Дәнекер тіндері және олардың түрлері
Автор: aalima • Май 14, 2022 • Реферат • 4,898 Слов (20 Страниц) • 504 Просмотры
№ 4 тәжрибелік сабақ
Тақырып: Дәнекер тіндері және олардың түрлері.
Қанқалық тіндер.
Тәжрибелік сабақтың жоспары:
І Кіріспе.
1. Тақырыптың маңызы
2. Дәнекер тіндеріне жалпы сипаттамасы
ІІ Негізгі бөлім
1.Дәнекер тіндерінің (борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер тіндер, арнайы қасиетті дәнекер тіндер) дамуы, жіктелуі, қызметтері, құрылысы
2. Қанқалық тіндерінің (шеміршек және сүйек тіндері) дамуы, жіктелуі, қызметтері, құрылысы
ІІІ Қорытынды бөлімі
1.Жас ерекшеліктері
2.Регенерациясы (қайта қалпына келуі)
Сабақтың мақсатымен міндеті.
Дәнекер тін өте көп тараған тін болып табылады,организмде бұл құрылым болмайтын ағза жоқ. Дәнекер тіндерінің тобын құрушылар: меншікті дәнекер тіні, арнаулы қасиетке ие дәнекер тіні, қаңқа тіндері (сүйек және шеміршек). Дәнекер тіндері көптеген жасушалардан және құрамында талшықтар мен негізгі аморфты заты бар жақсы дамыған жасушааралық заттан тұрады Дәнекер тіндері көптеген ағзалардың құрамына кіреді.
Шеміршек және сүйек ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды.
Тірек қимыл жүйесі сүйектердің гистологиялық құрылысы медицинада үлкен маңызға ие.
Бұлшықет тіндерінің құрылысы, орындайтын қызметтеріне байланысты созылыңқы көрініске ие, себебі миофибрильдері ұзына бойы орналасқан. Етіні адам организміндегі қозғалыс процестерін жүзеге асырады және механикалық қызметтерді атқарады.
Сабақтың мазмұны.
Дәнекер тінінің, әр түрінің морфофункциональді ерекшеліктерін білу келешек дәрігердің организмнің әртүрлі органдарының тіршілігін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қызметтері: механикалық, тірек, сыртқы пішінді құрау, капсуланың және көптеген органдардың құрамына кіреді. Қорғаныс қызметі – механикалық қорғау жолымен орындалады (фракцияларда, сүйек және шеміршек ұлпаларында), фагоцитоз және иммундық денешіктер түзу арқылы.
Пластикалық қызметі - өмір сүру жағдайларға байланысты адаптация (бейімделу) процесіне белсенді түрде қатысу, регенерация, жарақаттанған жердің жазылуына себепкер болады.
Трофикалық- арнайы аймақтың құрылыстарын қоректендіру, осылармен бірге зат алмасуына қатысу және ішкі ортаның гомеостазын бірқалыпты ұстап тұру.
Меншікті дәнекер тіні
Жіктелуі: Меншікті дәнекер тіні жасуша және жасушааралық заттардың құрылымдары мен дәнекер талшықтарының реттеліп орналасуына байланысты жіктелінеді.
Меншікті дәнекер тіндері : талшықты дәнекер тіні және арнаулы қасиетке ие дәнекер тіні деп.
Талшықты дәнекер тіні екі түрге бөлінеді: борпылдақ және тығыз деп, ал тығыз талшықты дәнекер тіні – қалыптасқан және қалыптаспаған.
Талшықты борпылдақ дәнекер тіні
Бұл тін барлық ағзаларда кездеседі, себебі қан және лимфа тамырлары бойлап орналасуын күзетіп жатады және көптеген ағзалардың стромасын құрайды. Борпылдақ дәнекер тіні жасуша және жасушааралық заттан тұрады.
Борпылдақ талшықты дәнекер тіні (қабыршақты препарат).
1-жасушалар: 1.1 – фибробласт, 1.2 – гистоцит (макрофаг), 1.3- лимфоцит, 1.4 – моноцит, 1.5 –эозинофил, 1.6 – плазмоцит, 1.7 – тін жасушалары, 1.8 – адвентициальды жасуша, 1.9 – адипоцит; 2 – жасушааралық зат: 2.1 – коллаген талшықтары, 2.2 – эластикалық талшықтары, 2.3 – негізгі (аморфты) зат; 3 – қан тамырлары.
...