химиялық құрамы, құрылысы, атқаратын қызметі, зат алмасуы, энергиясы мен информациясы, тітіркенгіштігі туралы білімді қалыптастыру бағытындағы кең, көлемді мәселелерді қамтиды. Зертханалық жұмыстарда оқу-әдістемелік нұсқаулары да оқу бағдарламасына сай.  Студенттердің  өзінше  жұмыс істеуіне  ерекше  көңіл   бөлінген. Оқу құралы жоғары оқу орындарының білім беру мамандықтарының студенттеріне, практикалық қызметтерінде арналған.

КІРІСПЕ

Жасуша биологиясы пәні тірі табиғатты танып білу үшін қажетті іргелі пәндердің бірі болып табылады. Цитология - өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының құрылысы мсн қызметін зерттейтін ғылым болса гистология - жануарлар организмінің ұлпаларын зерттейтін ғылым.

        "Цитология және гистология" курсының мақсаты студенттерге өсімдіктер және жануарлар клеткаларының құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтарын, жануарлардың ұлпалалар жүйесінін кұрылысы, қызметі, генезисі мен негізгі түрлерінің классификациясы жане әртүрлілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.

        Студентгер алған жоғары теориялық, білім деңгейлерін практикада қолдана білуі керек. Практикалық сабақтарда цитологиялық, гистологиялық препараттарды, оқи білуді, клетка типтері мен ұлпалардың негізгі түрлерін суреттер  мен сызбалардан ажырата алуды үйренеді.

        Курсты окыту кезінде цитология және гистологияның басқа да биологиялық пәндермен - адам анатомиясымеи, зоологиямен, биохимиямен, молекулалық биологиямен, физиологиямен, иммунологиямен тығыз байланысты екенін түсіндіру. Сонымен қатар цитология және гистологияның биология, экология медицина, ауыл шаруашылығы салалары үшін практикалық маңызының зор екенін түсіндіру.

Цитологая курсы өсімдік және жануар жасушаларынан, ұлпаларынан тікелей жасалған, болмаса тұрақты препараттарды зерттеуге бағытталған. Осыған қосымша кұралда жай микроскоппен көрінбейтін, тек электронды микроскоп арқылы ғана көрінетін жасуша құрылысының немесе органоидтарының жоба суреттері беріледі. Мұндағы мақсат студенттерді өз бетімен оқуға, ізденуге, қисынды пікірлер дамытуға және цитологиядан алған білімдерін басқа пәндерді оқығанда пайдалана білуге үйрету. Бұл, біріншіден, оқытушыны қосымша түсіндіруден босатып, екіншіден, студенттерге өз бетімен құралды пайдалана отырып, цитологиялық препараттарды зерттеуге немесе берілген өсімдік пен оның өнімдерінен препараттар дайындауға, құралдағы мағлұматтарға көніл қойып мәнін түсінуте көмектеседі. Студентгер микроскоппен жұмыс істегенде міндетті түрде препараттың көрінісін салуы қажет. Ол үшін оның лабораториялық және практикалык жұмыстарға арналған дәптері, арнайы альбомы, жұмсақ қара және түрлі-түсті қарындаштары болуы керек. Құралдағыдай сурет атауларын, оның кұрылымдарының аттарын жандарына жазып көрсеткіш сызықтарды құрылымдарға қарай бағыттаған орынды. Ол студенттердің жасуша құрылымдарын, органоидтарын жадында берік сақтап қалуға жәрдемдеседі. Әр суреттің аты, препарат алынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлері, препаратты өндеу тәсілі және сурет қаншалықты ұлғайтылғандығы жазылғаны жөн.

...

Скачать:   txt (201.4 Kb)   pdf (846.6 Kb)   docx (292.3 Kb)  
Продолжить читать еще 51 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club