Жануар жасушаларын гибридизациялау тарихы
Автор: Zhansazi • Октябрь 7, 2022 • Контрольная работа • 1,161 Слов (5 Страниц) • 262 Просмотры
№5 дәріс тезисі
ЖАНУАРЛАР ЖАСУШАСЫН БУДАНДАСТЫРУ МЕХАНИЗМІ
Дәріс жоспары:
1 Жануарлар жасушасын будандастыру механизмін оқу.
2 Будандастыру үрдісіне әсер ететін негізгі факторлар.
Жануар жасушаларын гибридизациялау тарихы
Соматикалық жасушалардың бір-бірімен қосылуы жайлы ұсыныс ХIX ғасырдың басында көп ядролы жасушалардың ашылуына байланысты айтылған болатын. Поликариондардың ашылуы Шлейденнің көзқарасының қате екенін растады, ол ата-анасы жасушасының цитоплазматикалық мембраналарының ішінде көпіршік ретінде жаңа жасушалар пайда болады деп санаған. Бұл көзқарасқа қосылған Рудольф Вирхов 1851 ж. ядролар жаңа жасушалардың эндогенді ұрықтары болып табылатын, көп ядролы ісік жасушасының суретін салды. Содан басқа, жасуша теориясымен күресте поликариондардың ашылуы отқа май құйғандай болды. Оның қарсылыстары гипотеза ұсынды, оған сәйкес организм үзіліссіз цитоплазмасы бар, біртұтас ұлпа массасы болып табылады, ал поликариондардың болуын осы гипотезаның бекітімі ретінде қарастырды. Уақыт өте жасушалық теория жаңғырды, ал поликариондардың болуын қызық жайттарға жатқыздырды.
Соматикалық жасушалардың гибридтері тек біздің ғасырымыздың 60-шы жылдары ғана ашылған болатын. 1960 жылы Барский қызметтестерімен бірге гибридті жасушалар линияларының бөлінуі туралы мәлімдеме жасады. Гибридті жасушалар ертеректе тышқан саркомасының 1 жасушасынан бөлініп алынған екі линиялардың араластыру жолымен алынған. Бастапқы линиялар хромосома морфологиясы мен саны бойынша, сондай-ақ оларды тышқандарға енгізген кезде ісікті қалыптастыру қабілеті бойынша ажыратылды. Зерттей келе гибридті жасушаларды әр түрлі түрге жататын жануарлар жасушаларын қолдана отырып алуға болатыны анықталды. Будандастыруды индуцирлейтін агент ретінде HVJ инактиверленген вирусы қолданылды, немесе оны Сендай вирусы деп те атайды. Осыдан кейін Сендай вирусын жасушаларды будандастыру эксперименттерінде кең қолдана бастады.
Пролиферацияға қабілетті түраралық гибридті жасушаларды зерттеген кезде екі өте маңызды жаңалық жасалынды:
-гибридтерде екі геномның екеуі де байқалуы мүмкін;
-ұзақ тіршілік ететін түраралық гибридтерде бір түр хромосомалары элиминирлейді.
Жасушалардың будандасуы әр дайым ынталандырып отырылуы қажет емес. In vivo және in vitro жағдайында ол арнайы агенттердің қосылуынсыз да өтуі мүмкін. Осындай текті барлық будандастыруларды спонтанды деп саналатынына қарамастан, олардың кейбіреулері онтогенез үрдісінде жүріп отырады, сәйкесінше, олар эволюционды программмаланған. Жасуша ішінде орналасқан мембраналар жие қосылады да, ал жасушаларды бөліп тұратын мембраналар неге сирек қосылатыны әлі күнге дейін биологияның шешілмеген қиын жұмбақтарының бірі болып табылады. Мысалы, Гольджи аппаратының көпіршіктері өсімдіктерде цитокинез кезінде жасушалық пластинка қалыптастыра бір-бірімен қосылады, эндоплазматикалық ретикулумның мембраналары Гольджи аппаратының элементтерімен қайта синтезделген ақуыздардың тасымалдауы кезінде және т.б.
Бірақ сол уақыта да сау жасушалар табиғи жағдайда бір-бірімен өте сирек будандасады. Ұрықтану үрдісі көңіл аударарлық жағдай болып табылады. Содан басқа, бір ядролы гаплоидты жасушалар қосылып, екі ядролыларды қалыптастырады (дикариондар). Осындай жасушалар екі ядролы қала отырып, митотикалық көбейеді, нәтижесінде бәріне белгілі жемістік денелер қалыптастырады.
Табиғи жағдайда жасушалардың будандасуы сүтқоректілерде де болады. Мысалы, жасушалар қолтық түтікшелерінің қалыптасуы кезінде қосыла алады. XIX ғасырда көлденең-сызықты бұлшықет миофибриллалары ірі созылыңқы көп ядролы жасушаларда – поликариондарда қалыптасатыны көрсетілген. Поликариондар – бір ядролы миобластардың будандасу өнімі. Ісік жасушаларының будандасуы – әдеттегі құбылыс, бұл кезде кейде in vivo ісік жасушалары сау жасушаларымен да будандасады. Жасушаларды спантанды будандастыру бойынша тәжірибелер in vitro –да да жүргізілді. Осындай тәжірибелерді жүргізу кезінде ұлпаларында әр түрлі генотипті жасушалары бар «химерлі» немесе аллофенді деп аталатын тышқан-жануарларды алады.
...