Вирустардың практикалық маңыздылығы
Автор: ajdarertuganov1 • Октябрь 8, 2022 • Реферат • 1,441 Слов (6 Страниц) • 371 Просмотры
ҚР білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Вирустардың практикалық маңыздылығы
Орындаған:Ертуған А.А.
Тексерген:Динмухамедова А.С.
Астана-2022
Жоспар:
- Кіріспе
- Вирустардың маңызы
- Вирустардың практикалық маңыздылығы
- Туберкулездің ғылыми-практикалық мәселе ретіндегі маңызы.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Вирустардың маңызы
Вирустар адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің көптеген қауіпті ауруларының қоздырғыштары болып табылады. Олар тікелей физикалық байланыс арқылы, ауа-тамшылы, жыныстық және басқа жолдармен беріледі. Вирустарды басқа организмдер де (векторлар) тасымалдауы мүмкін: мысалы, құтыру вирусын иттер, ірі қара мал, жарғанаттар және басқа сүтқоректілер тасымалдайды.
Вирустар қоздыратын өсiмдiктер, жануарлар және адамдар ауруының көбеюiне байланысты вирусология ғылымының маңызы өте зор. Кейбiр жұқпалы ауруларды емдеу, сақтану жағдайлары шешілгенмен, ішінде вирус тарататын iшек аурулары, респираторлы аурулары әлі көп. Бұл аурулар әсiресе жас мал арасында жиi кездеседi. Ол аурулардың қоздырушысын табу да киын. Себебi клиникасы бiрдей ауруды бірнеше вирустар қоздыруы да мүмкін. Тіпті кейбiр жағдайларда, малдың жұқпалы ауруы онша білінбей етеді немесе бір ғана вирус әрбір ауырған малды әр түрлi күйге душар етеді. Сонғы кезге дейiн адамның және малдың жұқпалы ауруларының вирустары әр түрлi деп вирусология ғылымын медицина және малдәрігерлігі вирусологиясына бөлiп келдiк. Ал қазір ондай бөлудің кажетi жок екені белгілі болды. Себебi кейбiр қоздырушылар адамдардан жануарларға және керiсiнше жұғады. Мысал ретiнде адамдардың аденовирус жұқтыратын ауруын айтсақ осы күнде аденовирус жұқтыратын ауру iрi қарада да, шошқада да, қой мен кұста да бар екенi белгiлi болды. Немесе тұмау ауруын алайық. Онымен тек адамдар ғана ауырады деп келгенбіз. Қазiр тұмау ауруымен кұстын да, жануарлардын да ауыратыны белгілі болды. Құстардың тек құс тұмауының вирусын емес, адам тұмауының вирустарын да тарататыны белгiлi болды. Демек, вирустардың кезi табиғатта. Сонғы кезде жұқпалы аурулар тарататын жана бiр топ агенттер ашылды - приондар. Олардын малдәрiгерлiгiне көп қатынасы бар.
Бұл агенттер тарататын приондық аурулар малды көп шығынға ұшыратады (малдын 100 пайызы қырылып қалуы мүмкін). Ірі карада кездесетін кеуекті энцефалопатия, койда - скрейпи осындай ауруларға жатады. Бұл індеттерден сақтандыру үшін ауырған не күдіктенген малдың бәрiн өлтiрiп қана кұтылу мүмкін. Осындай ауруларға қойдың висна маеди ауруы да жатады. Адамдар арасында осыған сәйкес - Крейцвельд - Якоб, жанұялык фатальдық ұйкы қашу, ұмытшақтық, т.б. кездеседі. Вирустардың организмде көпке дейiн сақталуының да себебі бар. Ондай кезде адам ауру екенін білмейді, тек нәжiсi мен дәреті арқылы вирус таратады. Соның бір түрi - адамдарда кездесетiн жел шешек вирусы. Экологиялық факторларды да ескерген жөн. Себебі, табиғаттағы қоңыз тәріздес жәндіктер мен кемірушілер тарататын вирустар да көбейiп келедi. Мұндай аурулар ретінде Африкада кездесетін безгек ауруын, Денге ауруын, жапон энцефалиттерiн айтуға болады. Вирусология ғылымының аса қатерлі ісік ауруларын лейкозды зерттеу үшін де маңызы зор. 1911 жылы американдық ғалым П. Раус тауықтардың аса қатерлі ісік ауруының саркома вирус арқылы жұғатынын дәлелдеді. Содан кейiн онын жерлесі Р.Шоуп коянның кауiпсiз iсiгiнiң (фиброма) қоздырушысы вирус екенiн анықтады. Қатерлі ісік тудыратын вирустар тышқандарда да, бақаларда да, мысықтарда да бар екенi белгiлi болды. Құстарда және iрi қарада жиi кездесетін аса қатерлі қан ауруының (лейкоз) қоздырушысы да вирус екенi белгiлi болды.
...