Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биоценоздың түрлік құрылымы

Автор:   •  Ноябрь 12, 2021  •  Контрольная работа  •  2,347 Слов (10 Страниц)  •  316 Просмотры

Страница 1 из 10

БИОЦЕНОТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

№8 жұмыс. Биоценоздың түрлік құрылымы


Жұмыстың мақсаты:
Биоценоздың түрлік құрылымы есептеу

Түрлік әралуандылыққа баға беру үшін ақбараттық индекстердің бірқатары қолданылады, олардың ішінде ең көп тарағаны мыналар:  

1.    Түрдің әр алуандылығы немесе байлығы:

S – стандартты өлшемдегі ауданды түрдің мөлшері:

d = S/log A или d = S/log N,

мұндағы:    А  –  есептік ауданның ауданы (м2);

                   N  – сипаттамадағы түрлердің жалпы саны.

2.    Доминаттылық концентрациясы (Симпсон индексі).

[pic 1],

Мұндағы:     N – сипаттамадағы барлық түрлер үшін мәннің жалпы жиынтығы;

          ni – әртүрлі түрлер үшін S мәні;

          pi – сол түрлер үшін салыстырмалы мән (ондық бөлігі сияқты).

Симпсон индексі қайтармалы тәуелділіктің алуантүрлілігіне байлансыты.

3.    Таралудың біркелкілігі (Шеннона – Винердің ақпараттық индексі).

[pic 2]

Мұндағы (E) келесі формула бойынша шығарылады:

Е = H’ / log S 

 

1-тапсырма. Төменде үш биоценоздың (есептік ауданның ауданы барлық жағдайда да 20×50 м-ге тең)  түрлік құрамы (S) және салыстырмалы мәнділігі (pi) жайында мәліметтер берілген (Уиттекер, 1980).

Әрбір биоценоз бойынша түрдің әралуандылығы көлемін есептеп (d, S, H') салыстырыңыз.

1.    Субальпілік майқарағайлы орман.

Түтікті өсімдіктердің саны – 7.

Түрдің мәнділігі  (орманның таза біріншілік өнімінен %): 69; 23; 7; 0,62; 0,28; 0,08; 0,02.

2.    Жалпақ жапырақты орман.

Түтікті өсімдіктердің саны – 39.

Түрдің мәнділігі  (орманның таза біріншілік өнімінен %): 34; 21; 15; 13; 6,5; 3,3; 1,5; 1,3; 0,9; 0,5; 0,45; 0,45; 0,4; 0,2; 0,2; 0,2; 0,19; 0,15; 0,1; 0,09; 0,09; 0,09; 0,07; 0,07; 0,055; 0,055; 0,04; 0,03; 0,024; 0,011; 0,009; 0,008; 0,0045; 0,004; 0,0036; 0,002; 0,0016; 0,0013; 0,001.

3.  Жалпақ жапырақты орманның орнитофунасы.

Құстардың саны – 20.

Түрдің мәнділігі  (жұмыртқалайтын құстар жұбының тығыздығынан%): 20; 15; 11; 9; 7,5; 6; 4,5; 4,5; 3,5; 3,5; 3,5; 2,1; 2,1; 2,1; 2,1; 1; 1; 1; 0,3; 0,3.

Үш биоценоздағы түрлердің салыстырмалы мәнділігі сызбанұсқасын салып сараптама жүргізіңіз.  

№9 жұмыс. Популяцияның негізгі қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: Экспоненциалды өсім үлгісін құрастыру 

Міндеті: популяцияның негізгі қасиеттерін оқып үйрену: құрылымы, динамикасы, биотикалық потенциалы.

Негізгі түсініктер мен сандық заңдылықтар:

Әр бір сандық зерттеулер жүргізу барысында ағзалардың санаулылығының дәлдігіне көп көңіл болу керек.

Популяциялардың санаулылығы деп – белгілі бір уақыт аралығындағы популяцияның құрамын құрайтын даралардың жалпы саны.

Егер де ағзалардың мекендейтін шарты мен тіршілік шарты мүмкіндік туғызса тікелей есеп әдісі қолданылады. Зерттеудің бірінші сатысында тәртіп бойынша аэрофототүсірілім арқылы ареалдың шекарасы мен ауданы анықталады. Ареалдың ішінде ауданы бірдей шаршылар бөліп алынып, жынысы мен жасы бойынша (яғни – сұрыптау (n)  жүргізілледі) дарақтардың саны (Xi) саналады.

Популяцияның тығыздығы деп  ([pic 3])- аудан бірлігіндегі дарақтар немесе биомассалар мөлшерін айтады, барлық сұрыптардың арифметикалық орташасы ретінде анықталады (n):

[pic 4]                                                  (1)

Мұндағы: [pic 5] - популяция тығыздығы, Xi – сұрыптау кезіндегі дарақтардың саны, n- сұрыптау мөлшері.

Популяциядағы ағзалардың жалпы саны  (N) ареал ауданындағы популяция тығыздығының туындылары ретінде анықталады:

[pic 6]                                                 (2)

...

Скачать:   txt (26.4 Kb)   pdf (404.7 Kb)   docx (253 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club