Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жас кезеңдері

Автор:   •  Ноябрь 15, 2018  •  Доклад  •  1,260 Слов (6 Страниц)  •  2,552 Просмотры

Страница 1 из 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ[pic 1]

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Жас кезеңдері

Орындаған: Иса Мәлика

5В060700-биология

2-курс

Тексерген: проф. Бабашев А. М.


Жоспар

  1. Жас ерекшеліктеріне сәйкес кезеңге бөлу мәселесі
  2. Кезеңге бөлудің принциптері
  3. Жас кезеңдері теориялары
  1. Выготскийдің кезеңдеуі
  2. Эльконин периодизациясы
  3. Эрик Эриксон теориясы
  4. КСРО ПҒА классификациясы (1965)
  5. Биологиялық жас
  1. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жас ерекшеліктеріне байланысты кезеңге бөлу мәселесі

Жас ерекшеліктеріне байланысты кезеңге бөлу  адамның жасына сәйкес даму заңдылықтарына байланысты өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерде өмірін кезеңдерге бөлу. Адамның жас кезеңдерінің мазмұны белгілі физикалық, психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдермен белгіленеді. Бұлар арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Осы жағдайларға сәйкес жас кезеңдері шегінің адам өмірінде заңды мәні бар (кәмелеттік жас, қылмыстық жауапкершілік артылатын жас, зейнет жасы, т.б.). Мәселен, жас мөлшерінің деңгейі, басында әрекет, ойын, оқу, еңбек т.б. түріне байланысты келесі теориялар бар:

Эльконинның концепциясы

Лев Семенович Выготскийдің бөлуі

Эрик Эриксонның психологиялық-әлеуметтік даму теориясы

Жас бір уақытта абсолюттік, сандық ұғым (хронологиялқ жас, туғаннан немесе ұрықтанғаннан басталатын өмірі) және физикалық, психологиялық даму процесіндегі кезең ұғымы (шартты жас) ретінде белгілі. Шартты жас даму деңгейімен анықталады және қабылданған периодизация (кезеңге бөлу) жүйесіне, даму кезеңдерін шектеу принциптеріне тәуелді.

Адам өмірін жас кезеңдеріне бөлу принциптері уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Ол мәдени тәуелді және жас шектеулерін бекіту жолдарымен анықталады. И. С. Конның айтуы бойынша, жас кезеңдерінің құрамын түсіну үшін адам жасын ғылыми түрде сипаттайтын негізгі санақ жүйелерін шектеу керек. Және бұл жүйеге қатысы жоқ жас кезеңдері ешқандай мәнге ие бола алмайтын болу керек.

Алғашқы санақ жүйесі жеке даму (онтогенез) болып табылады. Ол «даму кезеңдері», «өмір жасы» секілді өлшем бірліктерін енгізеді және жас қасиеттерінің ерекшеліктеріне негізделеді.

Екінші санақ жүйесі – бұл жасқа байланысты әлеуметтік процестер және қоғамның әлеуметтік құрылысы. Бұл жүйе «жас топтары», «ұрпақ» деген өлшем бірліктерін енгізеді, оған берілетін зерттеу бағыттарының бірі болып когорттық айырмашылықтар есептеледі.

3-жүйе – бұл мәдениеттегі жас туралы көзқарастар: әлеуметтік-экономикалық және этникалық топ өкілдерінің жас өзгерістері мен қасиеттерін қалай қабылдайтындығы.(1)


2. Кезеңге бөлу принциптері

Выготский периодизацияның 3 тобын бөліп көрсеткен (салыстырмалы түрде балалық шақ пен жасөспірім кезеңдер): сыртқы критерий бойынша, бала дамуының бір және бірнеше белгілері бойынша.

Кезеңге бөлудің бірінші тобы адамның физикалық және психикалық дамуына байланыссыз, сыртқы критерийлерге негізделеді. Мысалы, «Онтогенез филогенезді қайталайды» деген принциптен адам өмірінің әр кезеңін биологиялық эволюция мен адамзаттың тарихи дамуына сәйкестендіріп қарастыратын периодтау тәсілі шықты. Осы күнге дейін «мектепке дейінгі кезең», «кіші мектеп жасы» және т.с.с. ұғымдарды пайдаланатын тәрбие және білім беру жүйесінің периодизациясы сақталып келеді. Білім беру жүйесі баланың психологиялық дамуын есепке ала отырып құрылғандықтан, бұндай кезеңге бөлу тәсілі қосалқы түрде бала дамуындағы өзгермелі шақтармен байланысты.

...

Скачать:   txt (16.5 Kb)   pdf (302.1 Kb)   docx (317.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club